Оқымысты
1.44K subscribers
63 photos
1 video
3 files
19 links
қыздарға: https://t.me/+0TzxN-B-YQg3ODRi
кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=r8mjqzvddzjiq
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎙Ғалымға жұбайымен қарым-қатынасында мейірімділік, ал жұбайына ғалыммен қарым-қатынасында сабырлық керек.

пы/сы: сұрақты қойған мен емес)
❤16👍5🔥2💯1
Телефоныңда ғалыммен бірге түскен фотоң сақталмаса да,
Дәптеріңде ғалымның мәжілісінен жазған лекцияң сақталсын.)

#фотоға_түсе_алмағандарға_жұбату
😁33👍16❤7🔥2😢1
📖| "Мұғалімдер", Қабыш Жаркенов
👍14❤5
Әдеби кітап оқу әншейін уақыт өлтіру емес, ертең кітап аударатын немесе жазатын болсаң соны дұрыс, әдемі жазуға, қазақи баламаларын дөп қоюуыңа, ел алдында сабақ беріп, уағыз-насихат қылғанда сауатты естіліп, тыңдаушының жүрегіне ақиқатты жеткізуге себеп болар нағыз уәсилә. (құрал)

Сондықтан исламтанушы әдеби шығарма оқуға селқос қарамауы тиіс. Бәлки ол өзі үшін абзал болмақ.

✏️Ұстаздың сөзінен түйген ой
🔥23👍9❤5
© Інім 🥲
❤32👍12
Әнас ибн Мәликтен (радиаллаһу ъанһу) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу ъалейхи уә сәлам) "Дұға - ғибадаттың мәні" деген.

Яғни - ғибадаттың ең шынайысы дұға. Себебі дұға қылушы пенде Аллаһ Тағалаға дұға еткен кезде барлық нәрсе оның қолында екеніне сенеді. Нағыз таухид пен ықылас деген міне осы!

Шейх Абдулла Сиражуддин (рахимахулла)
❤‍🔥20👍14❤4🕊2
✅Кітап оқудың өзі бір амал ету. Себебі Құранның алғашқы аятының өзі "Оқы".

✅Кітап оқу сені жаңа бір әрекетке апармауы мүмкін, десе де жасап жүрген әрекетіңнің түрі мен сапасын өзгертеді.

✅Кітап оқу бізге сезім жинауға көмектеседі. Ал әрекет көбінесе білімнен емес сезімнен туады.

[подкассттан]

"сен кітап оқып жүрсің ғой, неге тақуа, бай болып кетпейсің?"- деп сұрақ қоятындарға, "амал етпесең абзалы кітап оқымай ақ қой"- дейтін хейтерлерге осы шығарылымда әдемі роддтар бар.)

Өзім де айналама кітап оқуды насихаттап жүрген адам ретінде kitapal подкасттарын үзбей көремін әрі сіздерді де пайда алуға шақырамын! Сәттілік. 🙌
🔥12👍9❤5🕊1
Кітап - бетін ашып жабу үшін емес,
Бәлки, тәлім алу үшін оқылады !

4:34.

[shynaiy oqyrman bol]
❤28🕊5👍1
Алдыңғы жылғы рамазан айында ұстаздарыңыз марқұм Бауыржан Әлиұлы екеуміз "келесі рамазанға жетеміз ба, жетпейміз ба?"- деп , сол туралы әңгімелескен едік. Өкінішке орай ол кісі қазір арамызда жоқ. Сол секілді сіздердің де қаншама туыс, дос, таныстарыңыз бұл қасиетті айға жете алмады. Ал біздің осы айға жетуіміздің өзі үлкен нығмет, ендеше барынша дұрыс пайдаланып, сауаптар еселенетін уақытта көбірек салиқалы амалдар жасап қалыңыздар. Әйтпесе барзақ әлемі "әттең-ай, дүниеге қайта оралғанымда ғой, тек ізгі амал жасап қайтар едім"- деген өкініштерге толы...

(с) Ұстаз Қайрат Құрманбаев
😢29❤10💯3👍2🎉1
Егер адам харам істерді тастамаса, мубахтарды тастауымен Аллаға кемел түрде жақындай алмайды.

Кімде-кім харам істерді жасай жүріп (ғайбат,өтірік,өсек) бірақ мубахтарды тастаумен (ішіп-жеу) Аллаһқа жақындаймын дейтін болса, оның әрекеті - парыздарды орындамай жатып , Аллаға нәпіл амалдармен жақындаймын деушінің мысалындай

📖| لطائف المعارف
❤25👍8😢6💯2
▪️Арабша сөйлей алмау - толиб үшін әлсіздік.

▪️Сабақтан қайтқан соң, алған дәрісті бірден ыстық күйде қайталап тастау керек. Сол кезде есте жақсы сақталады

▪️Басыңа келген кез-келген мусыбаға (қайғыға) жұбанышты кітаптан ізде.

▪️Амал етілмеген ілім - жетім.

▪️Ілім алып, алып келіп бірақ кейін оған лайықсыз күн кешсең нағыз сордың соры сол болмақ.

▪️Әр күніміз ілім машақатынан бос болмасын.

▪️Біз Құран жаттамағанымыз үшін сұралмайтын шығармыз, бірақ жаттаған Құранымыз үшін сұраламыз. Егер біз оны бекітпесек, намаздарымызда қайталамасақ - ертең қияметте бізге ол қалай шапағат етеді?!

▪️Кез келген толибтың сағы сынатын сәті болады - бірақ ол оны сындыру үшін емес, шыңдау, қатайту үшін берілетінін ұмытпау керек.

🖌Қосымша сабақтан беретін ұстаздарымыздың насихатынын (Алла ол кісілерден разы болсын)
👍32❤9🔥6❤‍🔥2
Алладан үміт ететін нәрселерінің ішіндегі ең жоғарысы "ғафу" болмаған адам - Алланы таныған пенделерден емес.

(с) Яхья ибн Муъаз (рахимаһулла)

📖| لطائف المعارف
❤21👍7
▪️Шейх Абдуль Фаттах Әбу Ғудда (рахимаһуллаһ) өзі сабақ оқып жүріп үлкен шейх, ғалымдарды көрсе айтатын болған екен: "Неге маған олар сияқты болмасқа?" -деп. Сендер де сондай болыңдар. Тек оқып тырыссаңдар болғаны қазір көріп жүрген ұстаздарыңнан да асып кете аласыңдар)

▪️Ілім алып жүріп бірақ амалың болмаса, пайдасынан көрі зияны көп адам боласың.

▪️Көп оқы, бірақ ләззатпен оқы.

◾️Білімді итқан етіп алыңдар. Яғни оқып жатқан кітабыңда сен түсінбеген бір сұрақ, не бір мәселе қалмасын.

▪️Ілімді алуын аларсыңдар, бірақ оны қайталасаңдар ғана ғалым боласыңдар.

▪️Толибтың ең үлкен, абзал болған құлшылығы - ілім алу.

#соңғы_ифтардағы_ұстаздың_насихаты

عيدكم مبارك ✨
❤27👍11🔥5
“Хадисті сәнәдімен оңай жаттағың келсе, әр рауи тікелей саған айтып жатқандай жатта”.

[Бір хадис ізденуші ухтидің насихаты]

#хадисжаттау
❤16👍10
Хадис ізденуші
“Хадисті сәнәдімен оңай жаттағың келсе, әр рауи тікелей саған айтып жатқандай жатта”. [Бір хадис ізденуші ухтидің насихаты] #хадисжаттау
Ал әр рауи тікелей саған айтып жатқандай сезіне алу үшін сенде ол рауи туралы аз да болса білім болуы керек. Әйтпесе барлық рауи бірдей көріне береді. Ал сен ол рауидің ерекшелігін білсең сонысымен байланыс жасап басқа рауилерден ажырата аласың. Әбу Һурайраның (رضي الله عنه ) жеткізген хадистері рауиімен ерекше тез жатталады, әрі оңай ұмытып кете алмайсың. Оның себебі - оны адамдар как минимум ең көп хадис риуаят етуші ретінде танитындықтан деп ойлаймын.

#жазбадағыухтименемес
❤12👍8❤‍🔥4💯1
Ғалымдар 🤍
(Алла оларды сақтасын)
❤32👍14❤‍🔥8🔥1
Осы уақытқа дейін алған ілімді қайталауда әртүрлі тәсілдерге жүгініп көрдік. Бірақ ешқайсысы қосымша шархтардан ізденіп, жан-жақты дайындалып, сабақ беру арқылы қайталағанға жетпейді екен...✨
❤35👍9💯6
Ибн Араби былай дейді:
"Біздің Шейхтарымыз айтқан сөздері мен жасаған істері үшін өздерін жауапқа тартатын және оларды дәптерлеріне түртіп қоятын. Егер құптан намазынан кейінгі уақыт жетсе, дәптерлерін әкеліп, есеп жүргізеді, егер истиғфарды қажет ететін іс жасаса истиғфар айтатын, тәубе ету керек болған бір іс орын алса тәубе ететін, егер шүкір ету керек жайт орын алған болса шүкір ететін, сосын барып ұйықтайтын."

📙رسالة المسترشدين
🔖محاسبة الشيوخ لأنفسهم فبل النوم
👍20😢11❤5
ليس لنا عبادة شرعت من عهد آدم إلى الآن ثم تستمر في الْجنة إلا النكاح والإِيمان

حاشية ابن عابدين
❤7😁3🤓3👍1😢1