Оқымысты
1.44K subscribers
63 photos
1 video
3 files
19 links
қыздарға: https://t.me/+0TzxN-B-YQg3ODRi
кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=r8mjqzvddzjiq
Download Telegram
Құран Кәрімнің ең бірінші түскен аяты – оқу туралы болса, ең соңғы түскен аяты – Алладан қорқу туралы.

Демек мұсылманшылықтың басы - оқу, ал соңы - Алладан қорқу, тақуалық деген нәрсеге жеткізу керек!

Ұстаз Бауыржан Әлиұлы

[40 хадистен болған дәрістен]
👍10❤8🔥3
Бірдеңе жазайын деп жатам да, сосын рия ғой дим, сосын тағы бірдеңе жазайын дейін деп жатам да тағы рия ғой дим. Сөйтіп өмір бақи ештеңе жазбай кетем ау 😂

#жиза
😁20❤3👍3
Сен бір базарға барып, оны аралап үш-төрт сағат жүрсең, бірақ ешнәрсе алмастан үйге қайтадан оралсаң, ойланасың ғой "мен не үшін бардым ол жақа?", "еш болмағанда бірнәрсе алып қайтқанымдағой" дейсің ғой?!

Ал сен 4 жыл университет оқығанда сағат емес, жылдарың өтіп кетіп жатырғой, бір пайда алып қалсаңшы..!

____

Мұхиддин Исаұлының сабағынан
👍27🔥5❤3
❤3👍1
@toriquljannat - тың жолдауымен #1айда10кітап челленджін бастадық! 🤓

Алғашқы оқыған кітабым Али әт-Тантауидің (рахимаһуллаһу) "الإمام النووي" атты кітабы 📙

Бет саны: 62. Форматы: pdf.

Жалпы кітаптың тілі өте жеңіл. Имам Науауидің (رحمه الله) өміріне қызыққан әрбір адам үшін ерекше әдебиет. Ал енді ілім талап етушілердің ол туралы бахс жасамауы мәкруһ қой ;))

Кітапта ол 19 жасынан қайтыс болған шағына дейін тұрған Рауахия медресесі, оның оқу жүйесі, әр кітапты қай Шейхпен оқығандығы, қандай әдіспен оқылғандығы барлығы егжей-тегжейлі баяндалған.

Сондай-ақ ғалымның хақты айтуда табандылық танытып "...الدین النصیحة" - деп басталатын хадиске қатты амал ететін байқауға болады. Әртүрлі сұлтандардың шығарған жарғыларына хат жолдап, онда барынша кішіпейілдікпен ісінің дұрыс емес екенін жеткізуі,әрі оның сөзі басшыларға әсер етуінің өзі оның қаншалықты ұлы тұлға екенін көрсетеді. Хаттың түпнұсқасын оқығанда ерекше әсерлендім 🤍

📌Ал фа'идасына келер болсақ, ғалымның өмір жолына көз тастап, оның күніге 12 шейхтан 12 түрлі дәріс алуы, уақытқа өте сараң болуы, намаз бен дәреттен басқа үшін орнынан тұрмауы, ұйқысы келсе тек кітапқа сүйеніп көз ілуі, күніге құптаннан соң 1 рет қана тамақ ішкенін оқып - біз өз өміріміздің қандай ғапылдықта өтіп жатқанын байқаймыз.

Осы жүргенде кей амалдарымызға алданып, оны үлкен көріп жүрген болсақ, ғалымның өмірбаянынан соң оның бәрі "дым емес" екенін түсініп, қазірден де көп кітап оқуға, тақуалықты арттырып, ғылыммен айналысуға өте үлкен мотивация аларыңыз сөзсіз! ☀️

Соңғы "ғалымның қайтыс болуы" тарауында күллі Димашқ пен Науа-ны дүр сілкіндірген қайғы болғанын баяндағанда еріксіз көзіме жас келді. 🥲 Аллаһ Тағала рақымына бөлесін!
❤14👍2
Сырт жақты былай қойғанда университетіміздің өзінде (нму) студенттердің бір-бірімен амандаспауын, амандасса жауап бермеуін жиі кездестіремін(

Имам Науауидің атақты қырық хадисіндегі 36-шы хадисте, мұсылман мұсылманға жақтырмай қарамайтындығы туралы айтылады. Сол хадистің шархында Ибн Хаджар әл-Асқалани былай дейді :

فإن من احتقار المسلم للمسلم: أن لا یسلم علیه إذا مر به، و لا یرد علیه السلام إذا بدأه به

“Қасынан өтіп бара жатса сәлем бермеу әрі ол сәлем беріп бастаса оған жауап бермеу – мұсылманның мұсылманға жақтырмай қарауынан”

اه

#озинкоренды
👍18❤3
2/10 ✅

Кеше оқып бітірген кітабым Имам Науауидің (рахимаһуллаһу) 40 хадисіне жазылған "әмируль му'минин филь хадис" атанып кеткен Ибн Хаджар әл-Асқаланидің шархы 📚

Ескере кететін нәрсе, шарх бұл авторға тиесілі ме жоқ па деген мәселеде ихтиляф бар. Кітапты оқи келе Имам Науауидің өзіне қатысты да, қырық хадиске қатысты да ерекше (ләйсә маьлумән) нәрселерге тап болдым.

Мәселен, 40 хадистің 26 хадисін ең алдымен ибн Салах жинаған, кейін оған Имам Науауи 16 хадис қосып, 42 - ге жеткізеді. Солайша жуықтап адамдар арасында "40 хадис" деп танылып кетеді. Оған Ибн Раджаб әл-Ханбали тағы 8 хадис қосып, "джәмиъуль ъулум уәл хикам" деген шарх жазып шығады. 🖌

Бұған дейін жаттаумен ғана шұғылданып келген болсам , бұл кітап маған хадистердің зоһири (сыртқы) мағынасын ғана емес ішкі, жасырын мағыналарын ашуға үлкен септігін тигізді. Шарх оқу дегенге ғашық болдым прям 💘

Қысқасы, оқып көрің;)

Бұл жолы рецензиямды осылай қысқа қайырайын, әйтпесе ұзын сонар қып бәрін айтып тастай береді екем 🤭😹
🔥11👍3❤2
Осы оқу жылының соңғы, санаулы күндері ⏳

#қимаймыз
❤10👍2
Бұған дейін «хадис фақиһтардан басқаларды адастырады», - деген сөздің парқына аса жете бермейтінмін.

Енді оның мағынасын "шарх маъаниль әсәрді" оқып түсініп жатырмыз 💆‍♀
🔥11❤2👍2🥰2🤩1
"1,2-курста басып оқып ал" демей целый 4 курста да барлық артық нәрсеге запрет қою керек.

Білім кемел болуы үшін...
🔥23👍10❤4🥰2🤩2
Әбу Исхақтан (Алла рақым етсін) мынадай сөз рияуат етілген: «Әбд әл-Қайстан болған адамнан: «Бізге не өсиет айтасыз?» – деп сұралды. Сонда ол: «Сәуфә деген сөзді айтудан сақтаныңдар!» – деді.

Сәуфә – араб тілінде кейін жасалатын етістіктің алдына қойылатын шылау. Бұл дерттен арылудың бір ғана жолы – реалист болу. Яғни, эмоцияға беріліп шешім шығарудың орнына, шынайы түрде шамамыз келетін істерді ғана жоспар ету.

📚Исламдағы уақыт жоспарлау
👍16❤7🔥2🥰1🤩1
3/10 ✅

Бүгін оқыған кітаптар:

✔️"Исламдағы уақыт жоспарлау" - А.Кенжалы. Бет саны:41, Pdf

✔️ أهمية الوقت في حياة المسلم لحامد بن خميس الجنيبي

11 бет. Автор кітапты шағын етіп жазып соңында- уақыттың тарлығы мен екінті намазының жақындағаны себепті кітапты аяқтауға тура келді деп түсіндіреді. Тағы ескерте кететін нәрсе : сілтемеде "صححه الألباني" дегенді көрсек қатты неғымаймыз 😹

📌Алынған инсайттар :

Батыс кітаптарында "уақыт-ақша" деп келсе, исламда біз айтамыз : "уақыт ол - аманат және нығмет" 🍂

Тайм-менеджмент үшін қолсағаттың қажеті жоқ,ол үшін компас қажет. Яғни, сіздің мақсатыңызға бағдар беріп тұратын компас 🔎 Күндік жоспарымыз біздің негізгі мақсатымызға жеткізетін жол болу керек.

Бір уақытта 1 іске фокус қойып кәміл жасау – 2 істі алып қатырмағаннан жақсырақ 🤷‍♀

"Өзіңе пайдалыға ұмтыл" – уақыт жоспарлаудың негізгі қағидаларының бірі 🚀

Шұғылдануға ең лайық істің бірі - ілім алу! 📖

«Түске дейін ұйықтап, қалайша «Уа Алла, менің ризығымды молайта гөр» деп айтуға дәтің барады?»

©Ғалымдарымыз
🔥20❤8👍8🥰1🤩1
Кейбіріміз "ілім аламыз бірақ амал етпейміз ғой" - деп амал етуді қиын санап өзімізді ақтап алып жатамыз. Одан көрі ақпарат жинаушы екенімді мойындай салайын деген сияқты

Имам Науауи өзінің "Әзкәр" кітабында былай дейді:

«Ізгі амал турасында бір хабар жеткен адамға, оны тіпті бір рет болса да жасауы міндет болады - оның әһлінен болу үшін...»

Ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ та адам миында жаңа нейрон түзелу үшін жаңа істі жасап көру қажет. Сонда оның жолы салынып, келесі мәрте жасау аса қиынға соқпайды.

Фиқһтан намаздағы таспихтардың саны кем дегенде 3, орташасы 5, көбі 7 не 9 екенін оқыдың ба? Ендеше үшпен шектелмей ұзағырақ таспих айтып оқып көр.

Хадистен "кәлимәтәни һафифәтәни ъалал лисәни.." деген хадисті жаттадың ба? Ендеше күнделікті "субханалЛаһи уа бихамдиһи субһаналЛаһиль азыим" - деуді тастама.

Ақидадан "Аллаһ Тағаланың ілім сипаты бар. Ол тіпті сахарадағы құмның, жерге түскен әрбір жаңбырдың тамшысының, күллі ағаштардың жапырағының санына дейін біледі", - деген түсіндірмені оқыдың ба? Ендеше оқыс бір әрекет жасайын деп жатқанда, дереу осыны есіңе түсіруге дағдылан.

Пайғамбарымыздың (саллалаһу ъалейхи уә сәләм) хадисінде де біздің бар білгенімізді жасауымыз керек екендігі емес, бәлки шамамыз келгенінше жасауға тырысуымыз қажет екендігі айтылады

Алдымен оқып алайын, кейін амал етем деген өтірік әңгіме

#сылтауратпай #амалғакөшейік
👍17❤13🔥5😢2
Таң кірместен білім үшін оянғандар бақыттылар ☀️
❤22😁7👍1
Естігеніңді айтпа,
Оқығаныңды айт.

©Ұстаз
👍21❤1
📚 Әке
❤21👍1
Фаджрдан соң ойда жоқта "Әке" кітабын бастап қалай 100 бетін оқып тастағанымды байқамай қалдым. (негізі бұл бағытта кітап оқуға онша жоқпын)

Анам : әдеби кітаптың қызық болатыны сондай, сериал дегендерді жолда қалдырады, - деуші еді . Рас екен💆‍♀️
👍28❤2
Қаржаубай Омарұлы "Әке" 📚

Бұл еріксіз көзге жас үйірген кітаптардың бірі. Әкені баладан, баланы бақытты балалық шағынан айырған сұм соғыстың салдарын жазушы асқан шеберлікпен суреттейді.

Сондай сындарлы жылдардағы оқиға болса да, оқырманды күлкіге қарық қылатын жерлері аз емес.)

Тағы бір ерекшелігі - батырлық, намысшылдық, әкеге берген уәдеге беріктік, бір сөзділік, әйтеуір ірі мінезді болуға тәрбиелейді.

Осындай шығармаларды оқыған әрбір бала - ешқашан әлжуаз болмайды. Әрі заманымызда шығып жатырған лгбт дегендер шаңына да жоламайтынына нық сенімдімін. 😄 Бәлки қиындықпен келген бейбітшілікті бекем сақтауға тырысатын, ұлттың қамын ойлар жастарды тәрбиелеуге зор үлес қосатын әңгіме екені сөзсіз!

Бір сөзбен айтқанда оқығанды бейжай қалдырмайтын, көп нәрсенің қадіріне жетуге үйрететін кітап.
Әсіресе ата-ананың... 💔
👍7❤1
Оқымысты
Қаржаубай Омарұлы "Әке" 📚 Бұл еріксіз көзге жас үйірген кітаптардың бірі. Әкені баладан, баланы бақытты балалық шағынан айырған сұм соғыстың салдарын жазушы асқан шеберлікпен суреттейді. Сондай сындарлы жылдардағы оқиға болса да, оқырманды күлкіге қарық…
Айтпақшы соғыс жылдары болса да, өздері қара жұмыс жасап жүрсе де, білім алуға деген көзінде оты сөнбеген, қолы қалт етсе сабағына дайындалып, қалайда озаттардың қаратынан түспеуім қажет деп тырысып жүрген балалардың әрекетін оқығанда - бейбіт заманда, бәрі қолжетімді кезде сабақ оқуға ерініп жүргеніңе жерге кіріп кетердей боласың 🥲👍
👍7