⚡️Астанада WorldSkills Shanghai 2026 жүлдегерлері мен қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды🏆Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 кәсіби шеберлік бойынша әлем чемпионатынан сегіз марапатпен оралды. Әуежайда қатысушыларды туған-туыстары, достары, тәлімгерлері және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қарсы алды.
✍🏻Жұмысшы мамандықтарын дамыту және білікті кадрлар даярлау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше назарында. Президенттің бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Студенттердің жетістіктері кәсіби білім беруді мемлекет тарапынан жүйелі қолдаудың маңызын көрсетеді.
🥉Руслан Нестеренко әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілген «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша қола медаль иеленді.
🏅Кәсіби шеберлігі үшін медальдарды Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн»), сондай-ақ Рамазан Нұрлан мен Денис Панин («Мехатроника») иеленді. Камила Алиева «Цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігі бойынша «Best of Nation» марапатына ие болды.
👏Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қатысушыларға министр Жұлдыз Сүлейменованың атынан алғыс хаттар табыстап, табысты өнер көрсетуімен құттықтауын жеткізді.
🎉48-ші әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты. Құрама мүшелері мен олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз!_____________________📱instagram📱facebook📱tiktok📱website