🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
📑 ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Егемен Қазақстан» басылымында жарық көрген «Сапалы білім – қоғам дамуының басты тірегі» атты мақаласында білім беру саласындағы негізгі басымдықтар, қол жеткізілген нақты нәтижелер мен алға қойылған міндеттер кеңінен баяндалады

📨 Министр мақалада Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде мектеп инфрақұрылымын инновациялық трансформациялау, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту, білім сапасы мен кадрлық әлеуетті арттыру бағытында қабылданған стратегиялық маңызы бар шешімдерге тоқталды.

📚 Министр мемлекет тарапынан талантты оқушыларға көрсетілетін қолдау шаралары және Мемлекет басшысының ұстаз мәртебесін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі іс-шаралар, оқу процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу бағытындағы бастамаларды да атап көрсетті.

📎 Мақаланы толығырақ сілтемеден оқи аласыздар.
https://egemen.kz/article/401949-sapaly-bilim-qoghamdy-algha-dgeteleydi
👍5❤3
👏🏻 Халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші қазақстандық оқушы жоғары нәтиже көрсетті

✅ 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық 1657 оқушы 36 халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми байқауларға қатысып, 922 медаль жеңіп алды. Қатысушылардың 60 пайызы жүлделі орын иеленіп, әрбір екінші оқушы халықаралық жарыстардан жүлдемен оралды. Жалпы нәтиже бойынша 177 алтын, 329 күміс және 416 қола медаль биылғы жылдың жеңіс қоржынын толықтырды.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

👏🏻 Каждый второй казахстанский школьник, принявший участие в международных соревнованиях вернулся с призовым местом

✅ По итогам 2025 года 1 657 казахстанских школьников приняли участие в 36 международных предметных олимпиадах и научных конкурсах, завоевав 922 медали. 60 процентов участников стали призёрами, то есть каждый второй школьник вернулся с международных соревнований с наградой. В общий зачёт этого года вошли 177 золотых, 329 серебряных и 416 бронзовых медалей.

➡️ Подробнее на сайте gov.kz
👍6❤4🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📚ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Qazaqstan ұлттық арнасының "Бас тақырып" бағдарламасындағы сұқбатында оқушыларға фундаментальді пәндер бойынша білім берудің маңыздылығын, пәндерді біріктіріп оқытудың не үшін тоқтатылғаны және жалпы білім беру стандартын қайта қарау жөніндегі шешімі туралы айтты
❤7👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💠 Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әлеуметтік саланы, оның ішінде білім беру ұйымдарының қызметін цифрландыру жүргізілуде. "Бас тақырып" бағдарламасына берген сұқбатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова саладағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету арқылы білім сапасын көтеруге қол жеткізуге болатынын айтты
❤6👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✴️ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқу процесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобының құрылғанын мәлімдеді. Министр бұл процестегі маңызды шешімдерді қабылдауда IT мамандар мен сарапшылардың пікірлері ескерілетінін айтты
❤7👍3