🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
📢 Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

🟢 ҚР Оқу-ағарту министрлігінде жаңартылған құрамдағы Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға сала министрі Жұлдыз Сүлейменова, педагогикалық қауымдастық өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, білім беру және әлеуметтік саясат саласындағы тәуелсіз сарапшылар қатысты.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

📢 Состоялось первое заседание Общественного совета по вопросам образования и защиты прав детей


🟢 Первое заседание Общественного совета по вопросам образования и защиты прав детей состоялось в новом составе. В его работе приняла участие министр просвещения РК Жулдыз Сулейменова, представители педагогического сообщества, общественных организаций, а также эксперты в сфере образования и социальной политики.

➡️ Подробнее на сайте gov.kz
❤6👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📢 Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿

📢 Состоялось первое заседание Общественного совета по вопросам образования и защиты прав детей
👍8❤1
⚖️ Білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы басталды

💡 Қазақстанда 8 қаңтардан бастап «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде. Оған еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысуда.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

⚖️ В организациях образования стартовал месячник правовой грамотности «Закон и порядок»


💡 С 8 января в Казахстане в рамках единой программы воспитания «Адал азамат» проводится месячник правовой грамотности «Закон и порядок». В нем принимают участие учащиеся всех организаций образования страны, а также студенты колледжей.

➡️ Подробнее на сайте gov.kz
👍6❤3
🎊 Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

📚 Алматыда 10-15 қаңтар аралығында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаз оқушыларды марапаттады.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

🎊 В Алматы завершилась XXII Международная Жаутыковская олимпиада


📚 С 10 по 15 января в Алматы прошла XXII Международная Жаутыковская олимпиада по математике, физике и информатике. В церемонии награждения победителей приняла участие министр просвещения Республики Казахстан Жулдыз Сулейменова.

➡️ Подробнее на сайте gov.kz
❤6👍6
♻️ Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды

ℹ️ Мемлекет және қоғам дамуында айшықты рөлі бар Абай ұлттық мектебі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Білімнің қасиетті қарашаңырағы Алматы қаласындағы әсем, заманауи жаңа ғимаратқа көшірілді.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

♻️ В истории Абай ұлттық мектебі начался новый этап


ℹ️ Абай ұлттық мектебі, имеющая особое значение для развития образования и общества, начала новый этап своей истории. Учебное заведение переехало в современное здание в городе Алматы.

➡️ Подробнее на сайте gov.kz
👍15❤7
​​✅ Жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді

🏫 Елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы Алматы қаласындағы жеке мектептердің құрылтайшылары мен директорларының қатысуымен өткен кездесуде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Бұдан былай елімізде жеке мектептер тек нақты қажеттілік туындап отырған өңірлерде ғана ашылады. Лицензия тек үшауысымды мектептерді, апатты жағдайда тұрған білім ордаларын алмастыру мақсатында мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге ғана беріледі.

🧩 Сонымен қатар, жеке мектептер құрылтайшыларының жауапкершілігі де заң аясында жетілдіріледі. Олар мектептердегі білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады. Қазіргі таңда құрылтайшылардың ғана емес, мектеп директорларын тағайындау тәртібін де өзгерту жоспарланып отыр. Енді мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар таңдамайды. Шешім қабылдау кезінде салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріледі.

📲 Қазіргі таңда еліміздегі 785 жеке мектептің құжаттары цифрландырылды, жалпы лицензиясы бар 890 жеке мектеп бар. Үкімет жаңадан ашылатын жеке мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру ісіне мораторий жариялауды жоспарлауда.
❤6👍5
​​✅ Требования к частным школам будут усилены

🏫 В Казахстане изменяются требования к деятельности частных школ. Об этом сообщила министр просвещения РК Жулдыз Сулейменова на встрече с учредителями и директорами частных школ города Алматы. В дальнейшем частные школы будут открываться только в регионах, где существует реальная потребность. Лицензии будут выдаваться исключительно в случаях, когда необходимо заменить трехсменные школы и школы, находящиеся в аварийном состоянии, а также в регионах с дефицитом государственных школ.

🧩 Одновременно в рамках законодательства будут усилены требования к учредителям частных школ. Они будут отвечать за качество образования, уровень квалификации педагогов и обеспечение безопасности учащихся. Также планируется изменить порядок назначения директоров школ. В дальнейшем решения о назначении будут приниматься с учетом согласования с отраслевым министерством и местными исполнительными органами, а не только по усмотрению учредителей.

📲 На сегодняшний день оцифрованы документы 785 частных школ. Всего в стране действует 890 частных школ, имеющих лицензию. Правительство планирует ввести мораторий на размещение государственного заказа в вновь открываемых частных школах.
👍8❤3
🎒«Олимпиада жеңімпаздарының құпиясы» айдарының бүгінгі кейіпкері – астаналық оқушы Максим Цой. Ол – информатика пәнінен республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.

🌞 Биыл Максим Цой Боливияның Сукре қаласында өткен әлемдік деңгейдегі ең беделді білім додаларының бірі – IOI халықаралық олимпиадасында күміс медаль иеленді. Ауқымды додадан Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медальмен оралды.

🎨 Жас дарынның табанды еңбегі мен айрықша жетістігі елеусіз қалған жоқ. Тамыз айында Максим Цой Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ақордада өткен арнайы қабылдауына қатысып, халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатқан 27 үздік оқушының қатарынан көрінді. Күміс жүлдесі үшін оған 1000 АЕК көлемінде бірреттік ақшалай сыйақы табысталды.
👍7❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎒 Герой сегодняшней рубрики «Секрет успеха олимпиадников» - столичный школьник Максим Цой. Он является многократным призёром республиканских и международных олимпиад по информатике.

🌞 В этом году Максим Цой завоевал серебряную медаль на одной из самых престижных международных интеллектуальных олимпиад мирового уровня – Международной олимпиаде по информатике IOI, которая прошла в городе Сукре в Боливии. По итогам соревнований сборная Казахстана вернулась с тремя серебряными и одной бронзовой медалью.

🎨 Высокие достижения Максима получили широкое признание. В августе он был приглашён на встречу с Главой государства Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым в Акорде, и вошёл в число 27 лучших учащихся, прославивших страну на международном уровне. За завоёванную серебряную медаль ему была вручена единовременная денежная выплата в размере 1000 МРП.
❤15👍5🎉2
🇰🇿 Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті
❤3👍3👏2