🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚜️ Мұғалім мәртебесі - ел мерейі: Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

🧑‍🏫
Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің қорытындылары жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары арқасында Қазақстан мұғалімдердің жалақыға қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді. 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

⚜️ Статус учителя - престиж страны: Казахстан вошел в число мировых лидеров по условиям труда педагогов

👩‍🏫
На расширенном заседании коллегии Министерства просвещения РК были представлены итоги международного исследования TALIS-2024. Благодаря реформам Главы государства Касым-Жомарта Токаева Казахстан вошел в пятерку стран мира по уровню удовлетворенности учителей заработной платой. Если в 2018 году этот показатель составлял всего 39%, то в 2024 году достиг 71%.

➡️ Подробнее на gov.kz
❤7👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📚 Білім және бала құқығы: алқа отырысының негізгі қорытындылары

🏛 Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан білім беру реформалары мен бала құқықтарын қорғау шаралары талқыланды.

«Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған бірыңғай тұжырымдамасы қауіпсіздік, инклюзивті білім және психологиялық қолдау бағыттарын біріктіріп, балалардың құқықтарын жүйелі қорғауға негіз қалайды.

🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿

📚 Образование и права ребенка: основные итоги заседания коллегии

🏛 На расширенном заседании коллегии Министерства просвещения были рассмотрены реформы в сфере образования и меры по защите прав ребенка, реализуемые при поддержке Главы государства Касым-Жомарта Токаева.

Единая концепция «Дети Казахстана» на 2026–2030 годы объединяет направления обеспечения безопасности, развития инклюзивного образования и психологической поддержки, формируя системную основу защиты прав детей.
❤11👍4
⚖️ «Адал азамат» - заманауи тәрбие мен сапалы білімнің негізі

📑 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Бұл бастама жас ұрпақтың санасына отаншылдық, бірлік, әділдік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық және жасампаздық сияқты іргелі құндылықтарды сіңіруді көздейді.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

⚖️ «Адал азамат» - основа современного воспитания и качественного образования

📑 В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева во всех организациях образования страны активно реализуется единая программа воспитания «Адал азамат». Инициатива направлена на формирование у подрастающего поколения таких базовых ценностей, как патриотизм, единство, справедливость, закон и порядок, трудолюбие и созидательность.

➡️ Подробнее на gov.kz
❤4👍3
💻 Білім берудің цифрлық трансформациясы

🤖 Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, Қазақстанның білім беру жүйесін инновациялық және икемді модельге көшіру міндетін қойды.

🌏 Бұл стратегиялық қадам цифрлық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті, жаһандық цифрлық кеңістіктің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алатын жаңа ұрпақты қалыптастыруға бағытталған.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

💻 Цифровая трансформация образования

🤖 Глава государства объявил 2026 год Годом цифровизации и искусственного интеллекта, поставив задачу перехода системы образования Казахстана к инновационной и гибкой модели.

🌏 Этот стратегический шаг направлен на формирование поколения, способного эффективно использовать возможности глобального цифрового пространства и быть конкурентоспособным в условиях цифровой экономики.


➡️ Подробнее на gov.kz
🔥3❤2👍1
🏭 Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық стандарттар негізінде жаңғыртуда

⚙️ Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жоғары технологиялық экономиканы дамытудың шешуші құралына айналды.

🤖 Жаһандық трендтерге сәйкес, оқыту үдерісіне автоматтандыру, роботтандыру және жасанды интеллект сияқты цифрлық дағдылар терең интеграциялануда.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

🏭 Казахстан модернизирует систему технического и профессионального образования на основе международных стандартов

⚙️ Сегодня техническое и профессиональное образование становится ключевым инструментом развития высокотехнологичной экономики.

🌏 В соответствии с глобальными трендами в образовательный процесс глубоко интегрируются цифровые навыки, включая автоматизацию, роботизацию и ИИ.

➡️ Подробнее на gov.kz
❤5👍3🔥2
🚀 Алматыда «BilimHack Almaty–2026» студенттік хакатоны өтті

💻 Алматы қаласында колледж студенттері арасында «BilimHack Almaty–2026» қалалық хакатоны өтті. Ауқымды іс-шараға 72 команда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 200-ден астам студент қатысты.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
➖➖➖

🚀 В Алматы прошел студенческий хакатон «BilimHack Almaty-2026»

💻 В Алматы состоялся городской хакатон «BilimHack Almaty-2026» среди студентов колледжей. В масштабном мероприятии приняли участие 72 команды и более 200 студентов организаций технического и профессионального образования.

➡️ Подробнее на gov.kz
👍6❤4