🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️Жұлдыз Сүлейменова БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілдерімен кездесті

🇰🇿🇺🇳Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанның БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын орындау жөніндегі бесінші және алтыншы біріктірілген мерзімдік баяндамаларын қарау қарсаңында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілдерімен кездесті.

💬Кездесуде БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетімен өтетін алдағы диалогтың негізгі мәселелері талқыланды. БҰҰ өкілдері ұлттық баяндаманы қарау рәсімінің ерекшеліктеріне тоқталып, отырыс барысында ақпарат ұсыну және делегацияның жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдарымен бөлісті.

📌Тараптар балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен Комитет мүшелері тарапынан көтерілуі мүмкін практикалық кейстерді жеке қарастырды. Сондай-ақ Қазақстанның ұстанымын таныстыру және ықтимал сұрақтарға мазмұнды жауап беру тәсілдері талқыланды.

🤝Кездесу алдағы диалогтың негізгі мәселелері бойынша ұстанымдарды пысықтауға және Женевада өтетін БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің отырысы қарсаңында мемлекеттік делегацияның дайындығын нақтылауға мүмкіндік берді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жұлдыз Сүлейменова встретилась с представителями УВКПЧ ООН

🇰🇿🇺🇳Министр просвещения Республики Казахстан Жұлдыз Сүлейменова провела встречу с представителями Управления Верховного комиссара ООН по правам человека в преддверии рассмотрения объединенных пятого и шестого периодических докладов Казахстана о выполнении Конвенции ООН о правах ребенка.

💬В центре обсуждения были вопросы предстоящего диалога с Комитетом ООН по правам ребенка. Представители УВКПЧ ООН рассказали об особенностях процедуры рассмотрения национального доклада и поделились практическими рекомендациями по представлению информации и работе делегации в ходе заседания.

📌Отдельно стороны рассмотрели актуальные вопросы в сфере защиты прав детей, а также практические кейсы, которые могут быть затронуты членами Комитета. Обсуждены подходы к представлению позиции Казахстана и содержательным ответам на возможные вопросы.

🤝Встреча позволила сверить подходы по ключевым вопросам предстоящего диалога и дополнительно проработать позиции государственной делегации перед заседанием Комитета ООН по правам ребенка в Женеве.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🔥3👍2👏2
⚡️360-тан астам маман жетім балалармен жұмыс істеу бойынша біліктілігін арттырды

🤝Еліміздің 14 өңіріндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 360-тан астам маманы балаларды сүйемелдеудің заманауи технологиялары бойынша оқудан өтті. Жыл соңына дейін бағдарлама аясында еліміздің барлық өңірінен 2 мыңға жуық маманды қамту жоспарланып отыр.

📚Оқыту «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балалармен жұмыс істеудің заманауи технологиялары мен тәсілдері: Қазақстандағы SOS Балалар ауылдарының тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен стратегиялық әріптестік аясында жүзеге асырылуда.

👥Оқытуға педагогтер, тәрбиешілер, психологтер, әлеуметтік педагогтер, әдіскерлер мен ұйым басшылары қатысуда.

📃Бағдарламаға жарақатқа бағдарланған тәсіл, кейс-менеджмент, отбасын қолдаудың экожүйелік моделі және баланың мықты қырларына негізделген әдістер секілді заманауи халықаралық тәжірибелер енгізілген.

🛡Зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балалардың эмоциялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге, сенімді қарым-қатынас орнатуға және кәсіби қабылдаушы отбасылармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға ерекше назар аударылады.

🎯Бағдарламаны іске асыру мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды сүйемелдеу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2
⚡️Более 360 специалистов повысили квалификацию по работе с детьми-сиротами

🤝Более 360 специалистов организаций образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, из 14 регионов прошли обучение по современным технологиям сопровождения детей. До конца года программой планируется охватить около 2 тыс. специалистов со всей страны.

📚Обучение проводится по программе «Современные технологии и подходы в работе с детьми в организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей: опыт SOS Детских деревень Казахстана». Программа реализуется в рамках стратегического партнерства с Министерством просвещения Республики Казахстан.

👥В обучении участвуют педагоги, воспитатели, психологи, социальные педагоги, методисты и руководители организаций.

📃В основу программы вошли современные международные практики: травма-информированный подход, кейс-менеджмент, экосистемная модель поддержки семьи и методы, основанные на сильных сторонах ребенка.

🛡Особое внимание уделяется профилактике насилия, эмоциональному благополучию детей, формированию доверительной коммуникации и эффективному взаимодействию с профессиональными приемными семьями.

🎯Реализация программы позволит повысить профессиональные компетенции специалистов и улучшить качество сопровождения детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
Forwarded from UKIMET
📌 2025 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: мектептерді жаңғырту, педагогтерді қолдау және колледждерді дамыту

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген мектептердің функционалын нығайту, педагогтердің біліктілігін арттыру және әлеуметтік мәртебесін көтеру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Үкімет білім беру инфрақұрылымын жаңғыртып, цифрлық технологияларды енгізіп, балаларды қолдауды кеңейтіп, кәсіптік білім беруді экономика қажеттіліктерімен сабақтастырып келеді.

👶 Үш жылда балабақшаларда 232 мың орын ашылды

Елімізде 12 мыңнан астам мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оларға 1 млн-нан астам бала барады. 2027 жылдың соңына дейін тағы 68 мың орын ашу жоспарлануда. Ваучерлік қаржыландыру пилоттық режимде 20 қала мен 23 ауданды қамтып отыр. Жоба аясында кезекте тұрған балалар саны 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқарды.


🏫 Бес жылда 1 млн-нан астам орынға арналған 1 120 мектеп салынды


460,4 мың оқушы орнына арналған 217 «Келешек мектептері» пайдалануға берілді. 2019 жылдан бері үш ауысымды мектептер саны мен оқушы орындарының болжамды тапшылығы төрт есеге, апатты мектептер саны екі есеге қысқарды. Қазір 59,3 мың орынға арналған тағы 101 мектептің құрылысы жүргізілуде.

🤖 Шағын жинақты мектептерде ЖИ енгізілуде

1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарының мектептерінде пилоттық жоба іске қосылды. Бірінші кезеңде 500 шағын жинақты мектепті қамту көзделген. 2029 жылға дейін бұл технологияларды осындай 2,5 мың мектептің барлығына енгізу жоспарлануда. ЖИ оқушыларға жеке тапсырмалар таңдауға, оқу нәтижелерін талдауға және білімдегі олқылықтарды анықтауға көмектеседі. Бұл ретте мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді.

👩‍🏫 Педагогтерді жүйелі қолдау жалғасуда

2020 жылдан бері педагогтердің жалақысы екі есе өсті, ал 2023 жылғы қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға артты. Сонымен қатар білім беру саласындағы басшылардың кадрлық резерві қалыптастырылуда.

🤝 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мүмкіндіктер кеңеюде

Жүйеде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мың бала тіркелген. Инклюзивті білім беруге қолайлы жағдай мектепке дейінгі ұйымдардың 80%-ында, мектептердің 95%-ында және ТжКБ ұйымдарының 90%-ында жасалған. 540 бейінді ұйым балаларға қолдау көрсетеді.

🛠 Колледждерде кадрлар даярлау экономиканың сұранысына қарай қайта құрылуда

763 колледжде 556 мыңнан астам студент оқиды, ал мемлекеттік тапсырыс 393,3 мың орынға дейін өсті. Үш жыл ішінде дуальды оқытумен қамту 108 мыңнан 138,2 мың студентке дейін ұлғайды. Дайындықты 11,7 мың кәсіпорынмен бірлесіп 552 колледж жүргізеді. Қамту 35%-ға жетті, міндет – оны кем дегенде 40%-ға дейін арттыру.

🟦Білім беруді дамыту балабақша мен мектептен бастап колледжге дейінгі және одан кейінгі еңбек нарығын қоса алғандағы бүкіл кезеңді қамтиды. Негізгі екпіндер – заманауи инфрақұрылым, мықты педагог, цифрлық технологиялар, балалар үшін тең мүмкіндіктер және экономиканың нақты қажеттіліктеріне қарай кадр даярлау.

🔎 Білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы PrimeMinister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыздар.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
Forwarded from UKIMET
📌 Реализация Послания-2025: обновление школ, поддержка педагогов и развитие колледжей

В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данных в Послании «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм», Правительство модернизирует образовательную инфраструктуру, усиливает поддержку педагогов и детей, внедряет цифровые технологии и укрепляет связь профессионального образования с потребностями экономики.

👶 За три года в детских садах создано 232 тыс. мест

В стране работают более 12 тыс. дошкольных организаций, которые посещают свыше 1 млн детей. До конца 2027 года планируется открыть еще 68 тыс. мест. Ваучерное финансирование уже охватывает 20 городов и 23 района, а очередь в рамках пилота сократилась со 160 тыс. до 23 тыс. детей.

🏫 За пять лет построено 1 120 школ более чем на 1 млн мест

Завершено строительство 217 школ «Келешек мектептері» на 460,4 тыс. мест. С 2019 года число трехсменных школ и прогнозный дефицит ученических мест сократились в четыре раза, аварийных школ — вдвое. Сейчас строится еще 101 школа на 59,3 тыс. мест.

🤖 ИИ внедряется в малокомплектных школах

С 1 сентября пилотный проект стартовал в Павлодарской и Кызылординской областях и на первом этапе охватит 500 малокомплектных школ. До 2029 года технологии планируется распространить на все 2,5 тыс. таких школ. ИИ поможет подбирать индивидуальные задания, анализировать результаты и выявлять пробелы в знаниях, расширяя профессиональные возможности учителя.

👩‍🏫 Продолжается системная поддержка педагогов

С 2020 года заработная плата педагогов увеличена вдвое, а с сентября 2023 года зарплата работников дошкольных организаций повышена на 30%. Одновременно развивается кадровый резерв руководителей образования.

🤝 Расширяются возможности для детей с особыми образовательными потребностями

В системе зарегистрировано 237 тыс. детей с особыми образовательными потребностями. Условия для инклюзивного обучения созданы в 80% дошкольных организаций, 95% школ и 90% организаций ТиПО. Поддержку обеспечивают 540 профильных организаций.

🛠 Подготовка кадров в колледжах перестраивается под запросы экономики

В 763 колледжах обучаются более 556 тыс. студентов, а государственный заказ вырос до 393,3 тыс. мест. За три года охват дуальным обучением увеличился со 108 тыс. до 138,2 тыс. студентов. Подготовку ведут 552 колледжа совместно с 11,7 тыс. предприятий. Охват достиг 35%, задача – увеличить его как минимум до 40%.

🟦 Развитие образования охватывает всю траекторию — от детского сада и школы до колледжа и выхода на рынок труда. Основные акценты — современная инфраструктура, сильный педагог, цифровые технологии, равные возможности для детей и подготовка кадров под реальные потребности экономики.

🔎 О ключевых направлениях развития системы образования — в обзоре редакции PrimeMinister.kz.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан БҰҰ Комитетіне балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі реформаларды таныстырды

🇰🇿🇺🇳Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі біріктірілген бесінші және алтыншы мерзімді баяндамалары қаралды.

🤝Қазақстанның ведомствоаралық делегациясын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова басқарды. Делегация құрамына Бас прокуратураның, Сот әкімшілігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері кірді.

💬БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің мүшелерімен диалог барысында делегация балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған негізгі заңнамалық және институционалдық өзгерістер туралы ақпарат берді.

🔔Қазақстанда 7 млн-ға жуық бала тұрады, бұл ел халқының шамамен 34%-ын құрайды. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі жаңа Конституцияда отбасы мен баланы қорғау кепілдіктерінің күшейтілуі болды.

📌Қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларындағы шараларды біріктірген 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

📞Қазақстан тарапы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке қарсы іс-қимыл, психологиялық көмекті және мемлекеттік «111» байланыс орталығын дамыту шараларын таныстырды. Жетім балаларды отбасыларға орналастыру, инклюзивті білім беру, балалар денсаулығын сақтау, балалардың шешім қабылдауға қатысуы және олардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-ы отбасыларда тәрбиеленуде.

«Біз үшін тиімділіктің басты өлшемі – әрбір баланың жағдайының нақты жақсаруы. Қазақстан мазмұнды диалогқа және балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі дамытуға ашық», – деді Жұлдыз Сүлейменова.


✅Қазақстан Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелеріне бейілділігін және Комитет ұсынымдарын ескере отырып, әрбір баланы қорғау кепілдіктерін нығайту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤5🔥1👏1