🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
🌿Оқу-ағарту министрі №109 «Келешек мектебіндегі» сенбілікке қатысты

🤝Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астана қаласындағы №109 «Келешек мектебінде» «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.

🌳Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жауапкершілік қағидаттарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

🌱Сенбілік барысында министр мектеп оқушыларымен және педагогтермен бірге ағаш отырғызып, мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына қатысты.

💬Жұлдыз Сүлейменова оқушылармен әңгімелесіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, тазалықты сақтау, еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ мектеп ұжымымен кездесіп, білім беру және тәрбие мәселелерін талқылады.

💧 «Таза Қазақстан» құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру - экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды негізі. Табиғатты аялау, туған жерге жанашырлық таныту және ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарау күнделікті әрекеттен басталады.

✅Мұндай шаралар оқушылардың еңбекке құрметін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👏3👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌿Министр просвещения приняла участие в субботнике в школе №109 «Келешек мектебі»

🤝Министр просвещения Жұлдыз Сүлейменова приняла участие в субботнике, организованном в школе №109 «Келешек мектебі» города Астаны в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан».

🌳Глава государства Касым-Жомарт Токаев обозначил экологическую культуру и ответственное отношение к окружающей среде в числе важных принципов общественного развития. Формирование этих ценностей у подрастающего поколения является одним из важных направлений воспитательной работы в системе образования.

🌱В ходе субботника министр вместе с учащимися и педагогами высадила деревья и приняла участие в благоустройстве территории школы.

💬Жұлдыз Сүлейменова также пообщалась с учащимися, обсудив вопросы бережного отношения к окружающей среде, поддержания чистоты, трудолюбия и ответственности.

💧Приобщение подрастающего поколения к ценностям «Таза Қазақстан» является важной основой формирования экологической культуры. Бережное отношение к природе, забота о родной земле и ответственность за общее пространство начинаются с повседневных поступков.

✅Такие мероприятия способствуют формированию у школьников уважения к труду и ответственного отношения к окружающей среде.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏6❤5🔥3👍1
⚡️Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатына қатысады

🇰🇿🇨🇳22-27 қыркүйек аралығында Қазақстан құрамасы Қытайдың Шанхай қаласында өтетін WorldSkills Shanghai 2026 әлемдік кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады.

✍🏻Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударып келеді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі - жастардың кәсіби шеберлігін халықаралық деңгейде шыңдап, әлемдік тәжірибемен алмасуына мүмкіндік жасау.

👷‍♂️Қазақстан атынан чемпионатқа 33 жас маман қатысып, 31 құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Олардың қатарында мехатроника, инженерлік графика, CNC технологиялары, бағдарламалық және мобильді қосымшаларды әзірлеу, дәнекерлеу, электроника, мобильді робототехника, электромонтаж, өнеркәсіптік дизайн, аспаздық, автокөліктерді жөндеу, ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелері және басқа да заманауи бағыттар бар.

🌐WorldSkills - жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға және жастардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған халықаралық қозғалыс. Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының ұлттық операторы - Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КеАҚ.

🏆Биылғы әлем чемпионатында 70-тен астам ел мен өңірден 1400-ден астам жас маман 64 құзыреттілік бойынша өз шеберлігін көрсетеді.

🙌Чемпионаттың ашылу салтанаты 22 қыркүйекте өтеді. Негізгі жарыстар 23-26 қыркүйек аралығында Шанхай ұлттық көрме және конгресс орталығында ұйымдастырылып, 27 қыркүйекте жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

🤝Қазақстандық қатысушыларға әлемдік додада сәттілік тілейміз!
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Сборная Казахстана примет участие в мировом чемпионате WorldSkills Shanghai 2026

🇰🇿🇨🇳С 22 по 27 сентября сборная Казахстана примет участие в мировом чемпионате профессионального мастерства WorldSkills Shanghai 2026, который пройдет в Шанхае, Китай.

✍🏻 Глава государства Касым-Жомарт Токаев уделяет особое внимание повышению престижа рабочих профессий и развитию системы технического и профессионального образования. Важной частью системной работы в этом направлении является создание возможностей для молодежи совершенствовать профессиональное мастерство на международном уровне и обмениваться мировым опытом.

👷‍♂️Казахстан на чемпионате представят 33 молодых специалист, которые будут соревноваться по 31 компетенции. Среди них мехатроника, инженерная графика, CNC-технологии, разработка программных и мобильных приложений, сварочные технологии, электроника, мобильная робототехника, электромонтаж, промышленный дизайн, кулинарное дело, ремонт и обслуживание автомобилей, системы беспилотных летательных аппаратов и другие современные направления.

🌐WorldSkills - международное движение, направленное на повышение престижа рабочих профессий, развитие технического и профессионального образования и совершенствование профессиональных навыков молодежи. Национальным оператором движения WorldSkills в Казахстане является НАО «Talap» Министерства просвещения Республики Казахстан.

🏆В этом году на мировом чемпионате более 1400 молодых специалистов из более чем 70 стран и регионов продемонстрируют свое мастерство по 64 компетенциям.

🙌Церемония открытия чемпионата состоится 22 сентября. Основные соревнования пройдут с 23 по 26 сентября в Национальном выставочном и конгресс-центре Шанхая, а 27 сентября состоится награждение победителей и призеров.

🤝Желаем участникам сборной Казахстана успехов на мировом чемпионате!
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏5🔥3❤2👍1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы кезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміз ауқымды өзгерістер дәуіріне қадам басты. Жаңа Конституция Озық Қазақстанды одан әрі дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазірдің өзінде барлық салада ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр.

Жуырда ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімет алдына азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру, қалалық және республикалық маңызы бар жолдардың сапасын ең жоғары деңгейде қамтамасыз ету, сондай-ақ Астана қаласының Урбанистика орталығының тәжірибесін кеңінен тарату мәселелеріне қатысты бірқатар міндет қойды»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Президент тапсырмаларын тиісті бағыттар бойынша орындауға қатысты министрліктердің баяндамаларын тыңдады.

«Президент атап өткендей, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз орындап келеді. Ал қажетті әлеуметтік көмек тек шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана көрсетілетініне назар аудару керек. Министрлер мен әкімдер көрсетілген барлық бағыттар бойынша ауқымды жұмыс жүргізуі тиіс. Азаматтарға көрсетілетін көмектің түрлері туралы кеңінен ақпарат берілуі қажет. Өңірлерде әкімдіктер әлеуметтік жәрдемақы алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі керек»,

— деді Премьер-министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2
Forwarded from UKIMET
Үшінші.

Балаларға арналған қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктер туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады. 1-4 сыныптардағы 1,4 млн оқушы мектеп тамағымен қамтылды, сондай-ақ ол 5-11 сыныптарда оқитын әлеуметтік осал санаттағы 230 мың бала үшін де қарастырылған. Бұл мақсаттарға 2026 жылы 210 млрд теңге қарастырылған. Ашықтықты арттыру үшін тамақтану есебі «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен біріктірілген: автоматтандырылған жүйе әр оқушының тамақтану фактісін, күнін және уақытын тіркейді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, экологиялық тақырып жаратылыстану, география, биология, химия, физика және технология бағдарламаларына біріктірілген. Мектептерде 4 мыңнан астам «Жасыл клуб» бірлестігі жұмыс істейді, оларға 125 мыңнан астам бала барып жүр. ProEko республикалық экологиялық жобалар конкурсына 38,7 мың оқушы қатысты. Осы жылдың соңына дейін білім беру ұйымдарында экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын қабылдау жоспарланып отыр. Оны енгізудің іс жүзіндегі тетігі «Жасыл мектеп» ұлттық моделі болмақ. Қазір модель 85 мектепте сыналуда, болашақта оны 1 мың мектепке дейін кеңінен тараты жоспарлануда.

Үкімет жетекшісі оқу орындарында экологиялық ағарту бойынша жүйелі шаралар жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктеріне бұл жұмысты оқушылар мен студенттер арасында күшейту тапсырылды.

Төртінші.

Президенттің тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу жөніндегі тапсырмасы аясында экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров оны қалыптастыру тәсілдерін таныстырды. Ұлттық стандартты бес тақырыптық бағыттан тұратын жүйе ретінде қалыптастыру ұсынылып отыр, олар – экологиялық ағарту, экологиялық волонтерлік, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуы, оларды көгалдандыру, сондай-ақ табиғи аумақтардың тазалығы. Әрбір бағытты әзірлеуге және енгізуге тиісті мемлекеттік орган жауапты болады, жалпы үйлестіруді Үкімет деңгейінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырыла бастағаннан бері 10 мыңға жуық қоқыс орны жойылған, 7 млн ағаш отырғызылып, 2 мыңнан астам волонтерлік жоба жүзеге асырылған. Экологиялық тәрбие бойынша 560 мыңнан астам сынып сағаттары өткізілген. TazaQazBot арқылы азаматтардан санитарлық жағдай және аумақтарды абаттандыру мәселелері бойынша 57 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Ұсынылған тәсілдерді ескере отырып, Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар, Сауда және интеграция, Мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп әрбір бағыт бойынша бірыңғай талаптар дайындауды тапсырды. Стандартта қарапайым, түсінікті және нақты талаптар болуы керек. Сонымен қатар, министрліктерге «Таза Қазақстан» бренді шеңберінде қоғамда жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді шаралар қабылдау тапсырылды.
❤3👍3
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Президента, данных в выступлении на экоакции «Таза Қазақстан»

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел совещание по реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данных в выступлении в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» 19 сентября т.г.

«Как отметил Глава государства, наша страна вступила в эпоху судьбоносных преобразований. Новая Конституция расширяет возможности дальнейшего развития Прогрессивного Казахстана. Масштабные реформы уже реализуются во всех сферах. 

В недавнем выступлении Касым-Жомарт Кемелевич Токаев поставил перед Правительством ряд задач в области оказания гражданам мер социальной поддержки, формирования высокой экологической культуры, обеспечения самого высокого качества строительства дорог городского и странового значений, масштабирования опыта Центра урбанистики Астаны»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

Руководитель Правительства заслушал подходы министерств по достижению поставленных Президентом задач по курируемым направлениям.  

«По поручению Президента государство неуклонно выполняет свои социальные обязательства. При этом нужно обратить внимание на то, что необходимая социальная помощь выплачивается только действительно нуждающимся гражданам. По всем указанным направлениям министры и акимы должны провести масштабную работу. Нужно широко информировать граждан о видах оказываемой им помощи, в регионах акиматам следует активизировать разъяснительную работу среди получателей социальных выплат»,

— отметил Премьер-министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3
Forwarded from UKIMET
Третье.

О действующих социальных гарантиях для детей доложила министр просвещения Жулдыз Сулейменова. Школьным питанием охвачены порядка 1,4 млн учащихся 1-4 классов, также оно предусмотрено для 230 тыс. детей из социально уязвимых категорий, обучающихся в 5-11 классах. На эти цели в 2026 году заложено 210 млрд теңге. Для повышения прозрачности учет питания интегрирован с системой «Социальный кошелек»: автоматизированная система фиксирует факт, дату и время получения питания каждым учащимся.

По данным Министерства просвещения, экологическая тематика интегрирована в программы по естествознанию, географии, биологии, химии, физике и технологии. В школах действует более 4 тыс. объединений «Жасыл клуб», которыми охвачено свыше 125 тыс. детей. В республиканском конкурсе экологических проектов ProEko приняли участие 38,7 тыс. школьников. Принятие единого стандарта экологического просвещения в организациях образования планируется до конца текущего года. Практическим механизмом внедрения станет национальная модель «Жасыл мектеп». Сейчас модель апробируется в 85 школах, в дальнейшем ее планируется масштабировать до 1 тыс. школ.

Руководитель Правительства подчеркнул важность системных мер по экологическому просвещению в учебных заведениях. Министерствам просвещения, науки и высшего образования поручено усилить эту работу среди школьников и студентов.

Четвертое.

В рамках поручения Президента по разработке Национального стандарта чистоты министр экологии и природных ресурсов Алибек Куантыров представил подходы к его формированию. Национальный стандарт предлагается сформировать как систему из пяти тематических направлений: экологическое просвещение, экологическое волонтерство, чистота и благоустройство населенных пунктов, их озеленение, а также чистота природных территорий. За разработку и внедрение каждого направления будет отвечать соответствующий госорган, общую координацию планируется осуществлять на уровне Правительства.

По данным Министерства экологии и природных ресурсов, с начала реализации «Таза Қазақстан» ликвидировано порядка 10 тыс. свалок, высажено 7 млн деревьев, реализовано более 2 тыс. волонтерских проектов. Проведено свыше 560 тыс. классных часов по экологическому воспитанию. Через TazaQazBot поступило более 57 тыс. обращений граждан по вопросам санитарного состояния и благоустройства территорий.

С учетом представленных подходов Олжас Бектенов поручил министерствам экологии и природных ресурсов, торговли и интеграции, культуры и информации, просвещения, науки и высшего образования совместно с акиматами подготовить единые требования по каждому из направлений. Стандарт должен содержать простые, понятные и измеримые требования. Кроме того, министерствам поручено принять комплексные меры по формированию в обществе высокой экологической культуры в рамках бренда «Таза Қазақстан».
❤4👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мектептерде 2-4-сынып оқушыларының аралық бағалауы өтеді

🗓23-30 қыркүйек аралығында мектептерде 2-4-сынып оқушылары үшін алғашқы аралық бағалау кезеңі өтеді.

📊2026-2027 оқу жылында 2-4-сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі. Бағалаудың бұл екі түрі бір-бірін толықтырады және оқу процесі барысында қатар қолданылады.

📝Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша жүргізіледі. Бағалау форматы пәнге байланысты:

🔺қазақ тілі немесе орыс тілі - диктант және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар. Оқушының мәтінді сауатты жазуы және оның мазмұнын түсінуі бағаланады;

🔺әдебиеттік оқу - шығарма немесе мазмұндама және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар. Мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау және өз ойын жүйелі жеткізу ескеріледі;

🔺математика - бақылау жұмысы. Есептеу дағдыларымен қатар, есептің шартын түсіну, шешу жолын дұрыс таңдау және жауабын негіздей алу бағаланады.

⏱Бір аралық бағалау жұмысының ұзақтығы - 40 минут. Ең жоғары балл: 2-сыныпта - 12, 3-сыныпта - 14, 4-сыныпта - 16 балл.

✏️Формативтік бағалау тоқсан бойы жалғасады. Педагог әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалап, тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарының кемінде 50 пайызын қамтуы тиіс. Нәтиже 1-10 балдық шәкіл бойынша бағаланады.

✍️ Каллиграфия арнайы бағалау мақсаты болмаса, оқушының жазу ерекшелігі балды төмендетуге негіз болмайды.

📌 1-сыныпта балдық бағалау жүргізілмейді.

🎯Бағалаудың негізгі мақсаты - оқушыға тек баға қою емес, оның оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтау, ілгерілеуін бақылау және әрі қарай дамуына бағыт беру. Бағалау баланың алға жылжуына көмектесетін кері байланыс құралы болуы тиіс.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️В школах пройдет промежуточное оценивание учащихся 2-4 классов

🗓С 23 по 30 сентября в школах пройдет первый период промежуточного оценивания учащихся 2-4 классов.

📊В 2026-2027 учебном году во 2-4 классах параллельно применяются формативное и промежуточное оценивание. Они дополняют друг друга и проводятся в течение учебного процесса.

📝Промежуточное оценивание проводится по завершенным разделам учебной программы. Формат зависит от предмета:

🔺казахский или русский язык - диктант и задания по читательской грамотности. Оцениваются грамотность и понимание содержания текста;

🔺литературное чтение - изложение или сочинение и задания по читательской грамотности. Учитываются понимание текста, определение главной мысли и умение выражать собственные мысли;

🔺математика - контрольная работа. Оцениваются вычислительные навыки, понимание задачи, выбор способа решения и умение обосновать ответ.

⏱Продолжительность одной работы - 40 минут. Максимальный балл: 2 класс - 12, 3 класс - 14, 4 класс - 16.

✏️Формативное оценивание продолжается в течение всей четверти. Педагог должен оценивать каждого ученика не менее чем на 30% проведенных уроков, охватывая не менее 50% учебных целей. Результаты оцениваются по 10-балльной шкале.

✍️Почерк не является основанием для снижения балла, если каллиграфия не предусмотрена учебной целью.

📌В 1 классе балльное оценивание не проводится.

🎯Главная задача такого подхода - не просто выставить оценку, а определить, насколько ученик освоил учебный материал, увидеть его прогресс и своевременно определить направления для дальнейшего развития. Оценивание становится инструментом обратной связи, который помогает ребенку двигаться вперед.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍3🔥1👏1