🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️Астанада WorldSkills Shanghai 2026 жүлдегерлері мен қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

🏆Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 кәсіби шеберлік бойынша әлем чемпионатынан сегіз марапатпен оралды. Әуежайда қатысушыларды туған-туыстары, достары, тәлімгерлері және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қарсы алды.

✍🏻Жұмысшы мамандықтарын дамыту және білікті кадрлар даярлау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше назарында. Президенттің бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Студенттердің жетістіктері кәсіби білім беруді мемлекет тарапынан жүйелі қолдаудың маңызын көрсетеді.

🥉Руслан Нестеренко әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілген «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша қола медаль иеленді.

🏅Кәсіби шеберлігі үшін медальдарды Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн»), сондай-ақ Рамазан Нұрлан мен Денис Панин («Мехатроника») иеленді. Камила Алиева «Цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігі бойынша «Best of Nation» марапатына ие болды.

👏Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қатысушыларға министр Жұлдыз Сүлейменованың атынан алғыс хаттар табыстап, табысты өнер көрсетуімен құттықтауын жеткізді.

🎉48-ші әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты. Құрама мүшелері мен олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз!
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3🔥1