🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️Қаладан ауылға - ұстаз еңбегінің жаңа белесі

🌱Қаладан ауылға көшу кейде тек тұрғылықты жерді емес, адамның кәсіби жолын да өзгертеді.

👩‍🏫 Альмира Жунусова Семей қаласында туып-өсіп, еңбек жолын да қалада бастаған. 2020 жылы отбасымен бірге Жаңасемей ауданының Озерки ауылына қоныс аударды. Ал 2021 жылы «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы арқылы ауыл мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

📚Қалада жинаған тәжірибесін ауыл мектебінде жалғастырған педагог үшін бұл таңдау кәсіби дамудың жаңа кезеңіне айналды. Бүгінде оның оқушылары аудандық және облыстық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. 2025 жылдан бастап Альмира Жунусова мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

🏆Оның еңбегі кәсіби жетістіктермен де көрініс тапты. 2025 жылы ол «Абай облысының үздік сынып жетекшісі» атанса, 2026 жылы «Орталық Азияның Үздік педагогі» байқауында І орын иеленді.

🏠Бүгінде ауыл Альмира үшін тек жұмыс орны емес. Мұнда ол еңбек етіп, балаларын тәрбиелеп, мектеп пен ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласып келеді.

🤝Осындай мамандардың еңбегі ауыл мектебінің әлеуетін күшейтіп, балалар үшін сапалы білім мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ал кәсіби өсу мен үлкен нәтижеге жету үшін мекеннің емес, адамның білімі, ізденісі мен еңбекке деген көзқарасы маңызды.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2👏2🔥1
⚡️Из города в село - новый этап профессионального пути педагога

🌱Переезд из города в село порой меняет не только место жительства, но и профессиональный путь человека.

👩‍🏫 Альмира Жунусова родилась и выросла в Семее, там же начала свою трудовую деятельность. В 2020 году вместе с семьей она переехала в село Озерки Жаңасемейского района. А в 2021 году по программе «С дипломом - в село» устроилась учителем математики в сельскую школу.

📚Для педагога, продолжившего применять накопленный в городе опыт уже в сельской школе, этот выбор стал новым этапом профессионального развития. Сегодня ее ученики занимают призовые места на районных и областных олимпиадах и конкурсах. С 2025 года Альмира Жунусова занимает должность заместителя директора школы по воспитательной работе.

🏆Ее труд отмечен и профессиональными достижениями. В 2025 году она стала «Лучшим классным руководителем Абайской области», а в 2026 году заняла I место в конкурсе «Лучший педагог Центральной Азии».

🏠Сегодня село для Альмиры - не просто место работы. Здесь она трудится, воспитывает детей и активно участвует в общественной жизни школы и села.

🤝Труд таких специалистов укрепляет потенциал сельских школ и открывает детям доступ к качественному образованию и новым возможностям. А для профессионального роста и достижения высоких результатов важны не место проживания, а знания человека, его стремление к развитию и отношение к труду.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3🔥2👏1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия  бизнес форумына қатысты
 
🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумында сөз сөйледі. Басқосуға екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысты.

🔹Мемлекет басшысы Қазақстан мен Германия ұзақ жылдар бойы өзара құрмет пен практикалық ықпалдастық негізінде берік байланыстарды жолға қойғанын айтты.

– Қазақстан Германияны уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Біз Германияның экономикалық жетістіктеріне және өнеркәсіп мәдениетіне зор құрметпен қараймыз. Қанша буын алмасса да, «Made in Germany» бренді сапаның, инженерлік кемелдіктің, дәлдік пен жауапкершіліктің символы болып келеді. Германияның экономикасы қуатты елге айналуына оның халықаралық корпорациялары ғана емес, сонымен қатар орта бизнес кәсіпорындары (Mittelstand), білікті кадрлары, ғылыми әлеуеті мен бірегей өндіріс мәдениеті үлес қосты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🔹Президент Германия Қазақстанның Еуропалық одақпен қарым-қатынасында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. ЕО – Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі, ал Германия – еліміздің Еуропамен экономикалық ықпалдастығын өрге сүйрейтін қозғаушы күш іспеттес.
 
– Бүгінде аса маңызды материалдар, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, озық технология бағыттары күн тәртібіміздегі өзекті тақырыптар саналады. Қазақстан мен Германия дәл осы салаларда күш-жігер жұмылдырып, елеулі нәтижеге қол жеткізе алады, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇩🇪Президенты Казахстана и ФРГ приняли участие в казахстанско-германском бизнес-форуме
 
🔹Касым-Жомарт Токаев и Франк-Вальтер Штайнмайер выступили на казахстанско-германском бизнес-форуме, в котором приняли участие представители деловых кругов двух стран.
 
🔹По словам Главы нашего государства, Казахстан и Германия на протяжении многих лет выстраивают прочные отношения, основанные на взаимном уважении и практическом взаимодействии.
 
– Казахстан рассматривает Германию как надежного и давнего стратегического партнера. Мы с большим уважением относимся к экономическим достижениям Германии и ее промышленной культуре. На протяжении поколений бренд «Made in Germany» является символом качества, инженерного совершенства, точности и ответственности. Экономическая мощь Германии сформирована не только ее глобальными корпорациями, но и компаниями среднего бизнеса (Mittelstand), квалифицированными кадрами, научным потенциалом и уникальной производственной культурой, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.

 
🔹Президент отметил особую роль Германии в отношениях Казахстана с Европейским Союзом. По его словам, ЕС является крупнейшим торгово-инвестиционным партнером Казахстана, а Германия – одним из ключевых двигателей экономического взаимодействия страны с Европой.
 
– Критически важные материалы, энергетика, транспорт, сельское хозяйство, цифровизация и передовые технологии сегодня находятся в центре нашей расширенной повестки. Именно в этих сферах Казахстан и Германия могут добиться значительных результатов совместными усилиями, – отметил Глава государства.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектіні енгізу және цифрлық трансформация ұлттық басымдық ретінде айқындалғанына назар аударды

🔹Сондай-ақ елімізде «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру қолға алынғанын айтты. Аталған жоба келешекте ірі есептеу қуаты бар хабқа айналады.

– Германия өнеркәсіпке арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматизация, киберқауіпсіздік, инженерия және қолданбалы зерттеулер салаларында мықты. Осы артықшылықтары біздің өршіл мақсатымызға сай келеді. Неміс компанияларын деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамытуға атсалысып, қазақстандық серіктестермен бірге тау-кен, энергетика және логистика салаларына арналған жасанды интеллект шешімдерін әзірлеуге шақырамын, – деді Президент.


🔹Мемлекет басшысы адам капиталын дамыту тақырыбын да қозғады. Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның дуалды кәсіптік білім беру жүйесін жоғары бағалап, академиялық және кәсіби байланыстарды тереңдетуге негіз барын еске салды.

– Қазақстан-Германия өндірістік құзыреттер орталығының желісін құруды ұсынамыз. Оны озық жобаларды жүзеге асырумен тікелей байланыстыруға болады. Яғни әрбір ірі инвестициялық жоба кадр даярлайтын алаң болуға тиіс деген қарапайым қағидатқа сүйенген жөн. Сонда ғана капитал білімге, ал білім орнықты экономикалық өсімге ұласады, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев отметил, что Казахстан определил искусственный интеллект и цифровую трансформацию в качестве национальных приоритетов

🔹По его словам, в стране формируется «Долина ЦОДов», которая призвана стать крупным вычислительным хабом.

– Сильные стороны Германии в области промышленного программного обеспечения, автоматизации, кибербезопасности, инженерии и прикладных исследований органично дополняют наши амбиции. Немецкие компании могли бы участвовать в развитии инфраструктуры центров обработки данных и совместно с казахстанскими партнерами разрабатывать решения на основе искусственного интеллекта для горнодобывающей промышленности, энергетики и логистики, – отметил Президент.


🔹Отдельный блок выступления был посвящен развитию человеческого капитала. Высоко оценив дуальную систему профессионального образования Германии, Касым-Жомарт Токаев акцентировал внимание на наличие основы для расширения академических и профессиональных обменов.

– Предлагаем создать сеть Казахстанско-Германских центров промышленных компетенций, которые могли бы быть напрямую связаны с реализацией флагманских проектов. Здесь можно использовать простой принцип – каждый крупный инвестиционный проект одновременно должен становиться площадкой для подготовки кадров. Именно так капитал превращается в знания, а знания – в устойчивый экономический рост, – подчеркнул Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2🔥1👏1
⚡️Қазақстан мен Германия техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

🤝Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Германияға ресми сапары барысында екі ел министрлері кәсіптік білім беру мәселелері бойынша кездесті. Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Германияның Білім, отбасы, қарттар, әйелдер және жастар істері жөніндегі федералдық министрі Карин Принмен ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

📝Кездесу қорытындысы бойынша министрлер техникалық және кәсіптік білім беру мен оқыту саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

📚Кәсіптік білім беруді дамыту Президенттің Қазақстан-Германия бизнес-форумында сөйлеген сөзінің негізгі тақырыптарының бірі болды. Мемлекет басшысы Германияның дуалды білім беру жүйесін жоғары бағалап, ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен тікелей байланысты Қазақстан-Германия өнеркәсіптік құзыреттер орталықтарының желісін құруды ұсынды.

🎓Кездесуде министрлер дуалды оқытуды дамыту, педагогтер мен студенттерге тағылымдама ұйымдастыру және екі ел колледждері арасында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Мамандар даярлау еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай болуы үшін жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше мән берілді.

🏭Әріптестіктің нақты тәжірибесі бар. Алматы құрылыс-техникалық колледжі көптеген жылдар бойы GROHE, KNAUF және BOSCH компанияларымен ынтымақтастық орнатып келеді. Колледж базасында заманауи құзыреттер орталықтары жұмыс істейді. KNAUF компаниясымен 20 жылдан астам уақытқа созылған ынтымақтастық аясында екі мыңнан астам студент білім алды.

⌨️Кездесуде кәсіптік білім беруді цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану мәселелері де талқыланды. Қол қойылған декларация бірлескен жобаларды кеңейтуге, колледж студенттері мен педагогтерінің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға негіз болады.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3👏2🔥1
⚡️Казахстан и Германия расширяют сотрудничество в техническом и профессиональном образовании

🤝В ходе официального визита Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева в Германию состоялась встреча министров двух стран по вопросам профессионального образования. Министр просвещения Казахстана Жұлдыз Сүлейменова обсудила перспективы сотрудничества с федеральным министром образования, по делам семьи, пожилых граждан, женщин и молодежи Германии Карин Прин.

📝По итогам встречи министры подписали Совместную декларацию о намерениях о сотрудничестве в области технического и профессионального образования и обучения.

📚Развитие профессионального образования стало одной из тем выступления Президента на казахстанско-германском бизнес-форуме. Глава государства высоко оценил дуальную систему Германии и предложил создать сеть Казахстанско-Германских центров промышленных компетенций, напрямую связанных с реализацией крупных инвестиционных проектов.

🎓На встрече министры обсудили развитие дуального обучения, организацию стажировок для педагогов и студентов, обмен опытом между колледжами двух стран. Особое внимание уделено взаимодействию с работодателями, чтобы подготовка специалистов отвечала потребностям рынка труда.

🏭Партнерство уже имеет практическую основу. Алматинский строительно-технический колледж на протяжении многих лет сотрудничает с компаниями GROHE, KNAUF и BOSCH. На его базе действуют современные центры компетенций. За более чем 20 лет сотрудничества с KNAUF обучение прошли свыше двух тысяч студентов.

⌨️Отдельной темой встречи стали цифровизация и применение искусственного интеллекта в профессиональном образовании. Подписанная декларация создаёт основу для расширения совместных проектов и новых возможностей профессионального развития студентов и педагогов колледжей.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👏3👍2🔥1
⚡️Жетісулық Жапақовтар әулеті: 207 жылға жалғасқан ұстаздық жол

👨‍🏫Ұстаздар күні қарсаңында педагогикалық еңбекті отбасылық дәстүрге айналдырып, бірнеше буын бойы білім саласында қызмет етіп келе жатқан әулеттерді таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкерлеріміз - жалпы педагогикалық еңбек өтілі 207 жылдан асатын жетісулық Жапақовтар әулеті.

📚Әулеттегі ұстаздық жол Мәли Жапақұлынан бастау алады. Математика пәнінің мұғалімі еңбек жолында мектеп директорының орынбасары, кейін 26 жыл мектеп директоры қызметін атқарды. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа буын оқулықтарын алғашқылардың бірі болып сынақтан өткізуге қатысып, кейін Қыздар педагогикалық университетінде дәріс берді. Оның педагогикалық еңбек өтілі - 43 жыл.

👩‍🏫Жұбайы Мәрия Баймырзаева да саналы ғұмырын білім саласына арнаған ұстаз. География және биология пәндерінің мұғалімі ретінде 36 жыл еңбек етіп, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі атанды.

🌱Ұстаздық жолды олардың қызы Майгүл Мәлиқызы Жапақова жалғастырды. Ол 30 жылдан астам уақыт қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Майгүл Мәлиқызының жұбайы Асет Илимнурович Байбеков те білім саласында 20 жыл қызмет етіп, балалар көркемсурет мектебінде ұстаздық еткен.

🎓Мәли Жапақұлының ұлы Сабыржан Малиевич Жапаков та ұстаздық жолды таңдаған. Заңгер, PhD докторы жоғары оқу орындарында 22 жыл еңбек етті. Оның жұбайы, әулеттің келіні Қорлан Исаханқызы қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және лингвистика бағыттарында білім алған PhD докторы. Оның педагогикалық еңбек өтілі - 21 жыл.

✍️Әулеттің келіндері де ұстаздық дәстүрді жалғастырып келеді. Орал Өмірханқызы Саймасаева бүгінде мектепте ұстаз әрі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Оның педагогикалық еңбек өтілі - 23 жыл. Ал Айнұр Қуанышбекқызы Мекебаева Алматы қаласындағы №182 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Оның педагогикалық өтілі - 11 жыл.

✅Осылайша, Жапақовтар әулетінде ұстаздық жол ата-анадан балаға, одан отбасының кейінгі мүшелеріне жалғасып келеді. Әулеттің жалпы педагогикалық еңбек өтілі 207 жылдан асады. Бұл - бірнеше буынды біріктірген еңбек пен білімге деген адалдықтың айқын көрінісі.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2🔥1