🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында айтқан тағылымды ойларынан:

✍🏻 «Еліміздің келешегі жарқын болсын десек, ең алдымен, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Жастардың бойына отаншылдық, білімпаздық, еңбекқорлық құндылықтарын сіңіруіміз қажет.

Әйтпесе, салынған мектептерден, білім саласындағы инновациялық шешімдерден еш нәтиже болмасы анық. Бұл тұрғыдан алғанда, оқу-ағарту саласы айрықша рөл атқаратыны баршаға мәлім».

⚜️⚜️⚜️

🇰🇿В преддверии Дня учителя - из выступления Главы государства Касым-Жомарта Токаева на пленарном заседании Августовской конференции:

✍🏻 «Благополучие и прогресс нашего государства в будущем напрямую зависит от воспитания высоконравственного поколения. Нам необходимо прививать молодежи ценности патриотизма, знаний, трудолюбия и созидания.

Иначе новые школы и самые современные образовательные технологии останутся лишь пустой формой без содержания. В данном контексте неоспорима особая роль сферы просвещения».
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2👏2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бағалаудың жаңа тәсілдері: педагогтер мен оқушылар пікірі

📝Биылғы оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарда білімді бағалаудың жаңа тәсілдері қолданылуда. Астана қаласының Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі мен №117 Келешек мектебінің педагогтері мен оқушылары диктант, мазмұндама, шығарма және бақылау жұмыстары жайлы пікірлерімен бөлісті.

⌨️Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңейіп келе жатқан кезеңде оқушылардың базалық дағдыларын дамытуға ерекше мән беріледі. Сауатты жазу, мәтінді түсініп оқу, өз ойын жүйелі жеткізу және ақпаратты өз бетінше талдау - сапалы білімнің негізгі дағдыларының бірі.

📖Диктант, мазмұндама, шығарма және бақылау жұмыстары оқушылардың жазу дағдысын ғана емес, оқуға деген қызығушылығын, мәтінмен жұмыс істеу мәдениетін, шығармашылық ойлауын және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытуға ықпал етеді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍1🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Новые подходы к оцениванию: мнение педагогов и учащихся

📝С этого учебного года в начальных классах применяются новые подходы к оцениванию знаний. Педагоги и учащиеся школы-лицея №38 имени Әлімхана Ермекова и школы №117 «Келешек мектебі» города Астаны поделились мнением о диктантах, изложениях, сочинениях и контрольных работах.

⌨️В условиях активного развития цифровых технологий и искусственного интеллекта особое внимание уделяется формированию у учащихся базовых навыков. Грамотное письмо, осмысленное чтение, умение последовательно излагать свои мысли и самостоятельно анализировать информацию являются важной основой качественного образования.

📖Диктанты, изложения, сочинения и контрольные работы способствуют развитию не только письменной грамотности, но и интереса к чтению, навыков работы с текстом, творческого мышления и умения свободно выражать свои мысли.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында айтқан тағылымды ойларынан:

✍🏻 «Ұлтымыздың келешегін айқындайтын тарихи өзгерістер табысты болуы үшін, ең алдымен, қоғамдық сана жаңғыруға тиіс. Бұл істе мәртебелі мамандық иесі – мұғалімнің рөлі айрықша маңызды.

Әлемді ең дамыған технология өзгертуі мүмкін. Ал адамды, оның дүниетанымын өзгерту – нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Сондықтан мемлекет білім жүйесін дамытуға әрдайым баса назар аударады».

⚜️⚜️⚜️

🇰🇿В преддверии Дня учителя - из выступления Главы государства Касым-Жомарта Токаева на пленарном заседании Августовской конференции:

✍🏻 «Чтобы исторические изменения, определяющие будущее нашей нации, увенчались успехом, в первую очередь необходимо обновить общественное сознание. Особая роль в этом деле отводится представителям благородной профессии – учителям.

Самые передовые технологии могут изменить мир, но изменить человека, его мировоззрение под силу только настоящему наставнику. Поэтому государство уделяет особое внимание развитию системы образования».
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған құттықтауы

⚜️⚜️⚜️

🎓Поздравление министра просвещения Жұлдыз Сүлейменовой с Днем работников технического и профессионального, послесреднего образования
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏8❤3👍2🔥2
⚡️XIX Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтуде

📚Еліміздің өңірлерінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIX Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтуде.

👥Олимпиадаға республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға бұрын қатыспаған 11 (12)-сынып оқушылары қатысады. Биыл бірінші кезеңде лицейлер, гимназиялар және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 3 626 оқушысы бақ сынауда.

🏆Президенттік олимпиада үш кезеңнен тұрады:
▫️ бірінші кезең - өңірлік;
▫️ екінші кезең - іріктеу;
▫️ үшінші кезең - республикалық.

🧠Қатысушылар олимпиаданың барлық кезеңінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар орындайды.

📌Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша іріктеу кезеңіне облыстардан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «НЗМ» ДББҰ-дан 20 оқушыға дейін, республикалық білім беру ұйымдарынан 8 оқушыға дейін қатысуға мүмкіндік алады.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Проходит первый этап XIX Президентской олимпиады

📚В регионах страны проходит первый этап XIX Президентской олимпиады по предметам естественно-математического направления.

👥В олимпиаде принимают участие учащиеся 11 (12) классов организаций образования, ранее не участвовавшие в республиканских и международных предметных олимпиадах. В этом году на первом этапе свои знания демонстрируют 3 626 учащихся лицеев, гимназий и специализированных школ для одаренных детей.

🏆Президентская олимпиада проводится в три этапа:
▫️ первый этап - региональный;
▫️ второй этап - отборочный;
▫️ третий этап - республиканский.

🧠На всех этапах участники выполняют задания по четырем предметам: математике, физике, химии и биологии.

📌По итогам регионального этапа к отборочному этапу допускаются команды численностью до 20 учащихся от областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента, а также АОО «НИШ», и до 8 учащихся от республиканских организаций образования.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍4🔥1👏1
⚡️«Үздік педагог – 2026»: конкурсқа 2 мыңнан астам педагог тіркелді

👩‍🏫 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған педагог мәртебесін арттыру және ұстаздарды қолдау бағыты аясында елімізде мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін ынталандыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның бірі - үздік тәжірибесімен және жоғары нәтижелерімен ерекшеленген ұстаздарды анықтауға бағытталған «Үздік педагог» республикалық конкурсы.

📊Биыл конкурстың аудандық кезеңіне еліміз бойынша 2145 педагог тіркелді. Оның қорытындысы бойынша 939 қатысушы облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен педагогтер республикалық кезеңге ұсынылды. Қазіргі уақытта қорытынды кезеңге тіркелу жалғасуда.

✍️Конкурс мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткізіледі. Қатысушылардың кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық еңбек өтілі болуы қажет.

📝Биыл конкурс қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес іріктеу 27 тамызда басталды. Республикалық кезең 22 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтеді және екі турдан тұрады. Алғашқы турда комиссия қатысушылар ұсынған материалдарды бағаласа, екінші турда педагогтер белгіленген білім беру ұйымында сабақ немесе оқу қызметін өткізеді.

🏆Республикалық комиссияның шешімі бойынша 64 педагогке дейін «Үздік педагог» атағына ие болады. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан - 10, орта, арнайы, мамандандырылған және қосымша білім беру ұйымдарынан - 34, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 20 педагогке дейін іріктеледі.

🪙Жеңімпаздардың әрқайсысына 1000 АЕК, яғни 4 325 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы, арнайы куәлік және «Білім беру ұйымының үздік педагогі» төсбелгісі табысталады.

📚«Үздік педагог» республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 816 педагог аталған атаққа ие болды. Өткен жылы конкурс қорытындысы бойынша 64 педагог жеңімпаз атанған.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍4🔥1👏1
⚡️«Лучший педагог - 2026»: на конкурс зарегистрировались более 2 тысяч педагогов

👩‍🏫 В рамках курса, определенного Главой государства Касым-Жомартом Токаевым, по повышению статуса педагога и поддержке учителей в стране системно реализуются меры по стимулированию их профессиональных достижений. Одна из них - республиканский конкурс «Лучший педагог», направленный на выявление и поощрение педагогов, отличившихся передовым опытом и высокими результатами.

📊В этом году на районный этап конкурса по всей стране зарегистрировались 2145 педагогов. По его итогам 939 участников прошли на областной этап. Педагоги, показавшие лучшие результаты на областном уровне, рекомендованы для участия в республиканском этапе. В настоящее время продолжается регистрация на заключительный этап.

✍️Конкурс проводится среди педагогов организаций дошкольного, среднего, технического и профессионального, дополнительного и специального образования. Участники должны иметь не менее пяти лет непрерывного педагогического стажа.

📝В этом году в связи с изменениями, внесенными в правила конкурса, отбор стартовал 27 августа. Республиканский этап проходит с 22 сентября по 15 октября и состоит из двух туров. В первом туре комиссия оценивает представленные участниками материалы, во втором педагоги проводят урок или учебное занятие в определенной организации образования.

🏆По решению республиканской комиссии звание «Лучший педагог» получат до 64 педагогов. В их числе до 10 представителей дошкольных организаций, до 34 педагогов организаций среднего, специального, специализированного и дополнительного образования, а также до 20 педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования.

🪙Каждому победителю будет вручена денежная премия в размере 1000 МРП, или 4 325 000 тенге, специальное удостоверение и нагрудный знак «Лучший педагог организации образования».

📚Республиканский конкурс «Лучший педагог» проводится с 2012 года. За это время обладателями почетного звания стали 816 педагогов. В прошлом году по итогам конкурса победителями были признаны 64 педагога.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👏3👍2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында айтқан тағылымды ойларынан:

✍🏻«Өскелең ұрпақты өркениетті әрі жасампаз құндылықтар негізінде тәрбиелеу – ортақ парызымыз. Мемлекет, ұстаздар және ата-аналар күш біріктіргенде ғана балаларымыздың үйлесімді дамуына барлық жағдайды жасай аламыз, басқаша айтқанда, жарқын болашағына жол ашамыз».

⚜️ ⚜️ ⚜️

🇰🇿В преддверии Дня учителя – из выступления Главы государства Касым-Жомарта Токаева на пленарном заседании Августовской конференции:

✍🏻«Воспитание подрастающего поколения на основе прогрессивных, созидательных ценностей – наш общий долг. Только совместными усилиями государства, учителей и родителей мы сможем создать все условия для гармоничного развития детей, другими словами, откроем им путь в светлое будущее».
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3🔥2👏2
⚡️Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас атқарушы директоры Ли Кай-Фумен кездесті

🇰🇿Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында өткізілді. Қазіргі уақытта Жарлықта айқындалған міндеттерді орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

🤖Тараптар жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізудің практикалық тетіктерін, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту, ауылдық және шағын жинақты мектептерді қолдау, сондай-ақ ЖИ технологияларын білім беру үдерісінде қауіпсіз әрі жауапты пайдалану мәселелерін талқылады.

🤝Осы бағыттағы практикалық қадамдардың бірі ретінде Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Q.AI Limited компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов пен Q.AI Limited компаниясының Бас атқарушы директоры Дмитрий Мун қол қойды.

📚Ынтымақтастық 2026-2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен енгізу жөніндегі Кешенді шаралар жоспарын іске асыруға бағытталған. Негізгі назар ауылдық және шағын жинақты мектептерге, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және ЖИ технологияларын қауіпсіз әрі жауапты пайдалануға аударылады.

⌨️Сонымен қатар Ұлттық білім беру ЖИ-платформасының пилоттық жобасын дамыту көзделген. Платформа оқытуды дербестендіруге, педагогтер мен білім алушыларды цифрлық қолдауға, білім нәтижелерін мониторингтеуге және білім беру жүйесін талдамалық сүйемелдеуге бағытталады.

👩‍🏫 Жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудегі басты қағидат - технология мұғалімді алмастырмай, оның кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс. ЖИ педагогтің жұмысын қолдап, әр оқушының қажеттілігіне сай сапалы білім беруге қосымша мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастырылады.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3🔥1👏1