🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️70 мыңнан астам ауыл оқушысы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуда

📚7-9 қазан аралығында елімізде ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші, аудандық кезеңі өтуде. Оған бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша іріктелген 9-11 (12)-сыныптардың 70 мыңнан астам оқушысы қатысуда.

📊Биыл олимпиаданың алғашқы кезеңіне 135 мың оқушы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 мың оқушыға көп.

🧠Олимпиада 13 жалпы білім беретін пәнді қамтиды. Оның 6-уы жаратылыстану-математикалық, 7-уі қоғамдық-гуманитарлық бағытқа жатады. Зияткерлік сайыс жалпы төрт кезеңнен тұрады.

🏆Аудандық кезеңнің жеңімпаздары 26-31 қазан аралығында өтетін облыстық кезеңге жолдама алады.

✍️ Оқу-ағарту министрлігі ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында республикалық олимпиада өткізеді. Бұл оқушыларға өз қабілеттерін ашуға және зияткерлік жарыстарда білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Олимпиада өткізіле бастағаннан бері ауыл оқушыларының республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысу көрсеткіші 10 есеге артты.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2🔥2👏2
⚡️Более 70 тысяч сельских школьников участвуют в районном этапе республиканской олимпиады

📚С 7 по 9 октября в Казахстане проходит второй, районный этап республиканской олимпиады для учащихся сельских школ. В нем принимают участие более 70 тысяч учеников 9-11 (12) классов, прошедших отбор по итогам первого этапа.

📊В этом году для участия в первом этапе олимпиады зарегистрировались 135 тысяч школьников. Это примерно на 10 тысяч больше, чем в прошлом году.

🧠Олимпиада охватывает 13 общеобразовательных предметов, из которых 6 относятся к естественно-математическому направлению, 7 - к общественно-гуманитарному. Интеллектуальное соревнование состоит из четырех этапов.

🏆Победители районного этапа получат путевки на областной этап, который пройдет с 26 по 31 октября.

✍️ Министерство просвещения проводит олимпиаду для выявления и поддержки талантливых детей из сельских школ. Она дает учащимся возможность раскрыть свои способности и проявить себя в интеллектуальных соревнованиях. За время проведения олимпиады число сельских школьников, участвующих в республиканских олимпиадах и конкурсах, выросло в 10 раз.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2🔥2
⚡️Астанада дрон-футболдан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

🏆Елордада Astana FIDA Drone Soccer Open Cup 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Екі күнге созылған жарысқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен 20-ға жуық команда және Түркиядан келген команда қатысты.

🚁Турнир Drone Soccer Class 20 санатында өтті. Қатысушылар дрондарды басқару шеберлігін, жылдамдық пен дәлдікті, командалық үйлесімділік пен тактикалық ойлау қабілетін көрсетті.

🥇Жарыс қорытындысы бойынша:
▫️ I орын - «Surprise» командасы, Астана қаласы;
▫️ II орын - «SkyWings» командасы, Ақтөбе қаласы;
▫️ III орын - «Qara Steed» командасы, Астана қаласы.

🤝Халықаралық турнир жас дрон пилоттарының тәжірибе алмасуына, техникалық дағдыларын жетілдіруіне және дрон-футболды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

💡Дрон-футбол спорттық бәсекені инженерлік-техникалық біліммен ұштастырып, жастардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3❤2👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️В Астане определены победители международного турнира по дрон-футболу

🏆В столице завершился международный турнир Astana FIDA Drone Soccer Open Cup 2026. В двухдневных соревнованиях приняли участие около 20 команд из различных регионов Казахстана, а также команда из Турции.

🚁Турнир прошел в категории Drone Soccer Class 20. Участники продемонстрировали мастерство управления дронами, скорость и точность, командную слаженность и тактическое мышление.

🥇По итогам соревнований призовые места распределились следующим образом:
▫️ I место - команда «Surprise», город Астана;
▫️ II место - команда «SkyWings», город Актобе;
▫️ III место - команда «Qara Steed», город Астана.

🤝Международный турнир стал площадкой для обмена опытом между молодыми пилотами дронов, совершенствования технических навыков и популяризации дрон-футбола.

💡Дрон-футбол объединяет спортивную конкуренцию с инженерно-техническими знаниями и способствует повышению интереса молодежи к современным технологиям.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4👏3
⚡️Жұлдыз Сүлейменова «Білім-инновация» лицейлерінің басшылығымен кездесті

✍️Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Білім-инновация» лицейлерінің басшылығымен кездесу өткізді. Тараптар білім беру сапасын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау және үздік педагогикалық тәжірибелерді еліміздің мектептеріне кеңінен тарату мәселелерін талқылады.

📚Кездесу барысында «Білім-инновация» лицейлерінің білім беру жүйесіндегі тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, көптілді білім беру, жаратылыстану-математикалық пәндерді тереңдетіп оқыту, оқушыларды халықаралық және республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобаларға даярлау, сондай-ақ білім мен тәрбиені ұштастыру бағытындағы жұмыстар қарастырылды.

✍️Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі «Келешек мектептері» жобасы аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері болды. Атап айтқанда, жаңа форматтағы мектептерде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесіне негізделген арнайы сыныптар ашу, тиімді оқыту әдістемелерін қолдану және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуын ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

🤝Сонымен қатар білім беру ұйымдары арасындағы әріптестікті нығайту, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған тәжірибелерді кеңінен қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥3❤2👏1