🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысының Қоянды ауылындағы мектеп педагогтерімен кездесті

🎒Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қоянды ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектепке барып, педагогикалық ұжыммен кездесті.

🔔Кездесу барысында мектеп білімін дамытудың өзекті мәселелері, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны, оқу процесін ұйымдастырудағы өзгерістер, сондай-ақ оларды мектеп тәжірибесінде іске асыру мәселелері талқыланды.

👩‍🏫 Шара ашық диалог форматында өтті. Педагогтер министрге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білім беру процесін жетілдіруге қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

🤝Педагогикалық қауымдастықпен кері байланыс орнатуға ерекше назар аударылды. Мұғалімдермен тікелей диалог олардың тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеруге және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2👏2🔥1
🎤Ақмола облысы Қоянды ауылындағы №2 мектептің педагогтері білім беру жүйесіндегі өзгерістер, оқу процесіндегі жаңашылдықтар және олардың білім сапасына әсері туралы пікірлерімен бөлісті.

⚜️⚜️⚜️

🎤Педагоги школы №2 села Коянды Акмолинской области поделились мнениями об изменениях в системе образования, нововведениях в учебном процессе и их влиянии на качество обучения.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жулдыз Сулейменова встретилась с педагогами школы села Коянды Акмолинской области

🎒В рамках рабочей поездки в Акмолинскую область министр просвещения Жулдыз Сулейменова посетила общеобразовательную школу №2 села Коянды, где встретилась с педагогическим коллективом.

🔔В ходе встречи обсуждены актуальные вопросы развития школьного образования, содержание учебных программ и учебников, изменения в организации учебного процесса, а также вопросы их практической реализации в школах.

👩‍🏫Встреча прошла в формате открытого диалога. Педагоги смогли задать министру волнующие их вопросы, поделиться мнениями и предложениями по совершенствованию образовательного процесса.

🤝Особое внимание уделено обратной связи с педагогическим сообществом. Прямой диалог с учителями позволяет учитывать их практический опыт и предложения в дальнейшей работе по повышению качества образования.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2👏2🔥1
⚡️Қазақстандық педагогтер Минскіде халықаралық марапаттарға ие болды

🏅Минск қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің IX съезінде Қазақстан делегациясының үш мүшесі «ТМД білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар қазақстандық педагогтер IV Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде екі бірінші және бір екінші орынды иеленді.

👩‍🏫 Төсбелгі иегерлері қатарында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері Жаубай Қараев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова және Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі Алина Соловьёва бар.

🌍 Съезге жеті мемлекеттің өкілдері қатысты. Қатысушылар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, педагогтердің кәсіби ұтқырлығын арттыру, инновацияларды енгізу және тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату мәселелерін талқылады.

🎓Беларусьтің Ұлттық білім академиясында ұйымдастырылған фестивальдің бетпе-бет кезеңінде қатысушылар шеберлік сабақтарын өткізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

🥇Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы №1 мектеп-лицейінің педагогі Бауыржан Базарбаев бірінші орынды иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

🥇«Тәрбиеші» номинациясында Ақтөбе облысының өкілі Индира Назарова бірінші орынға ие болды.

🥈 «Психолог / әлеуметтік педагог» номинациясында Павлодар облысының өкілі Римма Абигузина екінші орынды иеленді.

💐Марапат иелері мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏4❤3👍2🔥1
⚡️Казахстанские педагоги получили международные награды в Минске

🏅На IX съезде учителей и работников образования государств – участников СНГ, прошедшем в Минске, три члена казахстанской делегации были награждены нагрудным знаком «Отличник образования СНГ». Кроме того, казахстанские педагоги завоевали два первых и одно второе место на IV Международном фестивале педагогического мастерства.

👩‍🏫 Награды получили главный научный сотрудник Национальной академии образования имени Ы. Алтынсарина Жаубай Караев, проректор по академической деятельности Казахского национального педагогического университета имени Абая Бану Нарбекова и учитель биологии школы-гимназии №1 имени А.С. Пушкина города Шымкента Алина Соловьёва.

🌍 В работе съезда приняли участие представители семи государств. Участники обсудили развитие сотрудничества в сфере образования, повышение профессиональной мобильности педагогов, внедрение инноваций и распространение эффективных педагогических практик.

🎓На очном этапе фестиваля, организованном в Национальной академии образования Беларуси, участники провели мастер-классы и поделились профессиональным опытом.

🥇Педагог школы-лицея №1 Жанааркинского района области Ұлытау Бауыржан Базарбаев занял первое место и был награждён дипломом І степени.

🥇В номинации «Воспитатель» первое место заняла представительница Актюбинской области Индира Назарова.

🥈В номинации «Психолог / социальный педагог» второе место заняла представительница Павлодарской области Римма Абигузина.

💐Поздравляем обладателей наград и призёров!
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👏3👍2🔥1
⚡️Жас математик ауыл мектебінде еңбек етуде

🎒Ақмола облысы Қоянды ауылындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте жас маман Сауренбек Мөлдір математика пәнінен сабақ береді.

🎓Мөлдір Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылындағы жалпы орта білім беретін мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне математика мұғалімдерін даярлау мамандығы бойынша мемлекеттік грантқа түсті. Оқу барысында жоғары шәкіртақыға ие болып, университетті тәмамдаған соң еңбек жолын ауыл мектебінен бастауды таңдады.

📚Елімізде академиялық үлгерімі жоғары педагогикалық мамандық түлектерін белгіленген талаптарға сәйкес конкурссыз жұмысқа қабылдау тетігі қарастырылған. Мөлдір осы мүмкіндік арқылы мұғалім болып қабылданды. Бұл тетік білікті жас мамандарды мектептерге тартуға бағытталған.

🧩Жас педагог сабақтарында «Математикалық пазл», «Ақылды дүкен», «Ойлан, тап, дәлелде» әдістерін, сондай-ақ Wordwall және LearningApps цифрлық платформаларын қолданады. Оның оқушылары 5-6-сыныптар арасында өткен мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасында аудандық кезеңге жолдама алды.

🌱Ауыл мектептерін білікті педагогтермен қамтамасыз ету, әсіресе математика және жаратылыстану бағытындағы жас мамандарды тарту білім сапасын арттырудың маңызды бағыттарының бірі.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👏3👍2🔥1🎉1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Молодой математик преподает в сельской школе

🎒В общеобразовательной школе №2 села Коянды Акмолинской области молодой специалист Сауренбек Мөлдір преподает математику.

🎓Мөлдір окончила общеобразовательную школу села Еркиншилик Ерейментауского района с отличием, получив знак «Алтын белгі», и поступила в Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева на специальность по подготовке учителей математики по государственному гранту. Во время обучения получала повышенную стипендию, а после окончания университета решила начать профессиональную деятельность в сельской школе.

📚В Казахстане предусмотрен механизм приема на работу выпускников педагогических специальностей с высокой академической успеваемостью без прохождения конкурса при соблюдении установленных требований. Благодаря этой возможности Мөлдір была принята на должность учителя. Данный механизм направлен на привлечение квалифицированных молодых специалистов в школы.

🧩На своих уроках молодой педагог применяет методы «Математический пазл», «Умный магазин», «Подумай, найди, докажи», а также цифровые платформы Wordwall и LearningApps. Ее ученики получили путевки на районный этап олимпиады «Алтын сақа» по итогам внутришкольного этапа среди учащихся 5-6 классов.

🌱Обеспечение сельских школ квалифицированными педагогами, особенно привлечение молодых специалистов по математике и естественно-научным дисциплинам, является одним из важных направлений повышения качества образования.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8🔥4👏4👍2
⚡️Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіндегі жағдайға байланысты жедел шаралар қабылдап жатыр.

Мектепте Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, тиісті аумақтық органдардың және «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының өкілдерінен құралған мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, ас блогында санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Шектеу шаралары енгізіліп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Оқу-ағарту министрлігі РФММ Директорлар кеңесі мен Басқармасына тамақтандыруды ұйымдастыруды және санитариялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нұсқау берді.

Оқушылардың қауіпсіздігін және білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оқу уақытша қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылды.

Басым міндеттер қатарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау және тексеру нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылдау бар.

Жағдай тиісті қызметтер мен Оқу-ағарту министрлігінің бақылауында. Жұмыс Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүргізілуде.

⚜️⚜️⚜️

⚡️Министерством просвещения оперативно принимаются меры в связи с ситуацией в Республиканской физико-математической школе в Алматы.

В настоящее время на месте работает мониторинговая группа с участием представителей Комитета по охране прав детей, профильных территориальных органов и Национального научно-практического института благополучия детей «Өркен».

По информации Министерства здравоохранения, в пищеблоке выявлены нарушения санитарных требований. Введены ограничительные меры, проводится работа по установлению обстоятельств произошедшего.

Министерством просвещения Совету директоров и Правлению РФМШ дано указание усилить контроль за организацией питания и соблюдением санитарных требований, а также обеспечить безопасность учащихся.

Для обеспечения безопасности учащихся и непрерывности образовательного процесса обучение временно организовано в дистанционном формате.

В настоящее время приоритетом является обеспечение безопасности и защита прав учащихся, всестороннее выяснение обстоятельств произошедшего и принятие необходимых мер по результатам проверок.

Ситуация находится на контроле профильных служб и Министерства просвещения во взаимодействии с Министерством здравоохранения.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Құрылтайда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарау кезінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім саласына бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану және мектептердегі өзгерістер туралы айтты.

📚Министр бөлінген қаражат оқушылардың білім сапасын арттыруға нақты нәтиже беруі тиіс екенін жеткізді. Сондай-ақ бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау, диктант, мазмұндама мен шығарма жұмыстары және Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Келешек мектептерін» дамыту мәселелері қамтылды.

⚜️⚜️⚜️

⚡️При рассмотрении проекта республиканского бюджета на 2027–2029 годы в Курултае министр просвещения Жулдыз Сулейменова рассказала об эффективном использовании средств, выделяемых на образование, и изменениях в школах.

📚Министр подчеркнула, что выделяемые средства должны давать конкретный результат в повышении качества знаний учащихся. Также речь шла об отмене СОР и СОЧ в начальных классах, диктантах, изложениях и сочинениях, а также развитии «Келешек мектептері», созданных по инициативе Главы государства.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🔥4👏2👍1