⚡️ Жұлдыз Сүлейменова iFLYTEK компаниясының өкілдерімен білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады
🇰🇿🇨🇳 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеуге маманданған қытайлық iFLYTEK технологиялық компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар білім беруді цифрландыру және оқу процесінде заманауи технологияларды қолдану бағытындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
🤖 Кездесу барысында компания өкілдері цифрлық білім беру платформаларын, педагогтерге арналған жасанды интеллект көмекшілерін, оқытуды дербестендіру және оқушылардың оқу жұмыстарын автоматтандырылған түрде тексеру құралдарын таныстырды. Сондай-ақ аталған технологияларды Қытайда және басқа елдерде енгізу тәжірибесі ұсынылды.
📚 Ұсынылған шешімдерді Қазақстанның білім беру жүйесінің қажеттіліктеріне бейімдеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Технологияларды жергілікті жағдайға бейімдеу, дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету және отандық білім беру платформаларымен интеграциялау мәселелері қаралды.
🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға, сондай-ақ білім беру саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстың мүмкіндіктерін зерделеуге мүдделілік білдірді.
_____________________📱instagram📱facebook📱tiktok📱website