🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️ Жұлдыз Сүлейменова iFLYTEK компаниясының өкілдерімен білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады

🇰🇿🇨🇳 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеуге маманданған қытайлық iFLYTEK технологиялық компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар білім беруді цифрландыру және оқу процесінде заманауи технологияларды қолдану бағытындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

🤖 Кездесу барысында компания өкілдері цифрлық білім беру платформаларын, педагогтерге арналған жасанды интеллект көмекшілерін, оқытуды дербестендіру және оқушылардың оқу жұмыстарын автоматтандырылған түрде тексеру құралдарын таныстырды. Сондай-ақ аталған технологияларды Қытайда және басқа елдерде енгізу тәжірибесі ұсынылды.

📚 Ұсынылған шешімдерді Қазақстанның білім беру жүйесінің қажеттіліктеріне бейімдеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Технологияларды жергілікті жағдайға бейімдеу, дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету және отандық білім беру платформаларымен интеграциялау мәселелері қаралды.

🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға, сондай-ақ білім беру саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстың мүмкіндіктерін зерделеуге мүдделілік білдірді.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2⚡2🙏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жулдыз Сулейменова обсудила с представителями iFLYTEK применение искусственного интеллекта в образовании

🇰🇿🇨🇳 Министр просвещения Республики Казахстан Жулдыз Сулейменова провела встречу с представителями китайской технологической компании iFLYTEK, специализирующейся на разработке решений на основе искусственного интеллекта. Стороны обсудили перспективы сотрудничества в сфере цифровизации образования и применения современных технологий в учебном процессе.

🤖 В ходе встречи представители компании презентовали цифровые образовательные платформы, ИИ-помощников для педагогов, инструменты персонализированного обучения и автоматизированной проверки учебных работ. Также был представлен опыт внедрения данных технологий в Китае и других странах.

📚 Особое внимание уделено возможностям адаптации представленных решений к потребностям казахстанской системы образования. Обсуждены вопросы локализации технологий, обеспечения защиты персональных данных и интеграции с отечественными образовательными платформами.

🤝 По итогам встречи стороны выразили заинтересованность в дальнейшем обмене опытом и изучении возможностей совместной работы по внедрению современных цифровых решений и развитию искусственного интеллекта в сфере образования.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍5🔥3⚡1
⚡️Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі Түркияның Ұлттық білім министрінің орынбасарымен кездесті

🤝Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов Түркия Республикасының Ұлттық білім министрінің орынбасары Өмер Фарук Йелкенджимен кездесті. Кездесу білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және кәсіби тәжірибе алмасуға арналды.

🎨Алматыға жұмыс сапары барысында түркиялық делегация «Жігер» оқушылардың инновациялық шығармашылық және даму орталығына барып, білім беру бағдарламаларымен және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерімен танысты.

🎼Мұқан Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебінде қонақтарға оқу жағдайлары мен оқушылардың жетістіктері таныстырылды. Түркия өкілдері оқу кабинеттерін аралап, мектеп тәрбиеленушілерінің өнерін тамашалады.

🎓П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде делегация оқу процесінің ұйымдастырылуымен және болашақ мамандарды даярлау тәсілдерімен танысты.

🌐Сапар барысында балалар мен жастардың дарынын дамытуға, оқытудың заманауи тәсілдеріне және екі елдің білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ерекше мән берілді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2🔥2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Вице-министр просвещения Казахстана встретился с заместителем министра национального образования Турции

🤝Вице-министр просвещения Казахстана Жайык Шарабасов встретился с заместителем министра национального образования Турецкой Республики Омером Фаруком Йелкенджи. Встреча была посвящена развитию сотрудничества в сфере образования и обмену профессиональным опытом.

🎨В рамках рабочего визита в Алматы турецкая делегация посетила Центр инновационного творчества и развития школьников «Жігер», где ознакомилась с образовательными программами и возможностями для развития творческих способностей детей.

🎼В детской музыкальной школе №5 имени Мукана Тулебаева гостям представили условия обучения и достижения учащихся. Представители Турции посетили учебные классы и познакомились с творчеством воспитанников.

🎓В Алматинском музыкальном колледже имени П. Чайковского делегация ознакомилась с организацией учебного процесса и подходами к подготовке будущих специалистов.

🌐Особое внимание в ходе визита уделили развитию таланта детей и молодёжи, современным подходам к обучению и возможностям обмена опытом между образовательными организациями двух стран.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3🔥2👏1
⚡️Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар қоғамдастығы «Адал азамат» бағдарламасын зерттеуге әдістемелік ұсынымдар әзірлейді

👥Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова министрлікте және ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.

📚Талқылауда «Адал азамат» бағдарламасына басымдық берілді. Қатысушылар бағдарламаның балалардың құндылықтары мен мінез-құлқына ықпалын зерттеу жөнінде пікірлерімен бөлісті. Зерттеудің әдістері мен барлық өңірлердегі білім беру ұйымдарын қамту мәселелері қарастырылды.

📖Сондай-ақ оқулықтардың сапасын арттыру, оларды әзірлеу, сараптау және мектепте апробациядан өткізу үдерістерін жетілдіру жолдары талқыланды.

🤝Балалар арасындағы буллингтің алдын алу және оған дер кезінде әрекет ету мәселелері бойынша да пікір алмасу өтті. Қатысушылар педагогтер, психологтер мен ата-аналардың бірлескен жұмысын тиімді ұйымдастыру жөніндегі зерттеу ұсыныстарын ортаға салды.

📝 Кездесу қорытындысына сәйкес Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар коғамдастығы талқыланған мәселелерді ғылыми зерттеу туралы ұсынымдар әзірлейді. Ұсыныстар алдағы кездесулерде талқыланып, министрліктің шешімдеріне ғылыми негіздегі әдіс-тәсілдерді қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2👏1