⚡️Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар қоғамдастығы «Адал азамат» бағдарламасын зерттеуге әдістемелік ұсынымдар әзірлейді👥Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова министрлікте және ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.
📚Талқылауда «Адал азамат» бағдарламасына басымдық берілді. Қатысушылар бағдарламаның балалардың құндылықтары мен мінез-құлқына ықпалын зерттеу жөнінде пікірлерімен бөлісті. Зерттеудің әдістері мен барлық өңірлердегі білім беру ұйымдарын қамту мәселелері қарастырылды.
📖Сондай-ақ оқулықтардың сапасын арттыру, оларды әзірлеу, сараптау және мектепте апробациядан өткізу үдерістерін жетілдіру жолдары талқыланды.
🤝Балалар арасындағы буллингтің алдын алу және оған дер кезінде әрекет ету мәселелері бойынша да пікір алмасу өтті. Қатысушылар педагогтер, психологтер мен ата-аналардың бірлескен жұмысын тиімді ұйымдастыру жөніндегі зерттеу ұсыныстарын ортаға салды.
📝 Кездесу қорытындысына сәйкес Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар коғамдастығы талқыланған мәселелерді ғылыми зерттеу туралы ұсынымдар әзірлейді. Ұсыныстар алдағы кездесулерде талқыланып, министрліктің шешімдеріне ғылыми негіздегі әдіс-тәсілдерді қолдану мүмкіндіктері қарастырылады._____________________📱instagram📱facebook📱tiktok📱website