«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
🔰 «Өрлеу» Басқарма төрағасы Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының қызметімен танысты

📍 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен келді.

💻 Жұмыс сапары барысында филиалдың материалдық-техникалық базасы, оқу аудиторияларының жабдықталуы, цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктері және оқу үдерісін ұйымдастыру жұмыстары қаралды.

🧑🏻‍🏫 Сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстармен танысты.

📎 2026 жылы филиалда 38 білім беру бағдарламасы аясында 9 664 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланған. Бүгінгі таңда жоспардың 46,4%-ы орындалған. Есепті кезеңде сонымен қатар филиал халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен кәсіби байқаулар өткізген.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
🔰 «Өрлеу» Басқарма төрағасы Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының қызметімен танысты 📍 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтына…
🗣️ Кездесу барысында Ғалымжан Бауыржанұлы институт ұжымымен жүздесіп, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алдағы кезеңге арналған даму басымдықтары мен білім беру саласындағы өзекті міндеттер туралы айтты.

ℹ️ Өз кезегінде Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Нұржан Нұрлыбаев филиалдың қызмет нәтижелері, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар, қол жеткізілген жетістіктер, өзекті мәселелер және алдағы жоспарлар туралы баяндады.

📌 Кездесу қорытындысында Ғалымжан Алматов филиал қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында курстан кейінгі әдістемелік сүйемелдеуді күшейту, педагогтердің практикалық нәтижелеріне тұрақты мониторинг жүргізу, ЖИ мен цифрлық технологияларды оқыту үдерісіне кеңінен енгізу, педагогтердің әдістемелік тәжірибе алмасу жұмыстарын орындау, материалдық-техникалық базаны кезең-кезеңімен жаңарту және аттестаттау үдерісін әдістемелік сүйемелдеуді күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔰 Председатель правления «Өрлеу» ознакомился с деятельностью Института профессионального развития Туркестанской области

📍 Председатель правления АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Галымжан Алматов посетил с рабочим визитом Институт профессионального развития по Туркестанской области.

💻 В рамках визита глава Национального центра ознакомился с деятельностью филиала, его материально-технической базой, оснащением учебных аудиторий, возможностями цифровой образовательной среды, а также организацией образовательного процесса. Особое внимание было уделено работе института по повышению квалификации педагогов.

📎 В 2026 году филиал реализует 38 образовательных программ, в рамках которых планируется повысить квалификацию 9 664 педагогов. На сегодняшний день выполнено 46,4 %. Кроме того, за отчетный период институт организовал ряд научно-практических конференций, семинаров и профессиональных конкурсов международного, республиканского и областного уровней.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
🔰 Председатель правления «Өрлеу» ознакомился с деятельностью Института профессионального развития Туркестанской области 📍 Председатель правления АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Галымжан Алматов посетил с рабочим визитом Институт профессионального…
🧑🏻‍🏫 В ходе встречи с коллективом института Галымжан Бауыржанулы обозначил ключевые приоритеты дальнейшего развития Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» и остановился на актуальных задачах, стоящих сегодня перед системой образования.

🗣️ Директор Института профессионального развития по Туркестанской области Нуржан Нурлыбаев представил итоги деятельности филиала, рассказал о реализуемых в регионе проектах, достигнутых результатах, актуальных вопросах и перспективах дальнейшего развития.

📌По итогам рабочего визита Председатель правления дал ряд конкретных поручений, направленных на дальнейшее совершенствование деятельности филиала. В их числе — усиление методического сопровождения педагогов после завершения курсов повышения квалификации, проведение системного мониторинга эффективности применения полученных знаний в педагогической практике, расширение использования технологий искусственного интеллекта и цифровых решений в образовательном процессе, развитие профессионального взаимодействия и обмена методическим опытом между педагогами, поэтапное обновление материально-технической базы института, а также совершенствование методического сопровождения процедуры аттестации педагогических работников.
📃 «Өрлеу» Басқарма төрағасы Шымкент филиалының даму бағытын айқындады

🖇️ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов жұмыс сапарымен Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында болып, филиалдың қызметімен, материалдық-техникалық базасымен, цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерімен және педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған жұмыстармен танысты.

📊 Кездесу барысында филиалдың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері таныстырылды. Биыл 2 885 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланып, бүгінгі күні жылдық жоспардың 47%-ы орындалған. Сонымен қатар курстан кейінгі әдістемелік сүйемелдеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өңірлік жобалар жүйелі жүзеге асырылып, республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми-практикалық іс-шаралар ұйымдастырылған.

🛜 Жұмыс сапары аясында білім беру сапасын арттыру, цифрлық білім беру ортасын дамыту, ғылыми әлеуетті күшейту және жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.