«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.76K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
📚 Курс барысында педагогтер соңғы халықаралық тәжірибелермен танысып, заманауи оқыту әдістерін, бағалау тәсілдерін, цифрлық құралдарды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдануды меңгереді.

📑 Сонымен қатар сабақтарды жоспарлау, оқушылардың қажеттіліктеріне сай оқытуды бейімдеу, кәсіби рефлексия және үздіксіз даму дағдыларын жетілдіреді.
👍1🔥1
📚 В рамках курса педагоги знакомятся с современными международными практиками и осваивают применение на практике современных методов обучения, подходов к оцениванию, цифровых инструментов и возможностей искусственного интеллекта.

📑 Кроме того, они совершенствуют навыки планирования уроков, адаптации обучения с учетом потребностей учащихся, профессиональной рефлексии и непрерывного профессионального развития.
👍1🔥1
📢 Құрметті оқырман!
 
🆕 Бүгіннен бастап «Өрлеу» ҰБАО» АҚ-ның ресми парақшасында жаңа айдар жарық көреді.

📎 Бұл айдар арқылы сіздер орталық департаменттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, олардың атқарып отырған жұмысы, қолға алған бастамалары мен білім сапасын арттыру жолындағы еңбегі туралы оқи аласыздар.

📌 Жаңа айдарымызды бірге оқып, «Өрлеу» қызметінің жаңалықтарынан хабардар болып жүріңіздер!
 
🔹🔹🔹🔹🔹

📢 Уважаемые друзья! 
 
🆕 Мы запускаем новую рубрику, в которой будем знакомить вас с деятельностью департаментов АО «НЦПК «Өрлеу».

📎 В каждой публикации вы узнаете о задачах и функциях подразделений, реализуемых проектах, ключевых направлениях работы и их вкладе в развитие системы повышения квалификации педагогов и совершенствование качества образования.

📌 Следите за нашими публикациями, чтобы больше узнать о работе АО «НЦПК «Өрлеу», его проектах и команде.
 
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🖥️ Алғашқы материалымыз Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментіне арналады. Бұл құрылым орталықтың цифрлық жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ақпараттық ресурстарды дамыту мен жетілдіруге жауап береді.

🔹🔹🔹

🖥️ Открывает рубрику Департамент администрирования информационных систем — подразделение, обеспечивающее эффективную работу цифровой инфраструктуры Общества и развитие информационных сервисов.
👍3
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
🏛️ «Өрлеу» Басқарма Төрағасының орынбасары Аида Мейркулова министрдің Алғыс хатымен марапатталды

📄 Астанада өткен «Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық жазғы сессиясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Аида Мейркулова «Қазақстандағы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы: «Өрлеу» ұлттық орталығының тәжірибесі және институционалдық шешімдері» тақырыбында баяндама жасады.

📊 Баяндамада педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының негізгі үрдістері мен «Өрлеудің» 2029 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттары жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

👥 Сессияға еліміздің барлық 20 өңірінен 300 жуық педагог қатысты. Олардың қатарында білім басқармаларының жауапты мамандары, әдістемелік орталықтардың өкілдері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және 5-11 сыныптарда сабақ беретін педагогтер бар.

🏆 Семинар қорытындысында білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне тиімді енгізуге және республикалық жазғы сессияның мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне қосқан елеулі үлесі үшін Аида Мейркуловаға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Алғыс хаты табысталды.
💻 «Ұстаз» ұлттық платформасының жұмысының артында не тұр?

🌐 «Өрлеу» ҰБАО» АҚ-ның «Ұстаз» ұлттық платформасы – педагогтердің кәсіби дамуы мен аттестаттау үдерістерін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін негізгі цифрлық жобалардың бірі.

👩‍💻 Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры Камила Айтқожинаның айтуынша, пайдаланушыларға арналған интерфейстің артында мамандардың күн сайынғы үйлесімді еңбегін талап ететін күрделі цифрлық экожүйе жұмыс істейді.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
💻 «Ұстаз» ұлттық платформасының жұмысының артында не тұр? 🌐 «Өрлеу» ҰБАО» АҚ-ның «Ұстаз» ұлттық платформасы – педагогтердің кәсіби дамуы мен аттестаттау үдерістерін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін негізгі цифрлық жобалардың бірі. 👩‍💻 Ақпараттық жүйелерді…
⚙️ Департамент командасы платформаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, оның функционалын тұрақты түрде дамытып келеді: жаңа сервистерді жобалайды, жаңартуларды енгізеді, қолданыстағы құралдарды жетілдіреді және жүйенің өнімділігін арттырады.

🔒 Сондай-ақ платформаны мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялауға, серверлік инфрақұрылымды дамытуға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және педагогтер мен аттестаттау комиссияларына жедел техникалық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады.

📊 Бүгінде «Ұстаз» – педагогтердің кәсіби дамуының маңызды үдерістерін біріктіретін біртұтас цифрлық орта. Команданың басты мақсаты – платформаны одан әрі сенімді, ыңғайлы әрі технологиялық тұрғыдан жетілдіріп, әрбір жаңа сервистің пайдаланушылардың жұмысын шын мәнінде жеңілдетуін қамтамасыз ету.

💬 «Әрбір жаңартудың, жаңа функцияның және сәтті шешілген өтініштің артында үлкен команданың күнделікті еңбегі жатыр. Біз білім беру жүйесінің дамуына ықпал ететін технологияларды жасаймыз», – деп атап өтті «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры Камила Айтқожина.

#Ұстаз #Цифрландыру #IT #Әзірлеу #білімберужүйесі
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
⚙️ Департамент командасы платформаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, оның функционалын тұрақты түрде дамытып келеді: жаңа сервистерді жобалайды, жаңартуларды енгізеді, қолданыстағы құралдарды жетілдіреді және жүйенің өнімділігін арттырады. …
💻 Национальная платформа «Ұстаз» — один из ключевых цифровых проектов АО «НЦПК «Өрлеу», обеспечивающий сопровождение процессов профессионального развития и аттестации педагогов.

👩‍💻 Как отмечает директор Департамента администрирования информационных систем Камила Айткужина, за привычным для пользователей интерфейсом стоит сложная цифровая экосистема, требующая ежедневной слаженной работы специалистов.

⚙️ Команда департамента не только обеспечивает бесперебойную работу платформы, но и постоянно развивает её функционал: проектирует новые сервисы, внедряет обновления, совершенствует действующие инструменты и повышает производительность системы.

🔒 Особое внимание уделяется интеграции платформы с государственными информационными системами, развитию серверной инфраструктуры, обеспечению информационной безопасности и оперативной технической поддержке педагогов и аттестационных комиссий.

📊 Сегодня «Ұстаз» — это единая цифровая среда, объединяющая важнейшие процессы профессионального развития педагогов. Главная задача команды — сделать платформу ещё более надёжной, удобной и технологичной, чтобы каждый новый сервис действительно облегчал работу пользователей.

💬 «За каждым обновлением, новой функцией и успешно решённым обращением стоит ежедневная работа большой команды. Мы создаём технологии, которые помогают системе образования развиваться», — подчеркнула директор Департамента администрирования информационных систем АО «НЦПК «Өрлеу» Камила Айткужина.
❤1