«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.76K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
🧑🏻‍🏫 «Педагогтердің цифрлық профилі»: «Педагог-шебер» санатын алу

⭐ «Педагог-шебер» санатын алу үшін 112 балл қажет.

📊 Баллдардың бөлінісі:
— 80 балл – тәрбие-білім беру процесінің сапасы үшін;
— 4 балл – республикалық/халықаралық конкурс;
— 4 балл – тәжірибе тарату бойынша баяндама;
— 5 балл – оқу бағдарламаларын әзірлеу немесе 25 жыл еңбек өтілі;
— 4 балл – шығармашылық топтарға қатысу;
— 2 балл – 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы;
— 5 балл – буллингтің алдын алу курсы;
— 3 балл – 2 педагогке кәсіби сүйемелдеу;
— 5 балл – ата-аналармен 5 іс-шара.

🎬 Толық ақпарат бейнероликте.

__

👩🏻‍🏫 «Цифровой профиль педагога»: получение категории «Педагог-мастер»

⭐ Для получения категории «Педагог-мастер» необходимо набрать 112 баллов.

📊 Распределение баллов:
— 80 баллов — за качество воспитательно-образовательного процесса;
— 4 балла — республиканский/международный конкурс;
— 4 балла — доклад по распространению опыта;
— 5 баллов — разработка учебных программ или 25 лет педагогического стажа;
— 4 балла — участие в творческих группах;
— 2 балла — 72-часовой курс повышения квалификации;
— 5 баллов — курс по профилактике буллинга;
— 3 балла — профессиональное сопровождение 2 педагогов;
— 5 баллов — 5 мероприятий с родителями.

🎬 Подробная информация — в видеоролике.
❤1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
🕯️ 10 тамыз – Абай күні

📘 Бүгін – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы, философы әрі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбайұлының туған күні. 2020 жылдан бері бұл күн елімізде ресми түрде Абай күні ретінде аталып келеді.

✨ Абайдың шығармашылығы – ұлттың рухани қазынасы ғана емес, білім мен ғылымға бастайтын өмірлік бағдар. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері адамгершілік, еңбек, әділет, тәрбие, білім және ғылымның құндылығын дәріптеп, ұрпақ санасын тәрбиелеуге қызмет етеді.

📜 Ұлы ойшылдың: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» деген өсиеті бүгінгі білім беру жүйесінің де басты қағидаларымен үндеседі.

💡 Абай жас ұрпақты ерте жастан білімге құштар болуға, ғылымды игеруге, ойлануға, ізденуге шақырды. Оның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Отыз екінші қара сөзі» сияқты туындылары білімнің тек ақпарат емес, адамның рухани кемелденуінің негізі екенін айқын көрсетеді.

🌍 Бүгінде Абай мұрасы әлемнің көптеген тіліне аударылып, ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде мойындалған. Бұл – қазақ руханиятының әлемдік өркениетке қосқан өлшеусіз үлесінің айғағы.

✅ «Өрлеу» БАҰО үшін Абай мұрасы – педагогтің үздіксіз ізденісі, кәсіби дамуы және сапалы білім берудің рухани темірқазығы.

✨ Ұлы ақынның тағылымы әр ұстаздың жүрегіне жол тауып, жас ұрпақтың білімге, ғылымға және адамгершілікке деген құштарлығын арттыра берсін!
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
💻 Цифрлық шешімдер – педагогке қолдау

🌐 Заманауи цифрлық орта ең алдымен ыңғайлы әрі сенімді сервистерден басталады. Сондықтан «Өрлеу» БАҰО» АҚ үшін басым бағыттардың бірі – педагогтердің күнделікті оқуына, аттестаттаудан өтуіне және біліктілігін арттыруына көмектесетін цифрлық платформаны үздіксіз жетілдіру.

👨‍💻 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу департаментінің мамандары аттестаттау және қатысуды есепке алу модульдерін, курстарды басқару жүйесін, кадрлық және мансаптық сервистерді, пайдаланушылардың жеке кабинеттерін, корпоративтік портал мен ішкі ақпараттық ресурстарды сүйемелдеп, дамытады.

⚡ Команда цифрлық сервистердің өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру бағытында үнемі жұмыс жүргізуде. Қатысуды есепке алу және емтихан материалдары модульдеріндегі маңызды техникалық ақаулар жойылып, журналдар мен қатысу статистикасының жүктелу жылдамдығы арттырылуда, үлкен көлемдегі деректерді өңдеу оңтайландырылуда.

📜 Курстан кейінгі жоспарлау модулі жетілдірілуде, жіберілген құжаттарды редакциялау кезінде туындайтын қателер түзетілуде, ал сертификаттарды қалыптастыру тетігі техникалық ақаулар бұрын берілген құжаттардың жоғалуына әкелмейтіндей етіп жетілдірілуде.

🔑 Негізгі мақсат пайдаланушылар үшін қолжетімді, ыңғайлы сервистің болғаны. Электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеу бұрынғыдан да түсінікті бола түсуде: күрделі серверлік қателердің орнына педагогтер мен аттестаттау комиссияларының мүшелері туындаған жағдайдың себебін түсіндіретін мазмұнды хабарламалар алады.

📚 Онлайн-оқыту сервистері де дамып келеді. Егер курс уақытша қолжетімсіз болса, жүйе техникалық қате орнына пайдаланушыға түсінікті хабарлама көрсетеді. Сонымен қатар корпоративтік сайт та жетілдірілуде: жаңалықтар мен мерзімді басылымдар бөлімдері жаңартылып, «Педагогикалық идеялар панорамасы» жобасының беті жаңғыртылуда.

🚀 Цифрлық шешімдерді жүйелі түрде дамыту «Өрлеу» платформасын бұрынғыдан да ыңғайлы, тұрақты әрі заманауи етеді. Әрбір жаңартудың артында ондаған техникалық шешімдер тұр. Соның арқасында педагогтердің оқуы, аттестаттаудан өтуі және кәсіби дамуы бұрынғыдан да жеңіл, жайлы әрі тиімді бола түседі.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
💻 Цифровые решения – поддержка педагога

🌐 Современная цифровая среда начинается, прежде всего, с удобных и надежных сервисов. Поэтому одним из приоритетных направлений АО «НЦПК «Өрлеу» является непрерывное совершенствование цифровой платформы, которая помогает педагогам в повседневном обучении, прохождении аттестации и повышении квалификации.

👨‍💻 Специалисты Департамента разработки программного обеспечения сопровождают и развивают модули аттестации и учета посещаемости, систему управления курсами, кадровые и карьерные сервисы, личные кабинеты пользователей, корпоративный портал и внутренние информационные ресурсы.

⚡ Команда постоянно работает над повышением производительности и стабильности цифровых сервисов. Устраняются важные технические ошибки в модулях учета посещаемости и экзаменационных материалов, повышается скорость загрузки журналов и статистики посещаемости, оптимизируется обработка больших объемов данных.

📜 Совершенствуется модуль послекурсового планирования, исправляются ошибки, возникающие при редактировании отправленных документов, а механизм формирования сертификатов дорабатывается таким образом, чтобы технические сбои не приводили к утрате ранее выданных документов.

🔑 Основная цель – обеспечить пользователям доступный и удобный сервис. Работа с электронной цифровой подписью становится еще более понятной: вместо сложных серверных ошибок педагоги и члены аттестационных комиссий получают содержательные сообщения, разъясняющие причину возникшей ситуации.

📚 Продолжают развиваться и сервисы онлайн-обучения. Если курс временно недоступен, система вместо технической ошибки отображает пользователю понятное уведомление. Кроме того, совершенствуется и корпоративный сайт: обновляются разделы новостей и периодических изданий, модернизируется страница проекта «Панорама педагогических идей».

🚀 Системное развитие цифровых решений делает платформу «Өрлеу» еще более удобной, стабильной и современной. За каждым обновлением стоят десятки технических решений. Благодаря этому обучение педагогов, прохождение аттестации и профессиональное развитие становятся еще проще, комфортнее и эффективнее.
❤1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
♟️ «Өрлеу» мен Қазақстан шахмат федерациясы педагогтердің кәсіби дамуы үшін күш біріктіреді
 
🤝 «Өрлеу» БАҰО» АҚ мен «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов пен «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Бірінші вице-президенті Дәрмен Садвакасов қол қойды.
 
🎯 Аталған құжат тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын айқындап, педагогтерге арналған шахмат курстарын ұйымдастыруға қажетті жағдай қалыптастырады.
 
📚 Меморандум аясында педагогтер, әдіскерлер мен білім беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, тренингтер мен шеберлік сыныптарын бірлесіп өткізу жоспарланған. Сондай-ақ сапалы оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдар әзірлеуге, тәжірибе алмасуға және педагогтерді курстан кейін кәсіби сүйемелдеуге ерекше назар аударылады.
 
💬 «Өрлеу үшін кез келген серіктестіктің басты құндылығы – оның педагогке беретін мүмкіндігі мен білім сапасына қосатын нақты үлесі. Шахмат – баланы ойлануға, бірнеше қадам алға жоспарлауға, шешім қабылдауға және өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарауға үйретсе, осы мүмкіндікті балаға дұрыс жеткізетін негізгі тұлға – педагог. Сондықтан біздің міндетіміз – мұғалімге қажетті кәсіби және әдістемелік қолдау көрсету», – деді Ғалымжан Алматов.
 
📍 Ынтымақтастық нақты жұмыстармен жалғасуда. Қазіргі уақытта тараптардың бірлескен жұмысы нәтижесінде Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қызылорда, Ақтау және Шымкент қалаларындағы «Өрлеу» филиалдарында шахмат курстарын ұйымдастыру бойынша дайындық басталды.
 
🏆 Шахмат тақтасындағы әр шешім ой тереңдігін талап етеді. Ал білім кеңістігіндегі ең үлкен жеңіс – өз бетінше ойлайтын, таңдау жасай алатын және жауапкершілік алатын тұлға қалыптастыру.
 
❤1👍1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
♟️ «Өрлеу» и Казахстанская федерация шахмат объединяют усилия для профессионального развития педагогов
 
🤝 Между АО «НЦПК «Өрлеу» и РОО «Казахстанская федерация шахмат» подписан меморандум о сотрудничестве. Документ подписали Председатель Правления АО «НЦПК «Өрлеу» Галымжан Алматов и Первый вице-президент РОО «Казахстанская федерация шахмат» Дармен Садвакасов.
 
🎯 Документ определяет основные направления взаимодействия сторон и создает необходимые условия для организации шахматных курсов для педагогов.
 
📚 В рамках меморандума планируется совместное проведение курсов повышения квалификации, семинаров, тренингов и мастер-классов для педагогов, методистов и руководителей организаций образования. Особое внимание также будет уделено разработке качественных учебно-методических и дидактических материалов, обмену опытом и профессиональному посткурсовому сопровождению педагогов.
 
💬 «Для «Өрлеу» главная ценность любого партнерства – это возможности, которые оно предоставляет педагогу, и его конкретный вклад в качество образования. Если шахматы учат ребенка мыслить, планировать на несколько шагов вперед, принимать решения и ответственно относиться к результатам своих действий, то ключевая фигура, которая может правильно донести эти возможности до ребенка, – педагог. Поэтому наша задача – оказать учителю необходимую профессиональную и методическую поддержку», – сказал Галымжан Алматов.
 
📍 Сотрудничество продолжается конкретной работой. В настоящее время в результате совместной работы сторон началась подготовка к организации шахматных курсов в филиалах «Өрлеу» в Актобе, Усть-Каменогорске, Семее, Кызылорде, Актау и Шымкенте.
 
🏆 Каждое решение на шахматной доске требует глубины мышления. А самая большая победа в образовательном пространстве – формирование личности, способной самостоятельно мыслить, делать выбор и брать на себя ответственность.
👍1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
🔷 «Өрлеудің» цифрлық экожүйесі: қолайлы жұмысқа арналған технологиялар

💻 Курсқа жазылу, оқудан және тестілеуден өту, сертификат алу немесе жеке кабинетті пайдалану — бүгінде бұл әрекеттер педагогтің кәсіби дамуының үйреншікті бөлігіне айналды. Әрбір осындай қадам жылдам әрі артық қиындықсыз жүзеге асуы үшін «Өрлеудің» цифрлық экожүйесі тұрақты сүйемелдеуді және жетілдіруді қажет етеді.

⚙️ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу департаментінің командасы цифрлық сервистердің сапасы мен тұрақтылығына баса назар аударды. Мамандар аттестаттау және қатысуды есепке алу модульдерінің, жеке кабинеттердің, кадрлық және мансаптық сервистердің жұмысын оңтайландырып, журналдар мен статистиканың жүктелуін жеделдетті, сертификаттарды қалыптастыру үдерістерін жетілдірді.

🔐 Электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді. Пайдаланушы жұмысын жылдам жалғастыра алуы үшін техникалық хабарламалар түсінікті ескертулер мен ұсынымдарға ауыстырылды.

🖥️ Цифрлық сервистердің сырт көзге қарапайым көрінетін жұмысының артында ауқымды инфрақұрылым тұр. Kubernetes-кластерінің 20-дан астам белсенді кеңістігі курстардың, аттестаттаудың, кадрлық және басқа да жүйелердің жұмысын қамтамасыз етеді. Алты ай ішінде мамандар әкімшілендіру, диагностика және техникалық сүйемелдеу үшін қажетті қорғалған қашықтан қол жеткізудің 1400-ден астам операциясын орындады.

🛡️ Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік күшейтілуде: деректерді қорғау және авторизациялау тетіктері жетілдіріліп, инфрақұрылымға қол жеткізу бақыланады, ал жаңартулар негізгі сервистердің жұмысын тоқтатпай енгізіледі.

✨ Бұл жұмыстың басым бөлігі пайдаланушыға байқалмайды — заманауи цифрлық орта дәл осылай жұмыс істеуі тиіс. Оның сапасы техникалық үдерістердің санымен емес, адамның өз міндетін қаншалықты сенімді, жылдам әрі ыңғайлы шеше алуымен өлшенеді.

👩‍💻 Көзге көрінбейтін үлкен еңбектің нәтижесі – педагогке түсінікті, қолжетімді әрі сенімді цифрлық орта қалыптастыруда. «Өрлеудің» цифрлық экожүйесі де осы бағытта үздіксіз дамып келеді.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
🔷 Цифровая экосистема «Өрлеу»: технологии для удобной работы

💻 Записаться на курс, пройти обучение и тестирование, получить сертификат или воспользоваться личным кабинетом — сегодня эти действия стали привычной частью профессионального развития педагога. Чтобы каждый такой шаг проходил быстро и без лишних сложностей, цифровая экосистема «Өрлеу» требует постоянного сопровождения и совершенствования.

⚙️ В первом полугодии 2026 года команда Департамента разработки программного обеспечения сосредоточилась на качестве и устойчивости цифровых сервисов. Специалисты оптимизировали работу модулей аттестации и учёта посещаемости, личных кабинетов, кадровых и карьерных сервисов, ускорили загрузку журналов и статистики, усовершенствовали процессы формирования сертификатов.

🔐 Отдельное внимание уделено взаимодействию с электронной цифровой подписью. Технические сообщения заменены понятными уведомлениями и рекомендациями, чтобы пользователь мог быстрее сориентироваться и продолжить работу.

🖥️ За внешней простотой цифровых сервисов стоит серьёзная инфраструктура. Более 20 активных пространств Kubernetes-кластера поддерживают работу курсов, МООС, аттестации, кадровых и других систем. За шесть месяцев специалисты выполнили свыше 1400 операций защищённого удалённого доступа, необходимых для администрирования, диагностики и технического сопровождения.

🛡️ Параллельно усиливается информационная безопасность: совершенствуются механизмы защиты данных и авторизации, контролируется доступ к инфраструктуре, а обновления внедряются без остановки основных сервисов.

✨ Большая часть этой работы остаётся незаметной для пользователя — и именно так должна работать современная цифровая среда. Её качество измеряется не количеством технических процессов, а тем, насколько уверенно, быстро и удобно человек может решить свою задачу.

👩‍💻 За стабильной работой платформы — ежедневная работа специалистов, которые следят за тем, чтобы цифровые возможности «Өрлеу» становились надёжнее, безопаснее и удобнее для педагогов.