«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНАН – БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу, педагогтер мен білім алушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту жөнінде нақты міндеттер қойды. Осы тапсырмаларды практикалық шешімдермен сабақтастыру мақсатында «Білім берудегі жасанды интеллект: Президент Жарлығынан заманауи білім беру тәжірибесіне дейін» тақырыбында секция отырысы өтті.

Басқосу мемлекеттік органдар, педагогтер, сарапшылар, отандық IT-компаниялар мен білім беру технологияларын әзірлеушілерді бір алаңға жинады.

Секция аясындағы интерактивті көрмеде «ЖИ және педагог», «ЖИ және білім алушы», «Цифрлық білім беру контенті» бағыттары бойынша отандық платформалар мен ЖИ-шешімдер таныстырылды.

«Мемлекеттік саясаттан білім берудің бірыңғай цифрлық экожүйесіне дейін» атты стратегиялық диалогта ЖИ-ді білім беруге қауіпсіз әрі тиімді енгізу мәселелері талқыланды. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Гиззат Байтурсынов, Оқу-ағарту вице-министрі Сергей Компаниец, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова жаңа цифрлық дәуірдегі білім, мемлекеттік саясат, адами капитал мен жаңа құзыреттер мәселелеріне тоқталды.

«Өрлеу» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Даулет Боранғали цифрлық трансформацияның келесі қадамы – технологияны жай енгізу емес, деректер мен жасанды интеллект негізінде шешім қабылдауға көшу және педагогтердің AI-құзыреттерін жүйелі дамыту екенін атап өтті.

Практикалық бөлімде отандық IT-компаниялар мен мектеп педагогтері ЖИ-ді білімді диагностикалау, жеке білім беру траекториясын қалыптастыру, цифрлық контентті жетілдіру және мектепті басқаруда қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Президент тапсырмасынан басталған бұл бағыттың басты өлшемі – технологияның өзі емес, оның мұғалімге, оқушыға және білім сапасына беретін нақты нәтижесі.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ: ОТ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА – К ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРАКТИКЕ

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поставил конкретные задачи по внедрению искусственного интеллекта в систему образования, развитию цифровых компетенций педагогов и обучающихся. В целях реализации этих поручений посредством практических решений состоялось заседание секции на тему «Искусственный интеллект в образовании: от Указа Президента к современной образовательной практике».

Встреча объединила на одной площадке представителей государственных органов, педагогов, экспертов, отечественных IT-компаний и разработчиков образовательных технологий.

В рамках интерактивной выставки секции были представлены отечественные платформы и решения на основе ИИ по направлениям «ИИ и педагог», «ИИ и обучающийся», «Цифровой образовательный контент».

В ходе стратегического диалога «От государственной политики к единой цифровой экосистеме образования» были обсуждены вопросы безопасного и эффективного внедрения ИИ в образование. Вице-министр искусственного интеллекта и цифрового развития Гиззат Байтурсынов, вице-министр просвещения Сергей Компаниец, вице-министр науки и высшего образования Динара Щеглова остановились на вопросах образования в новую цифровую эпоху, государственной политики, человеческого капитала и новых компетенций.

Заместитель председателя Правления АО «Өрлеу» Даулет Борангали отметил, что следующий шаг цифровой трансформации – это не просто внедрение технологий, а переход к принятию решений на основе данных и искусственного интеллекта, а также системное развитие AI-компетенций педагогов.

В практической части отечественные IT-компании и школьные педагоги поделились опытом применения ИИ для диагностики знаний, формирования индивидуальной образовательной траектории, совершенствования цифрового контента и управления школой.

Главным критерием этого направления, начатого с поручения Президента, является не сама технология, а конкретный результат, который она дает учителю, ученику и качеству образования.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📌 АТТЕСТАТТАУ: НӘТИЖЕ, ПИЛОТ ЖӘНЕ НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

🏢 «Өрлеу» БАҰО-да Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында педагогтерді аттестаттаудың қазіргі нәтижелері, пилоттық жобаны іске асыру және «Ұстаз» платформасының жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

📝 Педагогтерді есепке алу және дамыту жөніндегі департамент директоры Сәуле Вильданова пилоттық жобаның негізгі кезеңдері мен педагогтерді сүйемелдеу шараларына тоқталды.

📅 Пилоттық жоба 2026 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында өтеді. Педагогтер материалдарын 1 қыркүйектен 14 желтоқсанға дейін жүктей алады, ал өтініштер 20 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Маңызды жаңалықтың бірі – пилот кезеңінде педагогтің қолданыстағы біліктілік санаты және оған белгіленген қосымша ақы жаңа санат берілгенге немесе расталғанға дейін сақталады.

💬 Сәуле Вильданова қыркүйек айында өңірлерге арналған нұсқаулық хаттар әзірленіп, мобильді топтарға, білім басқармаларының өкілдері мен педагогтерге вебинарлар ұйымдастырылатынын айтты.

📊 Кеңесте аттестаттаудың қазіргі нәтижелері де сараланды. Бұл бағыттағы цифрлық жұмыстар туралы Цифрлық инфрақұрылым мен жүйелерді басқару департаментінің директоры Камила Айткужина баяндады.

📈 Бүгінде қолданыстағы қағидалар бойынша 67 547 өтініш беріліп, аттестаттау комиссиялары 60 842 шешім қабылдаған. Жалпы аяқталу деңгейі – 90,1%. Ғалымжан Алматов бұл бағыттағы жұмыстың созылуына жол бермеуді тапсырды. Аттестаттау шарасын 10 қыркүйекке дейін аяқтау міндеті қойылды. Бұл ретте барлық жұмыс заң талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізілуі тиіс.

📞 Басқарма төрағасы өңірлік филиал директорлары педагогтерден түсетін аттестаттауға қатысты сұрақтарға тікелей жауап беруі керектігін де атап өтті. Осы мақсатта филиал басшыларының байланыс нөмірлерін ашық жариялау ұсынылды.

💻 Камила Айткужина пилоттық жобаға байланысты «Ұстаз» платформасында енгізілген жаңа цифрлық мүмкіндіктерді таныстырды. Жүйеде жекелеген көрсеткіштер автоматты түрде есептеліп, онлайн-сабақтарды портфолио мен бақылау парақтарына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылған.

🎯 Кеңес қорытындысында басты басымдықтар айқындалды: қолданыстағы аттестаттауды толық аяқтау, пилоттық жобаны сапалы іске қосу, «Ұстаз» платформасының жұмысын тұрақты бақылау және ең бастысы – педагогке түсінікті әрі жедел қолдау көрсету.
❤1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📌 АТТЕСТАЦИЯ: РЕЗУЛЬТАТЫ, ПИЛОТ И КОНКРЕТНЫЕ ЗАДАЧИ

🏢 В НАО «Өрлеу» под председательством председателя Правления Галымжана Алматова состоялось очередное аппаратное совещание. На совещании были обсуждены текущие результаты аттестации педагогов, реализация пилотного проекта и новые возможности платформы «Ұстаз». Директор Департамента учета и развития педагогов Сауле Вильданова рассказала об основных этапах пилотного проекта и мерах по сопровождению педагогов.

📅 Пилотный проект будет проходить с сентября по декабрь 2026 года. Педагоги смогут загружать свои материалы с 1 сентября по 14 декабря, а прием заявлений будет осуществляться с 20 сентября по 15 декабря. Одним из важных нововведений является то, что на период пилотного проекта действующая квалификационная категория педагога и установленная за нее доплата сохраняются до момента присвоения или подтверждения новой квалификационной категории.

💬 Сауле Вильданова отметила, что в сентябре будут разработаны инструктивные письма для регионов, а также организованы вебинары для мобильных групп, представителей управлений образования и педагогов. На совещании также были проанализированы текущие результаты аттестации. О цифровой работе в данном направлении доложила директор Департамента управления цифровой инфраструктурой и системами Камила Айткужина. На сегодняшний день в соответствии с действующими правилами подано 67 547 заявлений, а аттестационными комиссиями принято 60 842 решения. Общий уровень завершения составляет 90,1%.

📊 Галымжан Алматов поручил не допускать затягивания работы в данном направлении. Поставлена задача завершить аттестационные мероприятия до 10 сентября. При этом вся работа должна проводиться при строгом соблюдении требований законодательства. Председатель Правления также отметил, что директора региональных филиалов должны непосредственно отвечать на вопросы педагогов, связанные с аттестацией. В этой связи было предложено открыто публиковать контактные номера руководителей филиалов.

💻 Камила Айткужина представила новые цифровые возможности, внедренные на платформе «Ұстаз» в связи с реализацией пилотного проекта. В системе предусмотрен автоматический расчет отдельных показателей, а также возможность связывать онлайн-уроки с портфолио и листами наблюдения.

🎯 По итогам совещания определены основные приоритеты: полностью завершить текущую аттестацию, качественно запустить пилотный проект, обеспечить постоянный контроль за работой платформы «Ұстаз» и, самое главное, обеспечить педагогам понятную и оперативную поддержку.
👍2
📌 Аттестаттау: сұрақ бар ма? Біз байланыстамыз!

📞 Енді өз өңіріңіздегі «Өрлеу» Кәсіби даму институтының директорына тікелей хабарласа аласыз.

👉 Карусельді парақтап, өз өңіріңізді таңдаңыз және көрсетілген байланыс нөмірі арқылы сұрағыңызды қойыңыз.

🤝 «Өрлеу» педагогтермен әрдайым байланыста!

🔹🔹🔹🔹🔹

📌 Аттестация: есть вопросы? Мы на связи!

📞 Теперь вы можете напрямую обратиться к директору Института профессионального развития «Өрлеу» в своем регионе.

👉 Листайте карусель, выберите свой регион и задайте свой вопрос по указанному контактному номеру.

🤝 «Өрлеу» всегда на связи с педагогами!
📌 Аттестаттауға қатысты сұрағыңыз бар ма? «Өрлеу» жауап беруге дайын!

📞 Енді аттестаттауға қатысты көкейіңіздегі сауалды «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның департамент директорларына тікелей жолдай аласыз.

👉 Карусельді парақтап, өзіңізге қажетті өңірді таңдаңыз және көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз.

💬 Сұрағыңызды қойыңыз — қажетті ақпаратты тікелей мамандардан алыңыз.

🤝 «Өрлеу» — педагогтерге ақпараттық қолдау көрсетуге әрдайым дайын!

____

📌 Есть вопросы по аттестации? «Өрлеу» готов ответить!

📞 Теперь вы можете напрямую задать интересующие вас вопросы по аттестации директорам департаментов АО «НЦПК «Өрлеу».

👉 Листайте карусель, выберите нужный регион и свяжитесь по указанному номеру телефона.

💬 Задайте свой вопрос — получите необходимую информацию напрямую от специалистов.

🤝 «Өрлеу» всегда готов оказать педагогам информационную поддержку!