«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдауға бағытталған «Ұстаз» ұлттық цифрлық платформасының пилоттық кезеңінің нәтижелерімен танысты

➖➖➖

🇰🇿 Министр просвещения РК Гани Бейсембаев ознакомился с первыми результатами пилотного проекта Национальной платформы непрерывного профессионального развития «Ұстаз»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3
🏫 Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. 2024–2025 оқу жылында 254 мың орындық 105 жаңа форматтағы мектеп пайдалануға берілді, ал 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 217-ге жетеді

Толығырақ карусельде ⤴️
👍6❤4🔥4
🏫 В стране активно реализуется национальный проект «Келешек мектептері», инициированный Главой государства. В 2024-2025 учебном году уже введено в эксплуатацию 105 школ нового формата на 254 тыс. мест, а до конца 2025 года их количество достигнет 217

Подробнее в нашей карусели ⤴️
❤16👍7
⚡️Құқықбұзушылықтар саны үш есе қысқарды - Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің құқықтары туралы еске салды

🇰🇿Жаңа оқу жылының қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс әкімдерінің орынбасарларымен, қала және аудан әкімдерімен, сондай-ақ білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізді. Кездесуде ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының орындалуы талқыланды.

🗣Кеңесте министр мемлекет тарапынан білім беру жүйесін дамыту, педагогтерді қолдау және балалардың құқықтарын қорғау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы республикалық тамыз конференциясында мұғалімдердің құқықтарын қорғау, педагогтерге өз қызметіне сәйкес келмейтін міндеттерді жүктемеу туралы ерекше атап өтті. Жергілікті атқарушы органдарының тарапынан заңның өрескел бұзылуы орын алған жағдайда, прокуратура органдары араласуы тиіс. Сондай-ақ балаларға қатысты болған қайғылы оқиғалар үшін де мұғалімдерді жазалау – орынсыз», – деді Ғани Бейсембаев.


🗣Соңғы жылдары жағдай едәуір жақсарған. 2020 жылмен салыстырғанда заңбұзушылықтар саны үш есе азайды. Алайда, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы хабарлағандай, бұл мәселе кейбір өңірлерде әлі де сақталып отыр. Ең жиі кездесетін жағдайлар – мұғалімдерді өз міндетінен тыс жұмыстарға тарту, олардың ар-намысына тию, билет сатып алуға немесе түрлі іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеу.

🗣Кеңес барысында жергілікті атқарушы органдардың басшыларына Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылы қабылданған ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының негізгі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Бұл заңда мұғалімдердің жүктемесін азайту, негізсіз тексерулер мен педагогке тән емес функцияларға жол бермеу, сондай-ақ жауапкершілікке тартудың құқықтық тетіктері қарастырылған. Атап айтқанда, педагогтерге құрметсіздік танытқандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

🗣Сонымен қатар заңда педагогтердің негізгі міндеттері нақты айқындалған. Олардың қатарында сапалы білім беру мен тәрбиелеу, баланың құқықтарын құрметтеу, педагогикалық этиканы сақтау, кәсіби құзыреттілігін үнемі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бар.

❗️Кеңесті қорытындылай келе, министр мұғалімді қорғау арқылы біз баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ететінімізді атап өтті. Барлық мемлекеттік органдар «Педагог мәртебесі туралы» заңды орындауға міндетті. Бұл ретте өңірлік білім басқармалары мен аумақтық департаменттер заң талаптарын түсіндірумен қатар, олардың нақты орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Білім беру саласында заңдылық пен тәртіпті сақтау баршаға ортақ әрі міндетті талап болуы қажет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👍2
📅 «Ұстаз» платформасындағы аттестацияның толық нәтижелері жақын күндері жарияланады.

🗣️ Осы уақытқа дейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы аттестация ережелері, құжат тапсыру тәртібі және комиссия жұмысына байланысты ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Педагогтермен жеке кездесулер ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізілді. Соның нәтижесінде жарты миллионға жуық мұғалім қамтылды.

♻️ Түсіндірме жұмыстары мұнымен шектелмей, алдағы уақытта да жалғасады.

⸻

📅 Полные результаты аттестации на платформе «Ұстаз» будут опубликованы в ближайшие дни.

✅ До этого времени Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» провёл масштабную разъяснительную работу по правилам аттестации, порядку подачи документов и деятельности комиссий. Для педагогов организовывались личные встречи, а также прямые эфиры в социальных сетях. В итоге охвачено почти полмиллиона учителей.

🗣️ Разъяснительная работа будет продолжена
❤11👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌷 ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады

🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿

🌷 Министр просвещения Республики Казахстан Жулдыз Сулейменова поздравила казахстанских учителей с профессиональным праздником
👍16❤1