«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
📌Қырғыз Республикасының педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының өкілдері «Ұстаз» үздіксіз педагогикалық даму ұлттық платформасының жұмысымен танысты.
✈️ Бүгін Қазақстанға жұмыс сапары аясында Қырғыз Республикасының педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің өкілдері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына барды. Қонақтар педагог кадрлардың кәсіби деңгейін басқару экожүйесінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып саналатын «Ұстаз» платформасының жұмысына айрықша қызығушылық танытты.
🤝Кездесу барысында «Өрлеу» мамандары платформа әзірлеу тәжірибесімен бөлісіп, педагогтердің біліктілік санатына аттестациядан өтуіне қажетті портфолио әзірлеу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Қырғызстандық тарап аттестацияны орталықтандырылған, ашық және тиімді форматта жүргізуге мүмкіндік беретін «Ұстаз» платформасының артықшылықтарын жоғары бағалады.
🗂️Тараптар педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі цифрландыру үдерістерін және алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.🔗«Өрлеу» орталығы жинақталған тәжірибемен бөлісуге және білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы бағытында халықаралық әріптестікті кеңейтуге дайын екендігін атап өтті.
💻ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы - педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына арналған «Ұстаз» бірегей цифрлық платформасының әзірлеушісі. Платформа педагогтер туралы ауқымды деректер базасының цифрлық талдауын қамтып, олардың біліктілік аттестациясын объективті және ашық жүргізуді қамтамасыз етеді.
❤1
📌Представители Института повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров Кыргызской Республики ознакомилась с работой Национальной платформы непрерывного педагогического развития «Ұстаз».

✈️Сегодня в рамках рабочей поездки в Казахстан представители системы повышения квалификации и переподготовки педагогов Кыргызской Республики посетили Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Министерства просвещения Казахстана. Коллеги проявили особый интерес к концепции функционирования платформы «Ұстаз», которая является одной из ключевых составляющих экосистемы управления качеством педагогических кадров.

🤝В ходе встречи специалисты «Өрлеу» поделились опытом разработки и возможностями, которые предоставляет платформа при формировании портфолио педагога для прохождения аттестации на квалификационную категорию. Кыргызская сторона высоко оценила преимущества платформы «Ұстаз», позволяющие проводить аттестацию централизованно, открыто и эффективно.

🗂️Стороны обсудили вопросы цифровизации процессов системы повышения квалификации педагогов и перспективы дальнейшего сотрудничества.

🔗 Центр «Өрлеу» отметил свою готовность делиться накопленным опытом и расширять международное партнерство в направлении цифровой трансформации системы образования.

💻 НЦПК «Өрлеу» Министерства просвещения Казахстана является разработчиком уникальной цифровой платформы непрерывного профессионального развития «Ұстаз», которая содержит цифровую аналитику больших данных о педагогах, а также обеспечивает объективность и прозрачность процедуры их квалификационной аттестации.
❤1
💵 6 мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырды
💹 Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын күшейтуге бағытталған ауқымды жоба жалғасуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп жүзеге асырған бағдарлама бойынша биыл жоспарланған курстар толық аяқталды. Келесі жылы тағы шамамен 4 мыңға жуық педагог оқытудан өтеді.
📊 Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдары негізінде әзірленген. Курс барысында ұстаздар отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестиция, цифрлық активтерді басқару, несие және зейнетақы жүйесін түсіну сияқты дағдыларды меңгерді. Сондай-ақ, интернет алаяқтарды ажырату, жеке деректерді қорғау жолдарын үйренді.
📚 Бағдарлама мектеп пен колледждерде «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын педагогтерге арналған. Курстан өткен мұғалімдер алған білімін оқу процесінде қолдана отырып, оқушылардың қаржылық сауаттылығын дамытуға ықпал етуде.
_____
💵 Около 6 тысяч педагогов повысили уровень финансовой грамотности
💹 В рамках поручения Главы государства продолжается масштабный проект, направленный на развитие финансовой грамотности учителей и учащихся. Курсы, предусмотренные на текущий год и реализованные в сотрудничестве Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» Министерства просвещения РК и Национальным банком РК, успешно завершены. В следующем году обучение пройдут еще около 4 тысяч педагогов.
📊 Образовательная программа разработана на основе рекомендаций международных экспертов в области финансов и образования. В ходе курса учителя освоили навыки планирования семейного бюджета, основ инвестиционной грамотности, управления цифровыми активами, а также изучили особенности кредитной и пенсионной систем. Кроме того, педагоги прошли обучение по распознаванию интернет-мошенничества и защите персональных данных.
📚 Программа предназначена для педагогов, преподающих предмет «Глобальная компетентность» в школах и колледжах. Применяя полученные знания в учебном процессе, учителя вносят существенный вклад в повышение финансовой грамотности учащихся.
❤3
🤝«Өрлеу» мен British Council ынтымақтастық басымдықтарын айқындады

🏫«Өрлеу» БАҰО-да Британдық Кеңестің Орталық Азия бойынша өңірлік жетекшісі Майкл Холгейт және British Council Kazakhstan директоры Роберт Тэйлормен кездесуі өтті. Бұл - Майкл Холгейттің Қазақстанға алғашқы жұмыс сапары.
💬 Кездесу барысында қонаққа орталықтың қызметі, негізгі бағыттары және педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалары таныстырылды. Тараптар қазіргі бірлескен жобаларды талқылап, жаңа ықпалдастық перспективаларын қарастырды. Олардың қатарында ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламаларын жетілдіру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, академиялық ағылшын тілін дамыту, IELTS емтиханына дайындықты қолдау, сондай-ақ білім беру саласындағы көшбасшылық құзыреттерді нығайту бар.
🔗 Айта өтейік, биыл British Council-пен серіктестік аясында 5 оқу бағдарламасы әзірленді. AELLCA халықаралық жобасы шеңберінде 20 мастер-тренер арнайы оқудан өтті, жыл соңына дейін тағы 64 пән тренері біліктілігін арттырады.
«Өрлеу» и British Council определили приоритеты сотрудничества на 2026 год

🏫В НЦПК «Өрлеу» состоялась встреча с региональным руководителем Британского Совета по Центральной Азии Майклом Холгейтом и директором British Council Kazakhstan Робертом Тэйлором. Это первый рабочий визит Майкла Холгейта в Казахстан.
💬В ходе встречи гостью представили деятельность центра, его ключевые направления и программы повышения квалификации педагогических кадров. Стороны обсудили текущие совместные проекты и рассмотрели новые перспективы сотрудничества.
📝По итогам переговоров были определены приоритетные направления совместной работы на 2026 год, включая совершенствование программ подготовки учителей английского языка, внедрение технологий искусственного интеллекта в процесс обучения английскому языку, развитие академического английского языка, поддержку подготовки к международному экзамену IELTS, а также укрепление лидерских компетенций в сфере образования.
🔗Отметим, что в рамках партнерства с British Council в текущем году разработано 5 образовательных программ. В рамках международного проекта AELLCA специальное обучение прошли 20 мастер-тренеров, а до конца года повышение квалификации пройдут еще 64 предметных тренера.
❤2
🗃️«Келешек мектептері» педагогтеріне арналған семинар-тренингтер жалғасуда

📚 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған команда құру бойынша тренингтер өтуде. Жаңа форматтағы мектептердің ұжымы енді ғана қалыптасып жатқандықтан, бұл оқытудың маңызы зор.
📝 Тренинг барысында мұғалімдер әріптестерін серіктес ретінде қабылдауды, бір-бірінің кәсіби озық қырларын бағалауды және ортақ міндеттерді бірлесе орындау дағдыларын меңгереді. Қатысушылар практикалық жаттығулар жасап, түрлі жұмыс жағдайларын талқылау арқылы келісімге келу, топ ішінде тиімді коммуникация орнату, сенім мен өзара сыйластыққа негізделген кәсіби қарым-қатынасты қалыптастыру тәсілдерін дамытады.
📆 Тренингтер 23 қаңтарға дейін жалғасады. Нәтижесінде «Келешек мектептері» білім беру моделін дамытуға дайын, ынталы әрі біртұтас педагогикалық командалар қалыптасуына ықпал етеді. Айта өтейік, былтыр дәл осындай-семинар тренингтерге еліміз бойынша 3 мыңнан аса педагог қатысқан.

____

🗃️Продолжаются семинары-тренинги для педагогов «Келешек мектептері»

📚Под руководством Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» Министерства просвещения РК во всех регионах страны проходят тренинги по командообразованию для педагогов «Келешек мектептері». Поскольку коллективы школ нового формата находятся на этапе формирования, значение данного обучения особенно велико.
📝В ходе тренингов педагоги учатся воспринимать коллег как партнеров, видеть и ценить их профессиональные сильные стороны, а также совместно выполнять общие задачи. Участники выполняют практические упражнения, анализируют различные рабочие ситуации, развивают навыки выстраивания эффективной коммуникации внутри коллектива, а также формируют профессиональные отношения, основанные на доверии и взаимном уважении.
📆Тренинги продлятся до 23 января. Они способствуют формированию мотивированных, сплоченных педагогических команд, готовых к развитию и внедрению модели «Келешек мектептері». Отметим, что в прошлом году в аналогичных семинарах-тренингах приняли участие более 3 тысяч педагогов со всей страны
❤2👍1