«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
💵 6 мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырды
💹 Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын күшейтуге бағытталған ауқымды жоба жалғасуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп жүзеге асырған бағдарлама бойынша биыл жоспарланған курстар толық аяқталды. Келесі жылы тағы шамамен 4 мыңға жуық педагог оқытудан өтеді.
📊 Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдары негізінде әзірленген. Курс барысында ұстаздар отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестиция, цифрлық активтерді басқару, несие және зейнетақы жүйесін түсіну сияқты дағдыларды меңгерді. Сондай-ақ, интернет алаяқтарды ажырату, жеке деректерді қорғау жолдарын үйренді.
📚 Бағдарлама мектеп пен колледждерде «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын педагогтерге арналған. Курстан өткен мұғалімдер алған білімін оқу процесінде қолдана отырып, оқушылардың қаржылық сауаттылығын дамытуға ықпал етуде.
_____
💵 Около 6 тысяч педагогов повысили уровень финансовой грамотности
💹 В рамках поручения Главы государства продолжается масштабный проект, направленный на развитие финансовой грамотности учителей и учащихся. Курсы, предусмотренные на текущий год и реализованные в сотрудничестве Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» Министерства просвещения РК и Национальным банком РК, успешно завершены. В следующем году обучение пройдут еще около 4 тысяч педагогов.
📊 Образовательная программа разработана на основе рекомендаций международных экспертов в области финансов и образования. В ходе курса учителя освоили навыки планирования семейного бюджета, основ инвестиционной грамотности, управления цифровыми активами, а также изучили особенности кредитной и пенсионной систем. Кроме того, педагоги прошли обучение по распознаванию интернет-мошенничества и защите персональных данных.
📚 Программа предназначена для педагогов, преподающих предмет «Глобальная компетентность» в школах и колледжах. Применяя полученные знания в учебном процессе, учителя вносят существенный вклад в повышение финансовой грамотности учащихся.
❤3
🤝«Өрлеу» мен British Council ынтымақтастық басымдықтарын айқындады

🏫«Өрлеу» БАҰО-да Британдық Кеңестің Орталық Азия бойынша өңірлік жетекшісі Майкл Холгейт және British Council Kazakhstan директоры Роберт Тэйлормен кездесуі өтті. Бұл - Майкл Холгейттің Қазақстанға алғашқы жұмыс сапары.
💬 Кездесу барысында қонаққа орталықтың қызметі, негізгі бағыттары және педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалары таныстырылды. Тараптар қазіргі бірлескен жобаларды талқылап, жаңа ықпалдастық перспективаларын қарастырды. Олардың қатарында ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламаларын жетілдіру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, академиялық ағылшын тілін дамыту, IELTS емтиханына дайындықты қолдау, сондай-ақ білім беру саласындағы көшбасшылық құзыреттерді нығайту бар.
🔗 Айта өтейік, биыл British Council-пен серіктестік аясында 5 оқу бағдарламасы әзірленді. AELLCA халықаралық жобасы шеңберінде 20 мастер-тренер арнайы оқудан өтті, жыл соңына дейін тағы 64 пән тренері біліктілігін арттырады.
«Өрлеу» и British Council определили приоритеты сотрудничества на 2026 год

🏫В НЦПК «Өрлеу» состоялась встреча с региональным руководителем Британского Совета по Центральной Азии Майклом Холгейтом и директором British Council Kazakhstan Робертом Тэйлором. Это первый рабочий визит Майкла Холгейта в Казахстан.
💬В ходе встречи гостью представили деятельность центра, его ключевые направления и программы повышения квалификации педагогических кадров. Стороны обсудили текущие совместные проекты и рассмотрели новые перспективы сотрудничества.
📝По итогам переговоров были определены приоритетные направления совместной работы на 2026 год, включая совершенствование программ подготовки учителей английского языка, внедрение технологий искусственного интеллекта в процесс обучения английскому языку, развитие академического английского языка, поддержку подготовки к международному экзамену IELTS, а также укрепление лидерских компетенций в сфере образования.
🔗Отметим, что в рамках партнерства с British Council в текущем году разработано 5 образовательных программ. В рамках международного проекта AELLCA специальное обучение прошли 20 мастер-тренеров, а до конца года повышение квалификации пройдут еще 64 предметных тренера.
❤2
🗃️«Келешек мектептері» педагогтеріне арналған семинар-тренингтер жалғасуда

📚 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған команда құру бойынша тренингтер өтуде. Жаңа форматтағы мектептердің ұжымы енді ғана қалыптасып жатқандықтан, бұл оқытудың маңызы зор.
📝 Тренинг барысында мұғалімдер әріптестерін серіктес ретінде қабылдауды, бір-бірінің кәсіби озық қырларын бағалауды және ортақ міндеттерді бірлесе орындау дағдыларын меңгереді. Қатысушылар практикалық жаттығулар жасап, түрлі жұмыс жағдайларын талқылау арқылы келісімге келу, топ ішінде тиімді коммуникация орнату, сенім мен өзара сыйластыққа негізделген кәсіби қарым-қатынасты қалыптастыру тәсілдерін дамытады.
📆 Тренингтер 23 қаңтарға дейін жалғасады. Нәтижесінде «Келешек мектептері» білім беру моделін дамытуға дайын, ынталы әрі біртұтас педагогикалық командалар қалыптасуына ықпал етеді. Айта өтейік, былтыр дәл осындай-семинар тренингтерге еліміз бойынша 3 мыңнан аса педагог қатысқан.

____

🗃️Продолжаются семинары-тренинги для педагогов «Келешек мектептері»

📚Под руководством Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» Министерства просвещения РК во всех регионах страны проходят тренинги по командообразованию для педагогов «Келешек мектептері». Поскольку коллективы школ нового формата находятся на этапе формирования, значение данного обучения особенно велико.
📝В ходе тренингов педагоги учатся воспринимать коллег как партнеров, видеть и ценить их профессиональные сильные стороны, а также совместно выполнять общие задачи. Участники выполняют практические упражнения, анализируют различные рабочие ситуации, развивают навыки выстраивания эффективной коммуникации внутри коллектива, а также формируют профессиональные отношения, основанные на доверии и взаимном уважении.
📆Тренинги продлятся до 23 января. Они способствуют формированию мотивированных, сплоченных педагогических команд, готовых к развитию и внедрению модели «Келешек мектептері». Отметим, что в прошлом году в аналогичных семинарах-тренингах приняли участие более 3 тысяч педагогов со всей страны
❤2👍1
📣 «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауы жеңімпаздарының тізімі шықты

📲 Толығырақ ақпаратты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ресми сайтынан білуге болады(QR-та көрсетілген).

Айта өтейік, марапаттау рәсімі 20 желтоқсанда Астана қаласында өтеді. Байқаудың нақты жүлделі орындары салтанатты шара барысында жарияланады.

_

📣 Опубликован список победителей республиканского конкурса «Панорама педагогических идей – 2025»

📲 Подробную информацию можно узнать на официальном сайте Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» (указан на QR-коде).

Отметим, что церемония награждения состоится 20 декабря в городе Астана. Призовые места будут объявлены непосредственно на торжественном мероприятии.
❤2
Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін отандық мультфильм жарыққа шығады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы кешенді шаралар жалғасуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп, балаларға ақша басқарудың негізгі дағдыларын үйрететін анимациялық фильм дайындады.

«Қаржы әлемі» – орман қалашығында өмір сүретін мектеп оқушылары туралы 12 бөлімнен тұратын мультсериал. Әр серияда Барыс, Арқар, Құлан, Сілеусін, Тиін, Сұртышқан, Кірпі сияқты кейіпкерлердің күнделікті өмірде кездесетін қаржылық жағдаяттары көрсетіледі. Ақшаны дұрыс жұмсау, жинау, жоспарлау, еңбек ету, инфляция мен инвестиция ұғымдары қарапайым тілде түсіндіріледі. Сонымен қатар, алаяқтан және қаржылық пирамидалардан сақтану дағдылары кейіпкерлердің тәжірибесі арқылы берілген.

Мультсериал қазақ, орыс тілдерінде әзірленді. Сценарийін қаржы және білім беру саласындағы сарапшылар бірлесіп жазды.

«Сериалдың басты ерекшелігі – күрделі экономикалық ұғымдарды балаларға қарапайым метафоралармен жеткізуі. Әр эпизод жеңіл қабылданады және баланың ақша туралы дұрыс түсінік қалыптастыруына көмектеседі. Педагогтерге мультсериал материалдарын оқу процесінде пайдалану ұсынылады. Әр эпизодтан кейін оқушылармен рефлекция ұйымдастыру олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді», – деді «Өрлеу» БАҰО Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Турашев.

Айта кетейік, биылдан бастап «Өрлеу» мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп педагогтердің қаржылық сауаттылық бойынша біліктіліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыра бастады.
❤4👍1🔥1
В Казахстане выходит отечественный мультфильм, объясняющий детям основы финансовой грамотности

В соответствии с поручением Главы государства продолжается комплексная работа по повышению финансовой грамотности учителей и учащихся. Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Министерства просвещения РК совместно с Национальным Банком РК подготовили анимационный фильм, направленный на обучение детей базовым навыкам управления деньгами.

«Қаржы әлемі» – 12-серийный мультсериал о школьниках, живущих в лесном городке. В каждой серии раскрываются финансовые ситуации, с которыми сталкиваются персонажи – Барс, Архар, Кулан, Рысь, Белка, Полевка и Еж. В простой и понятной форме объясняются такие понятия, как рациональное использование денег, сбережения, планирование, труд, инфляция и инвестиции. Помимо этого, через сюжетные линии героев поднимаются темы финансового мошенничества и пирамид, а также рассматриваются способы защиты от них.

«Главная особенность сериала – умение с помощью простых метафор объяснять детям сложные экономические понятия. Каждая серия легко воспринимается, близка к реальной жизни и способствует формированию у ребенка правильного понимания обращения с деньгами. Материалы мультсериала рекомендуется использовать в учебном процессе. Краткая рефлексия после каждой серии позволит педагогам повысить уровень финансовой грамотности учащихся», – отметил заместитель Председателя Правления НЦПК «Өрлеу» Марат Турашев.

Отметим, что начиная с этого года «Өрлеу» совместно с Национальным Банком РК приступили к организации курсов повышения квалификации педагогов по финансовой грамотности.
❤4👍3
Channel name was changed to ««ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝»
📘👩‍🏫 «Өрлеу» мен British Council AELLCA бағдарламасы аясында пәндік тренерлерді оқытуды бастады

📚 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жаратылыстану, математика және информатика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш бағыттары бойынша оқытатын 64 пәндік тренері British Council Kazakhstan және NILE ұйымдарының мастер-тренерлері мен сарапшылары қатысатын қарқынды оқу курсынан өтуде.

🔍 Бағдарлама каскадты оқыту тетігі арқылы тренерлердің үздіксіз кәсіби дамуы жүйесін нығайтуға бағытталған. Қатысушылар педагог-тренердің рөлі, ересектерді оқыту қағидаттары, материалды тиімді ұсыну тәсілдері, фасилитация, рефлексивті тәжірибе және микротренинг өткізу дағдыларын меңгереді.

🎓 Тренерлерге арналған кешенді бағдарлама British Council мен NILE ұйымдарымен бірлесіп әзірленді. Тренинг соңында қатысушылар бағалау кезеңінен өтіп, халықаралық сертификат алады.
❤4