«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
❓ Педагогтерді аттестаттау: өзекті сұрақтарға жауап

👩🏻‍🏫 Құрметті педагогтер!
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО-ның ресми әлеуметтік желі парақшаларында «Ұстаз» цифрлық платформасын пайдалану және аттестаттау тәртібіне қатысты өзекті сұрақтарға тұрақты түрде түсіндірме беріліп келеді. Сондай-ақ, бүгінде педагогтерге әдістемелік және техникалық қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық өңірінде жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

📌 Назарларыңызға бірнеше өзекті сұрақ бойынша ресми жауаптар ұсынамыз.
❓ Аттестация педагогов: ответы на актуальные вопросы

👩🏻‍🏫 Уважаемые педагоги!
На официальных страницах в социальных сетях НЦПК «Өрлеу» Министерства просвещения РК на регулярной основе публикуются разъяснения по актуальным вопросам, связанным с использованием цифровой платформы «Ұстаз» и порядком прохождения аттестации. Также в настоящее время во всех регионах страны проводится системная информационно-разъяснительная работа, направленная на оказание методической и технической поддержки педагогам.

📌 Выше представлены официальные ответы на ряд актуальных вопросов.
✨«Ұстаз» платформасында AI-ассистент іске қосылды

📌Жаңа цифрлық көмекші педагогтерге платформаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, техникалық мәселелерді жедел шешуге және аттестаттау үдерісіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауап алуға көмектеседі.

📑AI-ассистент аттестаттау тәртібі, құжаттарды рәсімдеу талаптары, материалдарды жүктеу ережелері және платформамен жұмыс істеу бойынша консультациялық қолдау көрсетеді. Ұсынылатын барлық ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №83 бұйрығымен бекітілген нормативтік талаптарға толық сәйкес беріледі. Бұл құрал педагогтерге қажетті ақпаратты жылдам алуға, қателіктердің алдын алуға және платформадағы жұмысты барынша ашық әрі тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

📲Бұдан бөлек, «Ұстаз» платформасының мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Қосымша арқылы педагогтер жеке портфолиосын және бақылау парағын онлайн режимде қарап, өз көрсеткіштерін қадағалай алады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✨На платформе «Ұстаз» запущен AI-ассистент

📌AI-ассистент предоставляет консультационную поддержку по порядку прохождения аттестации, требованиям к оформлению документов, правилам загрузки материалов и работе с платформой. Данный инструмент позволяет педагогам оперативно получать необходимую информацию, снижать риски ошибок и выстраивать работу на платформе максимально прозрачно и эффективно.

📲Кроме того, функционирует мобильное приложение платформы «Ұстаз». Через приложение педагоги могут в онлайн-режиме просматривать личное портфолио и контрольный лист, а также отслеживать собственные показатели.
❤2👍1
🏫Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды

📚ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қызылорда облысына сапары кезінде Арал ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Мергенсай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған “Келешек мектептері» ұлттық жобасының үлгісімен салынды.

📊Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған “ Келешек мектептері” жобасы елімізде сапалы білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында республика бойынша 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Жобаға қарасты 84 мектеп ауылдарда ашылды. Қызылорда облысында 7 мың баланың білім алуына мүмкіндік беретін 10 “ Келешек мектебі” ашылды, оның екеуі Арал ауданында орналасқан.
❤6
Мергенсай ауылындағы жаңа мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған және ауыл балалары үшін қолжетімді, қауіпсіз әрі сапалы білім алу ортасын қалыптастыруға бағытталған. Білім нысаны оқушылардың қабілетін дамытуға, оқу процесін жақсартуға және ауылдық жерлердегі білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

“Бүгін міне Арал ауданының ең шалғай ауылы Мергенсайда жаңа мектеп ашылды. Бұл мектеп “Келешек мектептерінің” стандартымен салынған. Біз бүгін халықаралық талаптарға сай мектептің ауылға жеткенінің куәсі болдық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұстаздарға деген қамқорлығы ерекше, соның арқасында мұғалімдердің қоғамдағы мәртебесі арта түсті. Бүгінде ұстаз мамандығы еліміздегі ең тартымды мамандықтардың біріне айналды. Жаңа мектептің ұжымын, оқушыларды, ата-аналарды осы қуанышпен құттықтаймын”,- деді ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.