«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.12K photos
415 videos
27 files
928 links
Download Telegram
🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі

****

🇰🇿Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на V заседании Национального курултая

t.me/aqorda_resmi
👍1👏1
🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі

****

🇰🇿Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на V заседании Национального курултая

t.me/aqorda_resmi
❤1👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏫 Мельбурн университетінің құрметті профессоры Джон Хэтти «Өрлеу» қызметкерлеріне дәріс оқыды

📘 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған InTrend корпоративтік оқыту жобасы өз жалғасын табуда. Кезекті тренингті халықаралық сарапшы, Мельбурн университетінің құрметті профессоры Джон Хэтти жүргізді.

🎓 Джон Хэтти – әлемдік педагогикада кеңінен танылған беделді ғалым. Оның «Visible Learning» атты еңбегі 300 миллионнан астам оқушыны қамтыған, білім беру тарихындағы ең ауқымды зерттеулердің бірі саналады. Ғалым оқыту тәсілдерінің тиімділігін ғылыми деректер арқылы негіздеп, халықаралық білім беру стандарттарының қалыптасуына елеулі ықпал етіп келеді.
❤1👍1
📝 Корпоративтік оқыту барысында спикер педагог пен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызына, сыныптағы психологиялық ахуалдың оқушының оқу үлгеріміне ықпалына, сондай-ақ бағалау критерийлерін оқушының түсіну деңгейінің білім сапасына әсеріне жан-жақты тоқталды. Мәселелер нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

💡 Сонымен қатар, спикер оқу үдерісіндегі кері байланыстың тиімділігіне назар аударды. Тиімді кері байланыс тек бағамен шектелмей, оқушыға өз нәтижесін жақсартуға және келесі қадамдарын айқындауға нақты бағыт-бағдар беруі қажет. Сарапшының пікірінше, оқушы сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін мұғаліммен бірдей деңгейде түсінген жағдайда ғана оқу сапасы тұрақты түрде артады.

🌍 Корпоративтік оқыту аясында «Өрлеу» қызметкерлері әлемдік деңгейде дәлелденген озық әдістемелермен автордың өзінен тікелей танысу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетейік, InTrend корпоративтік оқыту жобасы қызметкерлерді заманауи халықаралық тәжірибемен жүйелі түрде таныстыру және кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылады.
👍1
🎤«OrleuThinkSpace» эксперттік алаңы: кезекті шығарылым

📍23 қаңтар күні «Өрлеу» орталығының ресми YouTube арнасында.
Қапы қалмаңыз!

------------------------

🎤 Экспертная площадка «OrleuThinkSpace»: новый выпуск

📍 23 января на официальном YouTube-канале Центра «Өрлеу».
Не пропустите!
❤1👍1