«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.12K photos
415 videos
27 files
928 links
Download Telegram
👨🏻‍💻«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ресми сайты жаңартылды

🖥️ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы функционалдық мүмкіндіктері жетілдірілген, заманауи дизайнмен және ыңғайлы навигациямен ерекшеленетін ресми сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосты (https://orleu.edu.kz). Жаңа сайтта орталықтың қызметі, даму бағыттары мен негізгі жобалары туралы мазмұнды әрі жүйеленген ақпарат жинақталған. Педагогтер білім беру бағдарламаларының кең ауқымды топтамасымен танысып, өзіне қажетті бағыт пен ыңғайлы оқу форматын таңдап, біліктілігін арттыру курстарына қатыса алады.
❤1
💻Сайт арқылы «Өрлеу» цифрлық экожүйесіне кіретін негізгі платформаларға тікелей өтуге мүмкіндік бар. Атап айтқанда, «Ұстаз» ұлттық цифрлық платформасына, Педагогтердің бірыңғай деректер базасына, сондай-ақ LMS, MOOC, Beles және Career жүйелері қолжетімді. Бұған қоса сертификаттардың шынайылығын тексеру қызметі, электронды кітапхана, ғылыми-әдістемелік журналдар мен педагогтердің кәсіби дамуына арналған өзге де пайдалы ресурстар ұсынылған.
👨🏻‍💻Обновлен официальный сайт Национального центра повышения квалификации «Өрлеу»

💻Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» запустил обновленную версию официального сайта, отличающуюся расширенным функционалом, современным дизайном и максимально удобной навигацией (https://orleu.edu.kz). На сайте представлена структурированная и содержательная информация о центре, его стратегических приоритетах и ключевых проектах. Педагоги могут ознакомиться с расширенным каталогом образовательных программ и выбрать курс повышения квалификации по интересующему направлению и удобному формату обучения.
🖥️Через сайт обеспечен прямой доступ к цифровой экосистеме «Өрлеу», включая национальную цифровую платформу «Ұстаз», Единую базу данных педагогов, платформы LMS, MOOC, Beles и Career. Дополнительно пользователям доступны сервис проверки подлинности сертификатов, электронная библиотека, научно-методические журналы, а также другие цифровые ресурсы, направленные на поддержку профессионального развития педагогов.
👩🏻‍🏫 «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық конкурсы жеңімпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған вебинарлар сериясы жалғасуда.

🔹 Вебинарда оқушылардың мәдениетаралық сауаттылығын дамыту жолдары қарастырылатын болады: мәдениеттер диалогы, жаһандық мәселелерді түсіну және эмпатияны қалыптастыру.

📍 Іс-шара Zoom платформасында өтіп, «Өрлеу» орталығының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

——————————————

👩🏻‍🏫 Продолжается серия вебинаров с участием победителей республиканского конкурса «Панорама педагогических идей – 2025».

🔹 В рамках вебинара будут рассмотрены простые и эффективные подходы к развитию межкультурной грамотности у обучающихся: диалог культур, понимание глобальных проблем и формирование эмпатии.

📍 Мероприятие проходит на платформе Zoom и транслируется в прямом эфире на официальном YouTube-канале Центра «Өрлеу».
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎤 Вы уже посмотрели новый выпуск «Orleu ThinkSpace»?

💻 В рамках дискуссии на тему «Педагог в эпоху ИИ: международные тренды и опыт Казахстана» эксперты обсудили не только принципы ЮНЕСКО в сфере применения искусственного интеллекта, но и широкий круг актуальных вопросов, связанных с его развитием и внедрением.

🎥 Полная версия выпуска доступна на официальном YouTube-канале Центра «Өрлеу».
🗂️БҰҰ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыруда Қазақстанды қолдайды.

_

🗂️ООН поддерживает Казахстан в реализации программы «Дети Казахстана», принятой по инициативе Президента К. Токаева.
❤2
👫 «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында баланы қорғаудың жүйелі тетігі қалыптастырылды – қауіп-қатерді ерте анықтау, оның алдын алу және балалардың тұрақты әл-ауқатын қамтамасыз ету

Толығырақ ⤴️
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Что важно знать педагогам о Законе об искусственном интеллекте?

⚖️ Как новые требования повлияют на использование ИИ в образовательной среде?

🎤 Эти и другие ключевые вопросы обсудили в новом выпуске экспертной площадки «Orleu ThinkSpace».

🎥 Полная версия доступна на официальном YouTube-канале «Өрлеу».
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Педагог в эпоху ИИ: «Удержать внимание учащихся становится сложно»

🎤 Подробнее в новом выпуске экспертной площадки «Orleu ThinkSpace».

🎥 Полная версия доступна на официальном YouTube-канале «Өрлеу».
👩🏻‍🏫 «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық конкурсы жеңімпаздарының қатысуымен вебинарлар сериясы жалғасуда.

🔹 Вебинар барысында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту жолдары қарастырылады.

📍 Вебинар Zoom платформасында өтеді және «Өрлеу» орталығының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

✨ Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға арналған пайдалы идеяларды жіберіп алмаңыз!

-----------------------

👩🏻‍🏫 Продолжается серия вебинаров с участием победителей республиканского конкурса «Панорама педагогических идей – 2025».

🔹 В ходе вебинара будут рассмотрены способы развития естественно-научной грамотности.

📍 Вебинар пройдет на платформе Zoom и будет транслироваться в прямом эфире на официальном YouTube-канале центра «Өрлеу».

✨ Не упустите полезные идеи, которые помогут повысить интерес учащихся к науке!
👍1
🌍 UNESCO-ның ақпараттық платформаларында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тәжірибесіне арналған бірнеше халықаралық жарияланым жарық көрді. Бұл материалдар еліміздің педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мен білім беруді цифрландыруға қосқан нақты үлесін көрсетеді.

📰 UNESCO-ICHEI халықаралық жаңалықтар
Мақалада «Өрлеудің» UNESCO-ICHEI және UNESCO IITE-мен бірлесіп, педагогтерге арналған жасанды интеллект бойынша халықаралық микросертификаттау курстарын ұлттық контекске бейімдеп енгізу тәжірибесі баяндалады.
Нәтижесінде 324 мың педагог оқыту бағдарламасына қамтылып, 252 мыңы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мойындаған сертификаттарға ие болды. Бұл модель Орталық Азия елдері үшін тиімді тәжірибе ретінде ұсынылды.
❤1
🌐 CLOUD халықаралық журналы
UNESCO-ICHEI-дің цифрлық білім беру саласындағы инновацияларға арналған CLOUD журналында «Өрлеу» халықаралық серіктестікті практикада іске асырудың табысты үлгісі ретінде көрсетілген. Басылымда жаһандық цифрлық трансформация идеяларын жергілікті білім беру жүйесіне бейімдеу, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырудағы «Өрлеудің» рөлі айқындалады.
📊 UNESCO IITE халықаралық жаңалықтар
Материалда «Orleu ThinkSpace» эксперттік алаңында талқыланған педагогтердің үздіксіз кәсіби даму бағытындағы ЖИ қолданудың халықаралық үрдістері мен ұлттық тәжірибесі баяндалған. Пікірталаста ЮНЕСКО-ның Ақпараттық технологиялар институты ұсынған «Мұғалімдердің ИИ-құзыреттілігі құрылымы» сараланып, жақында қабылданған «Жасанды интеллект туралы» заңның білім беру үдерісіне ықпалы мен нейрожелілерді мектеп практикасына кіріктіру тетіктері жан-жақты талданды.

📎Бұл жарияланымдар «Өрлеудің» тек ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық білім беру қауымдастығында да танылғанын және Қазақстанның білім беру саласындағы тәжірибесінің жаһандық маңызға ие екенін дәлелдейді.
❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❓Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру жобасы қалай іске асуда?

✍🏻Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп ауқымды жобаны жүзеге асырды. Оның аясында еліміздің барлық өңірінен 6 мың педагог заманауи оқу бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

💵Ұстаздар бюджет жоспарлау, инвестиция, цифрлық активтер, несие және зейнетақы жүйесімен қатар, интернет-алаяқтықтан қорғану дағдыларын меңгерді. Педагогтер алған білімін оқу процесіне енгізіп, оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

📺Жоба аясында балаларға арналған анимациялық сериал мен интерактивті симуляторлар әзірленіп, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылды.

📊Қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы әлі де жалғасуда. Биыл тағы 4 мыңға жуық педагог біліктілігін артттырады.
❤1
👩🏻‍🏫 «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына қандай жоба ұсынған ұтымды?

🔹 «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша 2025 жылғы байқау жүлдегері Еркін Ақерке вебинар барысында өз тәжірибесімен бөліседі. Қатысушылар PIRLS халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға, сондай-ақ оқу арқылы ойлау көкжиегін кеңейтуге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныса алады.

📍 Вебинар Zoom платформасында өтеді, сондай-ақ «Өрлеу» орталығының ресми YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.