🌍 UNESCO-ның ақпараттық платформаларында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тәжірибесіне арналған бірнеше халықаралық жарияланым жарық көрді. Бұл материалдар еліміздің педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мен білім беруді цифрландыруға қосқан нақты үлесін көрсетеді.
📰 UNESCO-ICHEI халықаралық жаңалықтар
Мақалада «Өрлеудің» UNESCO-ICHEI және UNESCO IITE-мен бірлесіп, педагогтерге арналған жасанды интеллект бойынша халықаралық микросертификаттау курстарын ұлттық контекске бейімдеп енгізу тәжірибесі баяндалады.
Нәтижесінде 324 мың педагог оқыту бағдарламасына қамтылып, 252 мыңы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мойындаған сертификаттарға ие болды. Бұл модель Орталық Азия елдері үшін тиімді тәжірибе ретінде ұсынылды.

❤1
🌐 CLOUD халықаралық журналы
UNESCO-ICHEI-дің цифрлық білім беру саласындағы инновацияларға арналған CLOUD журналында «Өрлеу» халықаралық серіктестікті практикада іске асырудың табысты үлгісі ретінде көрсетілген. Басылымда жаһандық цифрлық трансформация идеяларын жергілікті білім беру жүйесіне бейімдеу, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырудағы «Өрлеудің» рөлі айқындалады.

📊 UNESCO IITE халықаралық жаңалықтар
Материалда «Orleu ThinkSpace» эксперттік алаңында талқыланған педагогтердің үздіксіз кәсіби даму бағытындағы ЖИ қолданудың халықаралық үрдістері мен ұлттық тәжірибесі баяндалған. Пікірталаста ЮНЕСКО-ның Ақпараттық технологиялар институты ұсынған «Мұғалімдердің ИИ-құзыреттілігі құрылымы» сараланып, жақында қабылданған «Жасанды интеллект туралы» заңның білім беру үдерісіне ықпалы мен нейрожелілерді мектеп практикасына кіріктіру тетіктері жан-жақты талданды.
📎Бұл жарияланымдар «Өрлеудің» тек ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық білім беру қауымдастығында да танылғанын және Қазақстанның білім беру саласындағы тәжірибесінің жаһандық маңызға ие екенін дәлелдейді.

❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❓Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру жобасы қалай іске асуда?
✍🏻Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп ауқымды жобаны жүзеге асырды. Оның аясында еліміздің барлық өңірінен 6 мың педагог заманауи оқу бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.
💵Ұстаздар бюджет жоспарлау, инвестиция, цифрлық активтер, несие және зейнетақы жүйесімен қатар, интернет-алаяқтықтан қорғану дағдыларын меңгерді. Педагогтер алған білімін оқу процесіне енгізіп, оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
📺Жоба аясында балаларға арналған анимациялық сериал мен интерактивті симуляторлар әзірленіп, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылды.
📊Қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы әлі де жалғасуда. Биыл тағы 4 мыңға жуық педагог біліктілігін артттырады.

👩🏻🏫 «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына қандай жоба ұсынған ұтымды?
🔹 «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша 2025 жылғы байқау жүлдегері Еркін Ақерке вебинар барысында өз тәжірибесімен бөліседі. Қатысушылар PIRLS халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға, сондай-ақ оқу арқылы ойлау көкжиегін кеңейтуге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныса алады.
📍 Вебинар Zoom платформасында өтеді, сондай-ақ «Өрлеу» орталығының ресми YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

🎓Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курстың жаңа легі басталды
🏛️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асыруды жалғастыруда.
📍Биыл еліміз бойынша 4 мыңға жуық педагог Ұлттық банктің өңірлік филиалдары базасында қаржылық сауаттылық негіздері бойынша оқыту курсынан өтеді. Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен әзірленген. Курс аясында педагогтер отбасылық бюджетті жоспарлау, шығынды есептеу, инвестициялау негіздері, несие және зейнетақы жүйесі, қаржылық алаяқтық түрлерін ажырату, сондай-ақ, жеке деректерді қорғау сынды дағдыларды меңгереді. Оқытуды «Өрлеу» орталығының тренерлері мен Ұлттық Банктің мамандары бірлесіп жүргізеді. Педагогтер алған білімін оқу процесіне енгізіп, оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

👍2❤1
🌱Бұл бастама – қаржы мәдениетін білім беру жүйесімен жүйелі түрде ықпалдастыруға және оқушылардың өз қаржысын тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
📺Жоба аясында балаларға арналған анимациялық сериал, сондай-ақ интерактивті симуляторлар мен ойын-тренажері әзірленіп, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылды.
📺Жоба аясында балаларға арналған анимациялық сериал, сондай-ақ интерактивті симуляторлар мен ойын-тренажері әзірленіп, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылды.
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💵 В Казахстане стартовал новый поток курса по повышению финансовой грамотности учителей
✍🏻 В соответствии с поручением Главы государства Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Министерства просвещения РК совместно с Национальным Банком РК продолжают реализацию масштабного проекта, направленного на развитие финансовой компетентности педагогов.

👍2
📊 В этом году на базе региональных филиалов Национального банка обучающий курс по основам финансовой грамотности пройдут около 4 тысяч педагогов страны. Лекции для учителей читают тренеры «Өрлеу» и специалисты Национального Банка, которые расскажут о методах планирования семейного бюджета и контроля расходов, об инвестициях и кредитовании, видах финансового мошенничества и защите персональных данных, а также о влиянии инфляции и цифровых активах. По завершении курса педагоги начнут обучение школьников основам управления личными финансами.
📌 Отметим, данная образовательная программа была разработана ведущими казахстанскими экспертами в сфере финансов и образования.
📚Масштабный образовательный проект запущен в целях развития финансовой культуры граждан, и является одним из важных шагов, направленных на укрепление экономической безопасности страны.

🏫 «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған онлайн оқытуға тіркеу басталды
📚 ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастыруда. Онлайн-оқытудың үшінші легі ақпан–сәуір айлары аралығында өтеді.

👍3❤2
👩🏻💻 Бағдарлама аясында жаңа форматтағы мектептерде 11 пән бойынша сабақ беретін үш мыңнан астам қазақстандық педагогті даярлау жоспарланған. Қатысушылардың тізімі еліміздің өңірлеріндегі білім беру саласын басқару жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жасақталады. Оқыту «Өрлеу» ұлттық орталығы әзірлеген Learning Management System (LMS) білім беру платформасында ұсынылған цифрлық оқу-әдістемелік материалдар негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама педагогтердің пәндік білімін тереңдетуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған.
📌 Курс тыңдаушыларын тіркеу 2 ақпаннан бастап Педагогтердің бірыңғай деректерқоры (ПБДҚ) арқылы жүзеге асырылады. Кейіннен педагогтерге арналған пәндердің мазмұндық ерекшеліктері, оқу кестесі және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер бойынша түсіндіру бағытындағы тікелей эфирдегі сессиялар өтеді.