«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.12K photos
415 videos
27 files
928 links
Download Telegram
👉 Педагогтерді аттестаттау: ғылыми зерттеулерді жариялауға ұсынылатын басылымдар, эссе тақырыптары және біліктілікті арттыру курстары

📚Аталған материалдар тізімі Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынымдары негізінде әзірленді.

📲Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін тиісті сілтемелер QR-кодтар арқылы берілген.

__

👉 Аттестация педагогов: рекомендуемые издания для публикации научных исследований, темы эссе и курсы повышения квалификации

📚Перечень данных материалов подготовлен на основе рекомендаций Министерства просвещения и Министерства науки и высшего образования.

📲Для удобного доступа к информационным ресурсам соответствующие ссылки представлены в виде QR-кодов.
Әділет министрлігі өкілдерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасы талқыланды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ҚР Әділет министрлігі өкілдерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасына арналған талқылау өтті. Кездесу барысында Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының сарапшылары баяндама жасап, ұсынылып отырған Ата заң жобасының негізгі қағидаттары мен тұжырымдамалық бағыттарын таныстырды.
❤1
Спикерлер конституциялық өзгерістер, соның ішіндегі мемлекеттік құрылымның негіздерінен бастап жария билікті ұйымдастыруға, сот төрелігі мен мемлекеттік басқару жүйесіне дейінгі мәселелерді қамтитынын атап өтті. Сондай-ақ құжаттың ашық форматта әзірленіп, бірнеше ай бойы қоғамдық талқылаудан өткені және онда «Әділетті Қазақстан» қағидатына негізделген құндылықтар жүйеленіп көрсетілгені айтылды.

Талқылау барысында білім, ғылым және инновацияны дамыту конституциялық деңгейде ел дамуының стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындалатыны атап өтілді. Бұл қағидат адами капиталды нығайтуға бағытталған жүйелі тетіктерді бекітуге негіз болады.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар ұсынылған өзгерістердің білім беру саласының сапалы дамуына ықпал ету мүмкіндігін атап өтіп, бастамаларды кәсіби ортада одан әрі талқылаудың маңыздылығына назар аударды.

Талқылауға «Өрлеу» орталығының қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференция арқылы қосылған өңірлік филиалдардың өкілдері қатысып, жалпы қатысушылар саны 300-ден асты.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Обсуждение проекта новой Конституции с участием представителей Министерства юстиции РК

В Национальном центре повышения квалификации «Өрлеу» состоялось обсуждение проекта новой Конституции с участием представителей Министерства юстиции Республики Казахстан. В ходе встречи эксперты Института законодательства и правовой информации Министерства юстиции выступили с докладами и представили ключевые принципы и концептуальные направления проекта Основного закона.

Спикеры отметили, что предлагаемые конституционные изменения охватывают широкий спектр вопросов — от базовых принципов государства до порядка организации власти, функционирования судебной системы и механизмов государственного управления. Также было подчеркнуто, что документ разрабатывался в открытом формате, в течение нескольких месяцев проходило общественное обсуждение. Проект отражает ценностные ориентиры, основанные на принципах «Справедливого Казахстана».
В ходе дискуссии особое внимание уделялось закреплению развития образования, науки и инноваций на конституционном уровне в качестве одного из стратегических приоритетов страны. Такой подход направлен на укрепление институциональных основ развития человеческого капитала.

По итогам мероприятия участники отметили потенциал предлагаемых изменений для повышения качества развития сферы образования и подчеркнули важность их дальнейшего профессионального обсуждения.

В обсуждении приняли участие сотрудники центра «Өрлеу», а также представители региональных филиалов, подключившиеся посредством видеоконференцсвязи. Общее число участников составило около 300 человек.
Құрметті педагогтер!

❓ «Ұстаз» платформасын қолдану, деректер енгізу және құжаттарды жүктеу бойынша туындаған сауалдарыңызды осы жазбаның астына пікір ретінде қалдыруларыңызды сұраймыз.

Барлық сауалдар тікелей эфир барысында қаралып, мамандарымыз тарапынан жауап беріледі. Пікірлеріңіз біз үшін маңызды!

___

Уважаемые педагоги!

❓ Просим вас оставлять в комментариях под этой публикацией вопросы, связанные с технической поддержкой при использовании платформы «Ұстаз».

Все обращения будут рассмотрены в прямом эфире, а наши специалисты дадут подробные разъяснения. Ваше мнение для нас важно!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣️ «Қаржылық сауаттылық» курсына қатысушылар оқыту нәтижесіне қатысты пікірлерімен бөлісті. Бағдарлама барысында педагогтер отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестициялау негіздері, несие және зейнетақы жүйесінің қағидаттары, сондай-ақ қаржылық алаяқтық түрлерін ажырату дағдыларын қамтитын оқу мазмұнымен танысты.

📚Айта өтейік, биыл қаржылық сауаттылық негіздері бойынша шамамен 4 мың педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланған. Педагогтер алған білімін оқу процесінде пайдалану арқылы оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

🗃️Сонымен қатар, жоба аясында балаларға арналған анимациялық сериал, интерактивті симуляторлар мен ойын-тренажері әзірленіп, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылды.
❤2
🗣️Участники курса по финансовой грамотности поделились мнениями о результатах обучения. В ходе программы педагоги изучили основы экономики, планирование личных финансов и способы защиты персональных данных.

📚Отметим, что в текущем году планируется повышение квалификации около 4 тысяч педагогов по основам финансовой грамотности. Полученные знания будут внедрены в образовательный процесс и способствовать развитию финансовой грамотности учащихся.

🗃️Кроме того, в рамках проекта разработаны анимационный мультсериал для детей, интерактивные симуляторы и игровые тренажеры, благодаря чему финансовые знания представлены в доступной и понятной форме.
❤1