«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.78K subscribers
3.12K photos
415 videos
27 files
928 links
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤝 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Шымкент қаласындағы кәсіби даму институты платформа бойынша техникалық және әдістемелік қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Шараға білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер және білім саласының басқа да қызметкерлері қатысты.
❤1
📖Кездесу барысында «Ұстаз» платформасының мүмкіндіктері, жүйеге деректерді енгізу талаптары мен тәртібі жайлы жан-жақты бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ, педагогтердің жеке профилін дұрыс толтыру тәртібі, құжаттарды жүктеу кезінде туындауы мүмкін қиындықтардың себептерін анықтау және оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, 2024–2025 жылдарға арналған педагогтердің білімін бағалау нәтижелері таныстырылып, әр біліктілік санаты бойынша шектік деңгейлер түсіндірілді. Тестілеу тәртібі нақтыланып, Республикалық оқу-әдістемелік кеңеске ұсынылатын педагог-шеберлердің құжаттарын жинақтау алгоритмі көрсетілді. Жалған құжаттарды рәсімдеуге жол бермеу мәселесіне ерекше мән берілді.
Қатысушылар аттестаттау материалдарын жүйелі дайындау бойынша практикалық ұсынымдар алып, өзекті сұрақтарына жауап алды.
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎙️AELLCA халықаралық бағдарламасы аясында «Өрлеу» пәндік тренерлері ұйымдастырып жатқан семинарлар жөнінде педагогтер өз пікірлерін білдіруде. Жоба «Өрлеу» ұлттық орталығы мен British Council Kazakhstan серіктестігі негізінде жүзеге асырылуда. Қатысушылар семинар барысында ұсынылған әдіс-тәсілдердің тәжірибеде қолдануға қолайлы екенін атап өтті.
📘 Семинарлар барысында «Өрлеу» орталығының мастер-тренерлері пәндік тренерлердің жұмысын бақылап, кәсіби кері байланыс ұсынып, әдістемелік қолдау көрсетуде. Бұл өз кезегінде оқыту сапасын арттыруға және тренерлердің кәсіби құзыреттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.