«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.76K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
🇰🇿 6 шілде – Астана күні!

Астана – тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен жаңғыруының жарқын символы. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа астананы айқындау мәселесі жан-жақты зерделеніп, елдің географиялық орналасуы, көлік-логистикалық мүмкіндіктері мен даму әлеуеті ескерілді. Осылайша, 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстанның жаңа астанасы мәртебесіне ие болды.

1998 жылғы 6 мамырда қаланың атауы Астана болып өзгертілді, ал сол жылдың 10 маусымында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесері өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО Астананы қарқынды дамуы үшін «Бейбітшілік қаласы» атағымен марапаттады. Бүгінде Астана – еліміздің саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми орталығы, халықаралық бастамалар жүзеге асатын заманауи мегаполис.

✨ Астана – арман мен мүмкіндіктер тоғысқан, болашаққа бастар жолдың жарқын белгісі. Әсем қаламыз көркейіп, дамуы қарқын ала берсін!

Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық, елордамызға өсіп-өркендеу тілейміз!
👍1
🔹«Өрлеу» БАҰО-да аппараттық кеңес өтті

🔸Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен өткен кеңесте 2026 жылғы наурыз – шілде айлары аралығындағы мемлекеттік тапсырыс бойынша біліктілікті арттыру курстары жоспарының орындалу барысы қаралды.

📊Алғашқы мәселе бойынша Білім беру процесін басқару департаменті директорының орынбасары Сандуғаш Рапикова есепті кезеңде жылдық жоспардың 54,8 % орындалғанын баяндады.

🗣️Талқылау барысында өңірлік көрсеткіштер сараланып, жоспарды тиімді орындап отырған филиалдардың жұмысы атап өтілді.

📃Ғалымжан Алматов жоспардың орындалуы төмен филиалдардың жұмысын күшейтуді, әрбір курстың ұйымдастырылуын жеке бақылауға алуды және өңірлік білім басқармаларымен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырды.

📚Кеңесте сондай-ақ мектеп кітапханашыларының кәсіби құзыреттерін дамытуға арналған жаңа буын білім беру бағдарламалары таныстырылды. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы зертхана басшысы Лилия Алтынбаева еліміздің барлық өңірінен мектеп кітапханашыларының қатысуымен ұйымдастырылған зерттеу нәтижелерін жариялады.

📌Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов әрбір модульдің соңында тыңдаушы қандай құзыретті меңгеріп, оны жұмыс барысында қалай қолданатыны нақты айқындалуы тиіс екендігін тапсырды. Сонымен қатар ЖИ құралдарын теориямен шектемей, кітапханашылардың күнделікті қызметіне негізделген практикалық тапсырмалар арқылы оқыту қажет.

📨Кеңесте қаралған тағы бір мәселе – орталық аппарат пен филиалдардың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы. Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының міндетін атқарушы Олжас Досполов есепті кезеңдегі сатып алу рәсімдерінің орындалуы, жасалған шарттар және құқықтық жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады.

📎Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін филиалдарда техникалық ерекшеліктерді әзірлеу сапасын күшейту, сатып алу жоспарларын нақтылау және ықтимал тәуекелдерді алдын ала бағалау қажеттігін айтты. Сонымен қатар өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауына тұрақты мониторинг жүргізіп, құқықтық шараларды уақытылы қабылдау маңызды екенін жеткізді.
❤1
🔸В НЦПК «Өрлеу» состоялось аппаратное совещание

🔹На совещании под председательством Председателя Правления Галымжана Алматова был рассмотрен ход выполнения плана курсов повышения квалификации по государственному заказу за период с марта по июль 2026 года.

📊По первому вопросу заместитель директора Департамента управления образовательным процессом Сандугаш Рапикова сообщила, что за отчетный период годовой план выполнен на 54,8 %.

🗣️В ходе обсуждения были проанализированы региональные показатели и отмечена работа филиалов, эффективно выполняющих план.

📃Галымжан Алматов поручил усилить работу филиалов с низкими показателями выполнения плана, взять на индивидуальный контроль организацию каждого курса и активизировать взаимодействие с региональными управлениями образования.

📚Также на совещании были представлены образовательные программы нового поколения, направленные на развитие профессиональных компетенций школьных библиотекарей. Руководитель лаборатории естественно-математического направления Лилия Алтынбаева озвучила результаты исследования, организованного с участием школьных библиотекарей из всех регионов страны.

📌Председатель Правления Галымжан Алматов поручил четко определить, какие компетенции слушатель должен освоить по итогам каждого модуля и как он сможет применять их в своей работе. Кроме того, обучение инструментам ИИ не должно ограничиваться теорией — оно должно проводиться через практические задания, основанные на ежедневной деятельности библиотекарей.

📨Еще одним вопросом, рассмотренным на совещании, стало выполнение плана государственных закупок центрального аппарата и филиалов за первое полугодие 2026 года. Исполняющий обязанности директора Департамента административной работы и государственных закупок Олжас Досполов выступил с докладом о выполнении закупочных процедур за отчетный период, заключенных договорах и результатах правовой работы.

📎Председатель Правления Галымжан Алматов отметил необходимость усиления качества разработки технических спецификаций в филиалах, уточнения планов закупок и предварительной оценки возможных рисков для повышения эффективности работы в данном направлении. Также он подчеркнул важность постоянного мониторинга исполнения поставщиками договорных обязательств и своевременного принятия правовых мер.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
👨‍🏫 Қазіргі мұғалім тек пәнді жақсы білуімен шектелмейді. Ол – оқу үдерісін жобалаушы, зерттеуші, фасилитатор және өзгерістердің көшбасшысы.

📈 Осы мақсатта «Өрлеу» БАҰО» АҚ 2026 жылдан бастап қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және құқық негіздері, музыка және көркем еңбек пәндері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын жаңа білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асыруда. Бағдарламалар «мақсат – әдіс – бағалау» логикасына негізделіп, мемлекеттік стандарт талаптарын нақты сабақ тәжірибесіне айналдыруға бағытталған.

📋 Жаңа бағдарламалар құрылымы келесідей:

🔄 Кәсіби даму курстан кейін тоқтап қалмайды. Бұл модуль педагогке өз тәжірибесін зерттеуге, сабақ сапасын талдауға, кәсіби рефлексия жасауға және үздіксіз даму траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

💡 Курстың ерекшелігі – теорияның әрбір бөлімі міндетті түрде тәжірибемен ұштасады. Қатысушылар орта және қысқа мерзімді жоспарлар әзірлейді, заманауи сабақ үлгілерін құрастырады, микросабақтар өткізіп, нақты білім беру өнімдерін жасайды. Бұл – жай ғана біліктілікті арттыру курсы емес.

🚀 Бұл – қазіргі педагогтің кәсіби қызметін жаңа деңгейге көтеруге арналған кешенді бағдарлама.

📚 Курс атаулары:
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» Т1
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» Т2
🔹 «New approaches to the implementation of the state compulsory standard for education: from goals to expected learning outcomes. «English language»
🔹 «Новые подходы реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам. «Русский язык» и «Русская литература» Я1»
🔹 «Новые подходы реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам. «Русский язык» и «Русская литература» Я2»
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Тарих» және «Құқық негіздері»
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Көркем еңбек»
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Музыка»
❤3👍2