«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.12K photos
415 videos
27 files
928 links
Download Telegram
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📌 Аппараттық кеңес: нәтиже, жауапкершілік, сапа

🏢 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен өткен Аппараттық кеңесте біліктілікті арттыру курстарының орындалуы, курстан кейінгі қолдау және жаңа жобалар талқыланды.

📊 Басқарма төрағасының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Азамат Бекіш мемлекеттік тапсырыстың орындалу барысы мен курстан кейінгі қолдау нәтижелерін таныстырды. Ақылы оқыту бойынша республика көлемінде 982 курсқа 19 634 тыңдаушы қамтылған. Оның 18 862-сі 943 курсты аяқтады.

🔄 Курстан кейінгі қолдауға да жаңа талап қойылды. Бұған дейін бұл бағытқа негізінен «Өрлеу» жауапты деп қаралса, енді нәтижеге барлық жауапты құрылым бірдей атсалысуы тиіс.

💬 «Курс аяқталды — жұмыс аяқталды деген сөз емес. Педагог алған білімін тәжірибеде қолданғанға дейінгі қолдау сапалы әрі үздіксіз болуы керек. Бұл — барлығымызға ортақ жауапкершілік», — деді Ғалымжан Алматов.

📚 Аппараттық кеңесте кәсіби білім мен оқу мәдениетін ұштастыратын жаңа бастамалар да талқыланды.

🇰🇿 Мемлекет басшысының адам капиталын дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және білімді, бәсекеге қабілетті оқырман ұлт қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында «Өрлеу» мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы арасында ынтымақтастық меморандумы жасалған болатын.

🌐 Енді бұл бағыт өңірлерде де жалғасын таппақ. Кәсіби даму институттарында электронды журналдар шығару жоспарланып отыр. Жаңа формат педагогтердің озық тәжірибесін кеңінен таратуға, заманауи білім ресурстарына қолжетімділікті арттыруға және оқу мәдениетін дәріптеуге мүмкіндік береді.

📌 Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов бұл жұмыста саннан бұрын сапа маңызды екенін атап өтіп, әр электронды журналдың мазмұны мен сапасына филиал басшылары тікелей жауапты болатынын жеткізді.

🎯 Жалпы, аппараттық кеңестің негізгі талабы айқын: көрсеткіш үшін емес — нәтиже үшін жұмыс істеу. Курс өткізумен ғана шектелмей, оның педагогтің күнделікті тәжірибесіне, кәсіби өсуіне және білім сапасына нақты ықпалын қамтамасыз ету қажет.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📌 Аппаратное совещание: результат, ответственность, качество

🏢 Под председательством Председателя Правления НАО «НЦПК «Өрлеу» Ғалымжана Алматова состоялось аппаратное совещание, на котором были рассмотрены вопросы выполнения планов по курсам повышения квалификации, посткурсового сопровождения педагогов и реализации новых проектов.

📊 Заместитель Председателя Правления по академическим вопросам Азамат Бекиш представил информацию о ходе выполнения государственного заказа и результатах посткурсового сопровождения. В рамках платного обучения по республике проведено 982 курса, которыми охвачено 19 634 слушателя. Из них 18 862 человека завершили обучение на 943 курсах.

🔄 Новые требования установлены и к посткурсовому сопровождению. Если ранее данное направление преимущественно рассматривалось как зона ответственности «Өрлеу», то теперь в достижении конечного результата должны быть одинаково заинтересованы и активно участвовать все ответственные структурные подразделения.

💬 «Завершение курса не означает завершения работы. Поддержка педагога до того момента, когда он сможет применить полученные знания на практике, должна быть качественной и непрерывной. Это наша общая ответственность», — отметил Ғалымжан Алматов.

📚 В ходе аппаратного совещания также были рассмотрены новые инициативы, направленные на объединение профессионального образования и культуры чтения.

🇰🇿 В рамках Указа Главы государства «О мерах по развитию культуры чтения и формированию интеллектуальной нации», направленного на развитие человеческого капитала, укрепление интеллектуального потенциала общества и формирование образованной, конкурентоспособной нации читателей, между «Өрлеу» и Национальной академической библиотекой Республики Казахстан был подписан меморандум о сотрудничестве.

🌐 Теперь данное направление получит продолжение и в регионах. На базе Институтов профессионального развития планируется выпуск электронных журналов. Новый формат позволит широко распространять передовой педагогический опыт, расширить доступ к современным образовательным ресурсам и способствовать развитию культуры чтения.

📌 Председатель Правления Ғалымжан Алматов подчеркнул, что в этой работе приоритетом должно быть не количество, а качество, и отметил, что руководители филиалов будут нести непосредственную ответственность за содержание и качество каждого электронного журнала.

🎯 В целом основной посыл аппаратного совещания очевиден: работать необходимо не ради показателей, а ради результата. Важно не ограничиваться проведением курсов, а обеспечить их реальное влияние на повседневную практику педагога, его профессиональный рост и качество образования.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📚 «Өрлеу»: курстар бойынша байланыс

📌 Біліктілікті арттыру курстары туралы ақпарат қажет пе?

💬 Бюджеттік немесе ақылы курстар бойынша сұрақтарыңызды енді өңіріңіздегі «Өрлеу» Кәсіби даму институтының жауапты маманына тікелей қоя аласыз.

📞 Өз өңіріңізді таңдаңыз — жауапты маманмен тікелей байланысыңыз.

🔹🔹🔹

📚 «Өрлеу»: контакты по курсам

📌 Нужна информация о курсах повышения квалификации?

💬 Теперь вы можете напрямую задать вопросы по бюджетным или платным курсам ответственному специалисту Института профессионального развития «Өрлеу» в вашем регионе.

📞 Выберите свой регион — свяжитесь напрямую с ответственным специалистом.
👍3
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
📚 «Адал азамат»: құндылықтан — күнделікті әрекетке

🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады» деген ұстанымы білім мен тәрбие саласына да нақты бағыт береді.

📌 Президент атап өткендей, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, білімпаздық, отаншылдық, заң мен тәртіпке құрмет жаңа қоғамдық этиканың негізіне айналуға тиіс.

🏫 Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын педагогикалық ортаға енгізуге ерекше мән беріліп отыр.

🏛️ Ұстаздар үйі бағдарламаның бірыңғай визуалды стиліне сай безендірілген. Кеңістікте Конституция қағидаттары, заң мен тәртіп, «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасының идеялары көрініс тапқан.

📚 «Оқу және кәсіби даму кабинетінде» кітап алмасу бұрышы ашылған. Сондай-ақ үзіліс кезінде шахмат пен тоғызқұмалақ ойнап, ой сергітуге жағдай қарастырылған.

🤝 Бұл бағыттағы жұмыс оқу кеңістігімен шектелмейді. Институтта ашық дәрістер, диалог алаңдары, зиялы қауым өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру көзделген. Сондай-ақ Әкелер одағы, Аналар кеңесі секілді қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ұрпақ тәрбиесіне арналған кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

🌐 Бүгінде Астана филиалында «Адал азамат» құндылықтарын дәріптейтін осындай білім беру және тәрбие инфрақұрылымы қалыптастырылып жатыр. Алдағы мақсат — осы тәжірибені «Өрлеудің» басқа да өңірлік филиалдарына таратып, олардың инфрақұрылымын да осы бағытта кезең-кезеңімен дамыту.
❤1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
📚 «Адал азамат»: от ценностей — к ежедневным действиям

🇰🇿 Установка Главы государства Касым-Жомарта Токаева «Справедливое Казахстанское общество строят честные граждане» задаёт конкретные ориентиры и для сферы образования и воспитания.

📌 Как отмечал Президент, честность, ответственность, трудолюбие, стремление к знаниям, патриотизм, уважение к закону и порядку должны стать основой новой общественной этики.

🏫 В этом направлении в Институте профессионального развития города Астаны АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» особое внимание уделяется внедрению ценностей программы «Адал азамат» в педагогическую среду.

🏛️ «Учительский дом» оформлен в соответствии с единым визуальным стилем программы. В пространстве нашли отражение принципы Конституции, идеи законности и порядка, а также положения национальной инициативы «Таза Қазақстан».

📚 В «Кабинете обучения и профессионального развития» создан уголок для книгообмена. Кроме того, во время перерывов педагоги могут сыграть в шахматы и тоғызқұмалақ, чтобы отдохнуть и переключиться.

🤝 Работа в этом направлении не ограничивается образовательным пространством. В Институте планируется проведение открытых лекций, диалоговых площадок и встреч с представителями интеллигенции. Также предусматривается проведение встреч, посвящённых вопросам воспитания подрастающего поколения, совместно с такими общественными организациями, как Союз отцов и Совет матерей.

🌐 Сегодня в Астанинском филиале формируется образовательная и воспитательная инфраструктура, направленная на продвижение ценностей «Адал азамат». Следующая цель — распространить этот опыт на другие региональные филиалы «Өрлеу» и поэтапно развивать их инфраструктуру в данном направлении.