«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.12K photos
415 videos
27 files
928 links
Download Telegram
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
📚 «Адал азамат»: құндылықтан — күнделікті әрекетке

🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады» деген ұстанымы білім мен тәрбие саласына да нақты бағыт береді.

📌 Президент атап өткендей, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, білімпаздық, отаншылдық, заң мен тәртіпке құрмет жаңа қоғамдық этиканың негізіне айналуға тиіс.

🏫 Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын педагогикалық ортаға енгізуге ерекше мән беріліп отыр.

🏛️ Ұстаздар үйі бағдарламаның бірыңғай визуалды стиліне сай безендірілген. Кеңістікте Конституция қағидаттары, заң мен тәртіп, «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасының идеялары көрініс тапқан.

📚 «Оқу және кәсіби даму кабинетінде» кітап алмасу бұрышы ашылған. Сондай-ақ үзіліс кезінде шахмат пен тоғызқұмалақ ойнап, ой сергітуге жағдай қарастырылған.

🤝 Бұл бағыттағы жұмыс оқу кеңістігімен шектелмейді. Институтта ашық дәрістер, диалог алаңдары, зиялы қауым өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру көзделген. Сондай-ақ Әкелер одағы, Аналар кеңесі секілді қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ұрпақ тәрбиесіне арналған кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

🌐 Бүгінде Астана филиалында «Адал азамат» құндылықтарын дәріптейтін осындай білім беру және тәрбие инфрақұрылымы қалыптастырылып жатыр. Алдағы мақсат — осы тәжірибені «Өрлеудің» басқа да өңірлік филиалдарына таратып, олардың инфрақұрылымын да осы бағытта кезең-кезеңімен дамыту.
❤1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
📚 «Адал азамат»: от ценностей — к ежедневным действиям

🇰🇿 Установка Главы государства Касым-Жомарта Токаева «Справедливое Казахстанское общество строят честные граждане» задаёт конкретные ориентиры и для сферы образования и воспитания.

📌 Как отмечал Президент, честность, ответственность, трудолюбие, стремление к знаниям, патриотизм, уважение к закону и порядку должны стать основой новой общественной этики.

🏫 В этом направлении в Институте профессионального развития города Астаны АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» особое внимание уделяется внедрению ценностей программы «Адал азамат» в педагогическую среду.

🏛️ «Учительский дом» оформлен в соответствии с единым визуальным стилем программы. В пространстве нашли отражение принципы Конституции, идеи законности и порядка, а также положения национальной инициативы «Таза Қазақстан».

📚 В «Кабинете обучения и профессионального развития» создан уголок для книгообмена. Кроме того, во время перерывов педагоги могут сыграть в шахматы и тоғызқұмалақ, чтобы отдохнуть и переключиться.

🤝 Работа в этом направлении не ограничивается образовательным пространством. В Институте планируется проведение открытых лекций, диалоговых площадок и встреч с представителями интеллигенции. Также предусматривается проведение встреч, посвящённых вопросам воспитания подрастающего поколения, совместно с такими общественными организациями, как Союз отцов и Совет матерей.

🌐 Сегодня в Астанинском филиале формируется образовательная и воспитательная инфраструктура, направленная на продвижение ценностей «Адал азамат». Следующая цель — распространить этот опыт на другие региональные филиалы «Өрлеу» и поэтапно развивать их инфраструктуру в данном направлении.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
🤝 «Өрлеу» және British Council: кәсіби дамуға жаңа мүмкіндік

📌 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов пен Қазақстандағы British Council директоры Роберт Тейлор ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

📚 Әріптестік аясында ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, курстан кейінгі қолдауды күшейту, тренерлер жұмысын қолдау және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына арналған жүйелі тәсілдерді әзірлеу көзделген.

🔄 Басты бағыттардың бірі — курстан кейін де педагогті қолдауды жалғастыру. Оқу материалдары, онлайн-сессиялар, практикалық тапсырмалар мен тәжірибе алмасу алаңдары мұғалімнің алған білімін күнделікті жұмысына енгізуіне мүмкіндік береді.

📈 Ал бірлесіп әзірленетін үздіксіз кәсіби даму құрылымы жас маманнан тәжірибелі педагогке дейінгі кәсіби өсу траекториясын қамтиды. Халықаралық тәжірибе Қазақстанның білім беру ортасына бейімделеді.

🏫 Ең маңыздысы — нәтиже мектепке жетеді. Педагогтердің кәсіби оқуын қолдауға арналған әдістемелік ресурстар Қазақстанның 30 мектебінде тәжірибеге енгізіледі. Жинақталған тәжірибе алдағы уақытта оларды жетілдіріп, кеңінен қолдануға негіз болмақ.

🎯 «Өрлеу» мен British Council әріптестігінің өзегі — педагогке бір курспен шектелмейтін, кәсіби жолының әр кезеңінде жалғасатын қолдау жүйесін қалыптастыру.
❤2
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
🤝 «Өрлеу» и British Council: новые возможности для профессионального развития

📌 Председатель Правления АО «НЦПК «Өрлеу» Ғалымжан Алматов и директор British Council в Казахстане Роберт Тейлор подписали соглашение о сотрудничестве. В рамках партнерства предусмотрены повышение квалификации учителей английского языка, усиление посткурсового сопровождения, поддержка работы тренеров, а также разработка системных подходов к непрерывному профессиональному развитию педагогов.

🔄 Одним из ключевых направлений станет продолжение поддержки педагога после завершения курса. Учебные материалы, онлайн-сессии, практические задания и площадки для обмена опытом помогут учителям применять полученные знания в повседневной работе.

📈 Совместно разрабатываемая модель непрерывного профессионального развития охватит траекторию профессионального роста — от молодого специалиста до опытного педагога. Международный опыт будет адаптирован к условиям образовательной среды Казахстана.

🏫 Самое важное — результат должен быть ощутим непосредственно в школе. Методические ресурсы, направленные на поддержку профессионального обучения педагогов, будут апробированы в 30 школах Казахстана. Накопленный опыт в дальнейшем станет основой для их совершенствования и более широкого применения.

🎯 В основе партнерства «Өрлеу» и British Council — формирование системы поддержки педагога, которая не ограничивается одним курсом, а сопровождает его на каждом этапе профессионального пути.
🔥2❤1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
🤝 «Өрлеу» және Шанхай ашық университеті: ынтымақтастықтың жаңа бағыттары

💬 Педагогтің кәсіби дамуын жаңа технологиялармен қалай ұштастыруға болады? Цифрлық платформалар мұғалімнің күнделікті жұмысына қандай мүмкіндік береді? Әртүрлі елдердің білім беру тәжірибесін ортақ жобаларға қалай айналдыруға болады?

📌 Осы және өзге де мәселелер «Өрлеу» БАҰО» АҚ мен Шанхай ашық университеті өкілдерінің кездесуінде талқыланды.

🤝 «Өрлеу» Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов Шанхай ашық университетінің президенті Цзя Вэй бастаған делегациямен кездесіп, педагогтердің кәсіби дамуы, цифрлық білім беру платформалары мен заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу бағыттары бойынша пікір алмасты.

🏫 Кездесу екі ұйымның қызметімен танысудан басталды. Басқарма төрағасының орынбасары Аида Мейркулова «Өрлеудің» негізгі жұмыс бағыттарын таныстырса, Бағдарламаларды қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін атқарушы Карен Долмағамбетов Digital Orleu және білім беру үдерісін цифрландыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

🌐 Шанхай ашық университеті делегация құрамының өзі кездесудің ауқымын аңғартты. Оның құрамына халықаралық және бірлескен білім беру жобаларын дамыту, ақпараттық технологиялар мен оқу ресурстарын басқару, экономика және менеджмент, персоналды дамыту бағыттарына жауапты мамандар енді.

📚 Бұл құрам тәжірибе алмасуды бір ғана бағытпен шектемей, мәселені кешенді қарастыруға мүмкіндік берді. Яғни әңгіме тек педагогті оқыту туралы емес, кәсіби дамудың мазмұнын цифрлық технологиялармен байланыстыру, заманауи оқу ресурстарын пайдалану, білім беру жобаларын ұйымдастыру және оларды басқару, мамандардың кәсіби әлеуетін дамыту тәжірибесін өзара зерделеу төңірегінде өрбіді.

💻 Тараптар үшін ортақ тақырыптардың бірі — цифрлық білім беру мүмкіндіктері. Осы ретте платформаларды педагогтің кәсіби дамуына тиімді пайдалану, цифрлық оқу ресурстарын жетілдіру және технологиялық шешімдерді білім беру тәжірибесіне енгізу мәселелері сөз болды.

👩‍🏫 Кездесудің тағы бір маңызды бағыты — педагогтердің кәсіби дамуы. Екі ұйым осы саладағы тәжірибелерімен бөлісіп, мұғалімге қажетті білім мен ресурстарды қолжетімді ету, кәсіби дамуды заманауи форматтармен ұштастыру мүмкіндіктерін талқылады.

📌 Кездесу соңында Ғалымжан Алматов пен Цзя Вэй талқыланған бағыттар бойынша байланысты одан әрі дамытуға назар аударды.

🎯 Яғни бұл кездесу — екі ұйымның тәжірибесін тоғыстырып, білім беру мен цифрлық дамуда ортақ мүмкіндіктерді іздеуге арналған кәсіби диалог алаңы болды.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
📚 «Өрлеу» и Шанхайский открытый университет: новые направления сотрудничества

💡 Как объединить профессиональное развитие педагога с современными технологиями? Какие возможности цифровые платформы открывают для повседневной работы учителя? Как превратить образовательный опыт разных стран в совместные проекты?

🤝 Эти и другие вопросы обсудили представители АО НЦПК «Өрлеу» и Шанхайского открытого университета в ходе встречи.

👥 Председатель Правления «Өрлеу» Ғалымжан Алматов встретился с делегацией Шанхайского открытого университета во главе с президентом Цзя Вэем. Стороны обменялись мнениями по вопросам профессионального развития педагогов, цифровых образовательных платформ и внедрения современных технологий в образовательный процесс.

📊 Встреча началась с презентации деятельности двух организаций. Заместитель председателя Правления Аида Мейркулова представила основные направления работы «Өрлеу», а исполняющий обязанности директора Департамента обеспечения программ Карен Долмағамбетов рассказал о работе Digital Orleu и реализации проектов по цифровизации образовательного процесса.

🌏 Состав делегации Шанхайского открытого университета также продемонстрировал широкий спектр направлений для взаимодействия. В нее вошли специалисты, отвечающие за развитие международных и совместных образовательных проектов, информационные технологии и управление учебными ресурсами, экономику и менеджмент, а также развитие кадрового потенциала.

🔹 Такой состав участников позволил рассмотреть вопросы обмена опытом комплексно, не ограничиваясь одним направлением. Речь шла не только о профессиональном обучении педагогов, но и о сочетании содержания профессионального развития с цифровыми технологиями, использовании современных образовательных ресурсов, организации и управлении образовательными проектами, а также взаимном изучении опыта развития профессионального потенциала специалистов.

💻 Одной из ключевых тем встречи стали возможности цифрового образования. В частности, участники обсудили эффективное использование цифровых платформ для профессионального развития педагогов, совершенствование образовательных ресурсов и внедрение технологических решений в образовательную практику.

👩‍🏫 Еще одним важным направлением встречи стало профессиональное развитие педагогов. Представители двух организаций поделились опытом в этой сфере и обсудили возможности сделать необходимые учителям знания и ресурсы более доступными, а профессиональное развитие — соответствующим современным форматам.

🤝 В завершение встречи Ғалымжан Алматов и Цзя Вэй подчеркнули важность дальнейшего развития взаимодействия по обсужденным направлениям.

✨ Таким образом, встреча стала профессиональной диалоговой площадкой для объединения опыта двух организаций и поиска новых возможностей для сотрудничества в сфере образования и цифрового развития.
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан БҰҰ Комитетіне балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі реформаларды таныстырды

🇰🇿🇺🇳Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі біріктірілген бесінші және алтыншы мерзімді баяндамалары қаралды.

🤝Қазақстанның ведомствоаралық делегациясын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова басқарды. Делегация құрамына Бас прокуратураның, Сот әкімшілігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері кірді.

💬БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің мүшелерімен диалог барысында делегация балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған негізгі заңнамалық және институционалдық өзгерістер туралы ақпарат берді.

🔔Қазақстанда 7 млн-ға жуық бала тұрады, бұл ел халқының шамамен 34%-ын құрайды. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі жаңа Конституцияда отбасы мен баланы қорғау кепілдіктерінің күшейтілуі болды.

📌Қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларындағы шараларды біріктірген 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

📞Қазақстан тарапы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке қарсы іс-қимыл, психологиялық көмекті және мемлекеттік «111» байланыс орталығын дамыту шараларын таныстырды. Жетім балаларды отбасыларға орналастыру, инклюзивті білім беру, балалар денсаулығын сақтау, балалардың шешім қабылдауға қатысуы және олардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-ы отбасыларда тәрбиеленуде.

«Біз үшін тиімділіктің басты өлшемі – әрбір баланың жағдайының нақты жақсаруы. Қазақстан мазмұнды диалогқа және балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі дамытуға ашық», – деді Жұлдыз Сүлейменова.


✅Қазақстан Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелеріне бейілділігін және Комитет ұсынымдарын ескере отырып, әрбір баланы қорғау кепілдіктерін нығайту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Казахстан представил Комитету ООН системные реформы в сфере защиты прав детей

🇰🇿🇺🇳В Женеве на 101-й сессии Комитета ООН по правам ребенка рассмотрены объединенные пятый и шестой периодические доклады Республики Казахстан о выполнении положений Конвенции ООН о правах ребенка.

🤝Межведомственную делегацию Казахстана возглавила Министр просвещения Республики Казахстан Жұлдыз Сүлейменова. В ее состав вошли представители Генеральной прокуратуры, Судебной администрации, Министерства иностранных дел, Министерства внутренних дел, Министерства здравоохранения, Министерства труда и социальной защиты населения, а также Министерства культуры и информации.

💬В ходе диалога с членами Комитета ООН по правам ребенка делегация проинформировала о ключевых законодательных и институциональных преобразованиях, направленных на дальнейшее укрепление национальной системы обеспечения прав и благополучия детей.

🔔В Казахстане проживает порядка 7 млн детей, или около 34% населения страны. Защита прав и интересов детей является одним из приоритетов государственной политики, проводимой Главой государства Касым-Жомартом Токаевым. Важным шагом в этом направлении стало усиление гарантий защиты семьи и детства в новой Конституции.

📌Отдельное внимание уделено реализации Концепции «Дети Казахстана» на 2026–2030 годы, объединившей меры в сфере безопасности, образования, здравоохранения и социальной поддержки.

📞Казахстанская сторона представила меры по предупреждению насилия в отношении детей, противодействию буллингу и кибербуллингу, развитию психологической помощи и государственного контакт-центра «111». Рассмотрены вопросы семейного устройства детей-сирот, инклюзивного образования, детского здравоохранения, участия детей в принятии решений и защиты их прав в цифровой среде. В настоящее время 82% детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, воспитываются в семьях.

«Главным критерием эффективности для нас является реальное улучшение положения каждого ребенка. Казахстан открыт к содержательному диалогу и дальнейшему развитию национальной системы защиты прав детей», — подчеркнула Жұлдыз Сүлейменова.


✅Казахстан подтвердил приверженность положениям Конвенции ООН о правах ребенка и готовность продолжать системную работу по укреплению гарантий защиты каждого ребенка с учетом рекомендаций Комитета.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
📌 Аттестаттау: ақпарат нақты, қолдау жүйелі болуы керек

🤝 Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша өңірлермен өзара байланысты күшейту мақсатында «Өрлеу» БАҰО онлайн-кездесу өткізді.

👥 Кездесуге білім басқармалары мен білім беру бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинеттер мен орталықтардың басшылары, өңірлердегі аттестаттауға жауапты мамандар және «Өрлеудің» өңірлік Кәсіби даму институттарының директорлары қатысты.

📊 Жалпы онлайн-кездесуге 500-ге жуық білім саласының мамандары қатысты.

💬 Жиынға төрағалық еткен «Өрлеу» БАҰО Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Бекіш бүгінде педагогтерден аттестаттауға қатысты көптеген сауал түсіп жатқанын атап өтті.

«Педагогке ақпарат нақты, түсінікті әрі бірізді жетуі керек. Туындаған сұрақтарға дер кезінде жауап беру — бәрімізге ортақ міндет», — деді Азамат Бекіш.

ℹ️ Сондай-ақ ол «Өрлеудің» бұл үдерістегі міндетін нақтылады: Орталық аттестаттау қағидаларын белгілемейді және аттестаттауды өткізбейді.

Негізгі міндет — педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету.

📚 Кездесуде Педагогтерді есепке алу және дамыту департаментінің бас маманы Гүлден Мұхамбетжанова пилоттық жоба бойынша түсіндірме беріп, өңірлерден және педагогтерден түскен сауалдарға тоқталды.

🔎 Олардың қатарында:
▪️ пилоттық жобаға қатысушылар;
▪️ бақылау парағын бағалау;
▪️ тәуелсіз сарапшыларды даярлау;
▪️ дәлелдемелерді ұсыну мен санатты сақтау тәртібі;
▪️ тәжірибеде туындап отырған басқа да мәселелер бар.

Әр сауал қолданыстағы талаптар мен пилоттық жобаның ерекшеліктері аясында талқыланды.

💬 Осылайша, кездесу ақпарат берумен шектелмей, өңірлердегі нақты жағдайды ортаға салатын ашық диалог алаңына айналды.

Мамандар өз тәжірибесінде кездесіп отырған мәселелерді көтеріп, қосымша түсіндіруді қажет ететін тұстарды бірлесіп қарастырды.

🎯 Мақсат — педагог қай өңірде еңбек етсе де, аттестаттауға қатысты қажетті ақпарат пен қолдауды уақытылы алуы.

🔄 Өңірлермен кері байланыс пен консультациялық-әдістемелік қолдау осы бағытта жүйелі түрде жалғасады.