«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.12K photos
415 videos
27 files
928 links
Download Telegram
⚡️Қазақстанда «Адал азамат» бағдарламасы аясында ата-аналар жиналыстары өтуде

✍️2026 жылғы қыркүйек айының соңына дейін еліміздің барлық мектептерінде ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылуда.

🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал еңбек» қағидаттары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында жүйелі түрде ілгерілетілуде. Ата-аналар жиналыстарында да осы құндылықтарға ерекше мән берілуде.

📌Жиналыстардың негізгі мақсаты - ата-аналарды 2026-2027 оқу жылының ерекшеліктерімен таныстыру, Жаңа Конституцияның құндылықтарын ілгерілету, сондай-ақ отбасы, мектеп және қоғам арасындағы тиімді серіктестікті нығайту.

👨‍👩‍👧‍👦Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты азаматтық жауапкершілігін арттыруға, олардың баланың тәрбиесі мен білім алуына белсенді қатысуына және әрбір баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуына жағдай жасауға басымдық берілуде.

🤝Жиналыстарға полиция, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, ішкі саясат және қаржылық қауіпсіздік салаларының өкілдері қатысуда. Кездесулер барысында балалардың қауіпсіздігі, цифрлық ортадағы мінез-құлық, психологиялық әл-ауқат, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

💬Ата-аналар жиналыстары бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті күшейтуге, отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын білім беру ұйымдарында кеңінен ілгерілетуге бағытталған.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️В Казахстане проходят родительские собрания в рамках программы «Адал азамат»

✍️До конца сентября 2026 года во всех школах страны проводятся родительские собрания.

🇰🇿Обозначенные Главой государства Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым принципы «Закон и порядок», «Таза Қазақстан» и «Адал еңбек» системно продвигаются в организациях образования в рамках единой программы воспитания «Адал азамат». Особое внимание этим ценностям уделяется и в ходе родительских собраний.

📌Основная цель собраний - ознакомить родителей с особенностями 2026-2027 учебного года, продвигать ценности Новой Конституции, а также укреплять эффективное партнерство между семьей, школой и обществом.

👨‍👩‍👧‍👦Особое внимание также уделяется повышению гражданской ответственности родителей за воспитание детей, их активному участию в воспитании и образовании ребенка, а также созданию условий для развития каждого ребенка в безопасной и благоприятной среде.

🤝В собраниях принимают участие представители полиции, здравоохранения, органов по чрезвычайным ситуациям, внутренней политики и финансовой безопасности. В ходе встреч с родителями проводится разъяснительная работа по вопросам безопасности детей, поведения в цифровой среде, психологического благополучия, формирования правовой культуры и профилактики различных рисков.

💬Родительские собрания призваны усилить общую ответственность за воспитание детей, укрепить взаимодействие семьи, школы и общества, а также обеспечить широкое продвижение ценностей программы «Адал азамат» в организациях образования.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📋 Портфолиоңыз аттестаттауға дайын ба?

Аттестаттауға өтініш бермес бұрын портфолиодағы деректерді тексеру маңызды.

💻 Портфолио платформада дерекқорлардағы мәліметтер негізінде қалыптасады.

Цифрлық базада жоқ қажетті ақпаратты педагогтің өзі емес, білім беру ұйымының арнайы жауапты маманы енгізеді.

🔎 Педагогтің міндеті — өтініш берер алдында деректердің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығына көз жеткізу.

⚠️ Қате немесе толық емес мәлімет анықталса, алдымен жауапты маманға жүгіну қажет.

👉 Портфолио қалай қалыптасады және қандай жағдайда кімге жүгіну керек?

📲 Карусельде түсіндіреміз →