«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.12K photos
415 videos
27 files
928 links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Аттестаттау: пилоттық жобаны түсіндіреміз

👩‍🏫 Педагогтің кәсіби жетістіктері қалай бағаланады? Сабақ беру сапасы мен оқушылардың нәтижелері аттестаттау кезінде қалай ескеріледі? Тәлімгерлік қызмет пен тәжірибе тарату жұмыстарының маңызы қандай? Бағалау барысында қандай дәлелдемелер назарға алынады?

💬 Педагогтерді қызықтырған осы және өзге де маңызды мәселелер «Өрлеудің» кезекті тікелей эфирінде талқыланды.

🎙️ Спикер — «Өрлеу» БАҰО» АҚ Педагогтерді есепке алу және дамыту департаментінің бас маманы Гүлден Мұхамбетжанова.

🌐 Қазақ тілінде өткен эфирде пилоттық жобаның ерекшеліктері түсіндіріліп, ұстаздардың сауалдарына жауап берілді.

📌 Эфирді өткізіп алдыңыз ба?

🎥 Аттестаттауға қатысты өзіңізге қажетті ақпаратты эфир жазбасынан біле аласыз.

🔴 Эфирдің толық жазбасын «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның YouTube парақшасынан көре аласыздар.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Аттестация: разъясняем особенности пилотного проекта

👩‍🏫 Как оцениваются профессиональные достижения педагога? Как при аттестации учитываются качество преподавания и результаты учащихся? Какое значение имеют наставническая деятельность и распространение педагогического опыта? Какие доказательства принимаются во внимание в процессе оценивания?

💬 Эти и другие важные вопросы, которые интересуют педагогов, были рассмотрены в очередном прямом эфире «Өрлеу».

🎙️ Спикер — главный специалист Департамента учета и развития педагогов АО «НЦПК «Өрлеу» Гульден Мухамбетжанова.

🌐 В эфире на русском языке были разъяснены особенности пилотного проекта на казахском и русском языках, а также даны ответы на вопросы педагогов.

📌 Пропустили эфир?

🎥 Необходимую информацию об аттестации вы можете узнать из записи эфира.

🔴 Полную запись эфира смотрите на YouTube-канале АО «НЦПК «Өрлеу».
КУРС АЯҚТАЛДЫ. АЛ ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛАДЫ? 🎓

Біліктілікті арттыру курсынан кейін педагогке қандай қолдау көрсетіледі? Бұл бағытта қандай өзгерістер бар? Алған білімді күнделікті сабақта қолдануға кім көмектеседі?

Осы және өзге де маңызды сұрақтарға «Өрлеудің» тікелей эфирінде жауап береміз!

🎙️ Спикер: Жанар Рзабекқызы Жубауова – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Академиялық қызмет департаментінің бас маманы.

📌 Тақырып: «Педагогтерді курстан кейінгі қолдау жүйесінде не өзгерді?»

📅 23 қыркүйек
🕒 Сағат 15:00
🔴 «Өрлеудің» YouTube арнасында

Курсқа және курстан кейінгі қолдауға қатысты сұрақтарыңыз бар ма? Тікелей эфирге қосылып, маманнан жауап алыңыз!
КУРС ЗАВЕРШЁН. А ЧТО ДАЛЬШЕ? 🎓

Получили сертификат, вернулись к работе. А кто поможет применить новые знания на практике? Куда обратиться, если возникли вопросы? И что изменилось в системе посткурсового сопровождения педагогов?

Об этом поговорим в прямом эфире «Өрлеу»!

🎙️ Спикер: Камиль Тимергазиевич Ибрагимов — заместитель директора Департамента академической деятельности АО «НЦПК «Өрлеу».

📌 Тема: «Что изменилось в системе посткурсового сопровождения педагогов?»

📅 23 сентября
🕟 16:30
🔴 Прямой эфир на YouTube-канале «Өрлеу»

Есть вопросы о курсах повышения квалификации и посткурсовом сопровождении? Подключайтесь к эфиру, задавайте их во время трансляции и получайте ответы специалиста!
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📚 «ӨРЛЕУ»: 48 МЫҢНАН АСТАМ ПЕДАГОГ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ!

Жаңа білім, заманауи әдістеме, цифрлық дағдылар мен тың тәжірибе! «Өрлеу» педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған біліктілікті арттыру курстарын жалғастыруда.

📊 Биыл мемлекеттік тапсырма аясында 62 273 педагогті оқыту жоспарланған. Бүгінге дейін 48 630 педагог курстан өтіп, жылдық жоспардың 78,1%-ы орындалды.

Сонымен қатар педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған курстар да қарқын алуда.

Әр курс – жаңа мүмкіндік, әр жаңа дағды – сапалы білімге жасалған қадам!

📌 Қай бағытта қанша педагог оқудан өтті? Жылдық жоспардың орындалу көрсеткіші қандай? Толық ақпаратты карусельден көріңіз!

🔹🔹🔹

📚 «ӨРЛЕУ»: БОЛЕЕ 48 ТЫСЯЧ ПЕДАГОГОВ ПОВЫСИЛИ КВАЛИФИКАЦИЮ!

Новые знания, современные методики, цифровые навыки и новый практический опыт! «Өрлеу» продолжает реализацию курсов повышения квалификации, направленных на профессиональное развитие педагогов.

📊 В этом году в рамках государственного задания запланировано обучение 62 273 педагогов. На сегодняшний день курсы прошли 48 630 педагогов, что составляет 78,1% от годового плана.

Кроме того, набирают темп курсы, направленные на повышение финансовой грамотности педагогов.

Каждый курс — это новая возможность, каждый новый навык — шаг к качественному образованию!

📌 Сколько педагогов прошли обучение по каждому направлению? Каков показатель выполнения годового плана? Полную информацию смотрите в карусели!
🌍 «Өрлеу» тәжірибесі – ЮНЕСКО-ның халықаралық семинарында

🔬 STEM-білім берудің жаңа мүмкіндіктері, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және заманауи оқыту әдістері – Тәжікстанда өткен халықаралық семинардың басты назарында болды.

Аталған алаңда «Өрлеу» өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру саласындағы халықаралық кәсіби диалогқа үлес қосты.

📍 14–18 қыркүйек аралығында Душанбе қаласында Еуропалық одақ қаржыландыратын ЮНЕСКО жобасы аясында STEM пәндеріне арналған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу бойынша халықаралық семинар өтті.

👩‍🏫 Іс-шараға халықаралық STEM-сарапшысы ретінде қатысқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ Білім беру бағдарламалары және жобалық шешімдер департаментінің басшысы Лилия Алтынбаева құзыреттілікке негізделген оқу материалдарын әзірлеу және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету тәжірибесімен бөлісті.

💡 Практикалық сессияларда:
🔹 зерттеушілік оқыту мен 5E моделін қолдану;
🔹 тәжірибелік және зертханалық тапсырмалар әзірлеу;
🔹 қалыптастырушы бағалау;
🔹 тиімді кері байланыс ұйымдастыру жолдары қарастырылды.

📚 Сондай-ақ ұлттық сарапшылармен бірлесіп оқу-әдістемелік материалдарға сараптама жүргізіліп, олардың сапа критерийлері айқындалды.

📝 Оқу мазмұны мен оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

🤝 Білім берудегі озық тәжірибе шекарамен шектелмейді!

«Өрлеу» халықаралық ынтымақтастық аясында педагогтердің кәсіби дамуы мен сапалы білім беруге бағытталған тәжірибесімен бөлісуді жалғастыруда.
❤1