🇰🇿✨ Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы Бейжіңде ашылды! 🇨🇳
2025 жылғы 5 қыркүйекте Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының алғашқы мәдени орталығы өз есігін айқара ашты.
Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Мемлекет басшысы қатысты.
Жоба екі ел арасындағы мәдени алмасуды дамытып, қазақтың бай мәдениеті мен өнерін халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған.
🏛 Орталық Бейжіңнің беделді ауданында, Қытайдың Халықаралық жастар алмасу орталығының құрамындағы «21 ғасыр» бизнес-орталығында орналасқан.
Аумағы – 620 шаршы метр.
🇰🇿 Мұнда қазақ халқының дәстүрі, өнері, тілі, тарихы және ұлттық тағамдары таныстырылатын түрлі мәдени іс-шаралар өтеді.
@otandastar

👍5❤1
Қытай локомотивтері Қазақстанға экспортталды
Толығырақ: https://surli.cc/konhzi
Қытайдың мен Қазақстан арасындағы инвестициялық және экономикалық қатынас
Толығырақ: https://surl.li/zkyhhb
Орталық Азия елдерінің педагогтері Нөкісте бас қосты — ӨзА
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx
Қазақстан Иранмен бірлескен бизнес жоба
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx
Қасым-Жомарт Тоқаев саммит ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді

⚜️2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «Шетелдегі отандастарды ақпараттық қолдау орталығының жұмыс істеуі арқылы шетелдегі отандастарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету» қызметі аясында Орталыққа барлығы 1561 өтініш түсті және өңделді.
Оның ішінде:
1) Байланыс орталығына 302 өтініш;
2) Бэк-кеңсеге 208 қандас телефон арқылы хабарласты, оның ішінде тікелей қабылдау келгендер 32 ;
3) Мессенджерлер арқылы барлығы 1051 хабарлама түсті:
– WhatsApp және Telegram – 964;
– Facebook және Instagram – 87.
📌Талдау нәтижесі көрсеткендей, қандастар 10 негізгі сұрақ бойынша жиі жүгінді:
1. Қандас мәртебесін алу/создыру – 461;
2. Білім және мәдениет – 424;
3. ҚР азаматтығын алу – 157;
4. Ықтиярхат алу – 87;
5. Өңірлік квота бойынша – 66;
6. Көшу / туыстарын көшіру – 65;
7. Қандастарға арналған жеңілдіктер – 51;
8. Басқа құжаттар бойынша сұрақтар / ЖСН – 47;
9. Тұрақты тіркеуге тұру – 38;
10. Ата жолы картасы – 35.
📌Ең көп өтініш Өзбекстан Республикасынан – 739, Моңғолиядан – 297, Қытай Халық Республикасынан – 182, Ресейден – 157, Түрікменстаннан – 32 және басқа елдерден – 154 келіп түскен.
Өңірлер бойынша: Астана қаласынан – 257, Алматы қаласынан – 227, Алматы облысынан – 112, Павлодар облысынан – 100, Шымкент қаласынан – 91 және басқа да аймақтар.

❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥 Жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға жақсы жаңалық!
🎓 Мемлекет өз мамандығы бойынша алғашқы еңбек тәжірибесін алғысы келетін жастарға арналған «Жастар практикасы» бағдарламасын ұсынады.
👩💻 Бағдарламаға оқуын аяқтағанына 5 жылдан аспаған, 35 жасқа дейінгі, жұмыссыз ретінде тіркелген түлектер қатыса алады.
💼 Практика мерзімі 12 айдан аспайды, ал ай сайынғы жалақы мөлшері кемінде 30 АЕК (2025 жылы 117 960 теңге) болады.
📍 Қатысу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына жүгініңіз немесе Enbek.kz порталы арқылы өзіңізге ұнайтын бос жұмыс орнын таңдаңыз.
🚀 Жастар практикасы – кәсіби болашағыңызға бастар алғашқы қадам!

👍3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📚 Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Әлем қазақтары» журналының «Ұлы көшке – 35 жыл» атты шығармашылық және сазды сырласу кеші өтті.
🌍 Кештің негізгі тақырыбы — қазақ көші тарихы мен оның маңызына арналды.
📰 “Әлем қазақтары” журналының №18 жаңа саны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы Әкім Ысқаққа арналған. Бас редактор Үзбен Құрманбайұлы мен басты кейіпкер арасындағы сұхбат «Ұлы көш – Отанға бастар жол» деген тақырыппен жарық көрді.
Осындай рухани мазмұны терең кездесулер ұлт тарихына құрмет пен отансүйгіш сезімді арттыра түседі 🇰🇿✨

🇰🇿 “Абай мұрасы” номинациясы бойынша жеңімпаздың мақаласы жарық көрді
“Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен” халықаралық медиа байқауының “Абай мұрасы” номинациясы бойынша жеңімпаз атанған отандасымыз Арухан Ақпанбетова “Нұрлы жол” газетінде кең көлемді мақала жариялады.
Материалда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, “Отандастар қоры” КеАҚ-ның қызметі мен 2–8 қазан күндері Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында өткен мәдени-танымдық экскурсиялардың мазмұны кеңінен баяндалған.

👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Бүгінгі «Қандастың жолы» бағдарламасының қонағы – Қытай дәстүрлі медицинасын терең меңгеріп, оны Қазақстанда дамытып жүрген ерекше тұлға, еңбекқор әрі адал жан Нұршаш ханым 🌿 @nurmed_astana
Ол өз кәсібі арқылы талай жанның сауығып, өмірге деген сенімін қайта оятуға себепші болып жүр.
Сұхбат барысында Нұршаш ханым:
💬 өз өмір жолы мен Қазақстанға қоныс аудару тарихы туралы,
💬 дәстүрлі қытай медицинасын дамыту бағытындағы еңбегі жайында,
💬 алдағы жоспарлары мен қандастарға арналған ақыл-кеңестерімен бөліседі.
🩺 Денсаулық пен жан тыныштығының сырын білгіңіз келсе – бұл сұхбат сіз үшін!
📹Толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыз!

❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗞️🇰🇿🇺🇿«Нұрлы жол» – Өзбекстандағы қазақ баспасөзінің шамшырағы!
📌1991 жылы «Достық туы» деген атпен жарық көрген бұл басылым бүгінде «Нұрлы жол» атауымен қазақ қауымын бірлікке ұйытып, мәдени және рухани байланыстарды нығайтып келеді. 30 жылдан астам тарихы бар газет аптасына екі рет шығып, қазақ тіліндегі маңызды жаңалықтар мен әдеби-мәдени дүниелерді оқырманға ұсынады.
📌Газет редакциясында Қазақстанда білім алған кәсіби журналистер еңбек етеді. Таралымы 5 мың данаға жуық бұл басылым Өзбекстандағы қазақтардың тілін, дәстүрін сақтап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рухани көпірге айналып отыр.
📌Бас редактор Ғұламзәкір Юсупов мырзаның айтуынша, «Нұрлы жол» – тек ақпарат таратушы құрал ғана емес, ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы үлкен миссияны арқалаған басылым. Біз Ғұламзәкір мырзамен тілдесіп, газеттің бүгінгі тынысы мен болашағы жайлы өз аузынан естіп қайттық.

🔥4👍1