«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🧬 Қазақ даласының тарихы жаңа ғылыми дерекпен толықты

Қазақстан, Оңтүстік Корея, Германия және АҚШ ғалымдарынан құралған халықаралық зерттеу тобы Шығыс Қазақстандағы Көкен қонысынан табылған ежелгі адам сүйектерін зерттеп, 7 мың жыл бұрынғы ата-бабаларымыздың генетикалық ізін анықтады.

Зерттеу нәтижесі беделді Science Advances ғылыми журналында жарияланды. Ғалымдар 21 көне адамның ДНҚ-сын талдап, олардың бірі б.з.д. 5500 жылдардағы ерте неолит дәуіріне тиесілі екенін дәлелдеген. Бұл қазіргі қазақ жерінде әртүрлі этникалық және мәдени қауымдардың өзара араласқанын айғақтайды.

Зерттеу қорытындысы қазақ халқының генетикалық сабақтастығы кемінде 7 мың жылға созылатынын көрсетіп отыр. Аталған тұжырым қазақ ғылымының атасы, антрополог Оразақ Исмагұловтың еңбектерімен үндес.

🔹 Мақсат Жабағин, Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының басшысы:

«Біздің нәтижелер қазақ халқының генетикалық тарихы кемінде жеті мың жылға созылатынын айғақтайды. Ертіс өңірі ежелден Еуразия кеңістігіндегі генетикалық және мәдени ықпалдастықтың маңызды торабы болған».

Жүргізілген зерттеу отандық ғылымның халықаралық деңгейдегі зор жетістігі ретінде бағаланып отыр. 🌍

@orandastar
❤2
🇨🇳🤝🇰🇿
Синьцзяндағы этникалық қазақтар дәстүр мен мәдениетті сақтауда

Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Іле-Қазақ автономиялық округі – этникалық қазақтар тығыз қоныстанған өңірлердің бірі. Ресми мәліметке сәйкес, мұнда қазақтар жалпы халықтың 26%-ын құрайды. Ал Қытай аумағында барлығы 1,5 миллионнан астам этникалық қазақ өмір сүреді.

Іле қаласында (қытайша атауы – Инин) тұратын Гүлнұр Кенжебекқызы — ағылшын тілі маманы, Іле-Қазақ автономиялық округінің Сыртқы істер басқармасында аудармашы болып қызмет етеді. Бірнеше шет тілін еркін меңгерген Гүлнұр халықаралық делегациялармен жұмыс істейді.

«Біз дәстүрімізді, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтап, ұрпаққа жеткізуге тырысамыз. Үйде қазақ тілінде сөйлесеміз, ал жұмыста — қытай тілінде, өйткені барлығы түсіне бермейді. Әйелдер мен ерлер тең еңбек етеді, балаларға ерекше құрметпен қараймыз», – дейді Гүлнұр Кенжебекқызы.

Іле қаласындағы орташа айлық жалақы 5 000 юань шамасында (шамамен 340 000 теңге). Мемлекет тарапынан төмен табысты отбасыларға айына 300–600 юань көлемінде жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға тегін немесе жеңілдетілген тұрғын үй алу мүмкіндігі қарастырылған.

📍 Қазаншы ауданы – Іле қаласының көне бөлігі, мұнда қазақ, ұйғыр, орыс және өзбек мәдениеттері тоғысқан. Тарихи ғимараттар, ұлттық тағамдар мен көптілді жазулар өңірдің көпұлтты болмысын айқындайды.

🎵 Қаладағы ерекше мәдени нысан – «Мың аккордеон» мұражайы. Оны орыс ұлтынан шыққан шебер әрі коллекционер Александр Зазулин негізін қалаған. Мұражайда 20-дан астам елден жиналған 800-ге жуық аккордеон сақталған. Мұнда түрлі этнос өкілдері қатысатын концерттер мен мәдени шаралар өтеді.

🕊️ Этникалық қазақтар Синьцзянда өз тілін, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерін сақтай отырып, заманауи қоғам өміріне белсенді араласуда.

📅 Айта кетсек, 2025 жылғы 12–16 қазан аралығында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен отандық БАҚ өкілдері мен блогерлер үшін Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына пресс-тур ұйымдастырылды. Делегация құрамындағы қазақстандық журналистер Үрімжі, Фукан, Хоргос және Іле-Қазақ автономиялық округінде болып, аймақтың мәдени және әлеуметтік дамуы туралы материалдар дайындады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Бүгінгі сұхбат қонағы – Жұлдыз Қыдырбаева

Швецияның Стокгольм қаласында тұратын қобызшы, “Достар” қазақ мәдени ұйымының белсенді мүшесі Жұлдыз Қыдырбаева – шетелде ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген отандасымыз.

Әңгіме барысында ол Швециядағы өмірі, қобыз өнерінің ерекшелігі және қазақ диаспорасының мәдени белсенділігі туралы бөлісті.

Атырауда дүниеге келген Жұлдыз ханым 4 жыл бұрын Швецияға қоныс аударған. Өзге елге бейімделу жолы мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі жайлы әңгімесін бірге тыңдайық. 🌍✨

@otandastar
❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️🇰🇿 Бозжыраның басында қобыз үнімен даланың рухын сездірген Жұлдыз Қыдырбаеваның ерекше орындауын назарларыңызға ұсынамыз!

@otandastar
👍3
🇰🇿 11 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына оралды

Биыл 11 012 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері барлығы 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ Қазақстанға қоныс аударды.

📊 Биылғы келген қандастардың географиясы:
– 45,7% — Өзбекстаннан
– 42,1% — Қытайдан
– 4,5% — Түрікменстаннан
– 2,6% — Ресейден
– 2,6% — Моңғолиядан
– 2,5% — басқа елдерден.

🧭 Қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер ретінде Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары белгіленді. 2025 жылға арналған квота – 2 309 адам. 1 қазанға дейін 1 725 қандас сол өңірлерге қоныстанды.

💰 Мемлекеттік қолдау шаралары:
– көшуге арналған біржолғы субсидия — 70 АЕК (275,2 мың тг);
– тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге — ай сайын 15–30 АЕК (59–118 мың тг) көлемінде көмек көрсетіледі.

Биылдың өзінде 916 қандасқа түрлі қолдау көрсетіліп, 277 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Дереккөз: @turkystan_kz
❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ «Қандастың жолы» жобасы аясында жаңа кейіпкерімізбен таныс болыңыздар!

Бүгінгі сұхбатымыз – тарихи Отанына оралып, асхана мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлер, «The dom» кафесінің иелері Әділбек және Қаділет мырзалармен. 🇰🇿🍽️

Олар атамекенге келіп, еңбегімен елге пайдасын тигізіп жүрген жандардың бірі. Дәмді тағам мен жылы ықылас арқылы адамдардың жүрегіне жол тапқан кәсіпкерлер өз тәжірибесімен, табыс пен тәуекел жолындағы әңгімесімен бөлісті.

@otandastar
👍1
🇰🇿 Қазақстанның көк туы желбіреп, шетел қазақтары да үлкен бақытқа бөленді

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдады.
Қазақ мемлекеттігінің құқықтық іргетасы саналатын бұл құжат Тәуелсіздікке апарар ұлы жолдың бастамасы болды.

📜 Декларацияда қазақ халқының тілі мен мәдениетін өркендету, ұлттық рух пен намысты жаңғырту мемлекеттің басты міндеті ретінде айқындалды.
Осы тарихи шешімнің нәтижесінде 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.

🌍 Егемендік туралы жаңалық тек ел ішінде емес, дүниенің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан қазақтардың да жүрегін тербетті.
Түркия, Қытай, Моңғолия және Еуропадағы қандастарымыз бұл қуанышты атамекеннің қайта оянуы, ұлттың еңсесін тіктеген сәт деп қабылдады.

📌Тарихшы Әбдуақап Қара: «Бұл – тек атамекен қазақтарының емес, шетел қазақтарының да ұзақ жыл күткен ұлы хабары еді» дейді.
📌Әнші Майра Мұхамедқызы: «Қазақстанның Тәуелсіздік алғаны – Қытайдағы қазақтар үшін үлкен мереке болды» деп еске алады.
📌Ақын Сұраған Рахметұлы: «Баян-Өлгейдегі қазақтар Тәуелсіздік күнін алаңда қарсы алып, үлкен митинг ұйымдастырды. Біз Қазақстанға тікелей хабарласып, сүйінші жаңалығымызды жеткіздік. Сол сәт – өмірімдегі ең әсерлі күндердің бірі» деп еске алады.

@otandastar
👍1
⚜️Қазақстан шетелде тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Енді "Ата жолы" картасының иелеріне тарихи отанында жер алып, бизнес жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, осы мақсатта еліміздің Жер кодексіне және бірқатар заңдарына өзгерістер енгізу көзделген. Бұл түзетулер шетелдегі этникалық қазақтарға Қазақстанда кәсіп ашуға, жұмысқа орналасуға және жер телімдерін алуға мүмкіндік береді.
Заң жобасында мынадай маңызды өзгерістер қарастырылған:  
– “Ата жолы” картасы иелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау (“Халықтың көші-қоны туралы” Заңға);
– бизнесті бастауға қолдау көрсету (“Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы” Заңға);
– біліктілігі тең адамдарға жұмыспен қамту жеңілдіктері (Еңбек кодексіне);
– жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығы (Кәсіпкерлік кодексінде);
– жер учаскелерін алу құқығы (Жер кодексінде).

Бектеновтың айтуынша, бұл заң жобасы мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен әзірленіп жатыр. Қабылданған жағдайда, “Ата жолы” картасының иелеріне берілетін мүмкіндіктер айтарлықтай артады.
“Бұл карта этникалық қазақтардың тарихи отанымен байланысын күшейтіп, білікті мамандарды Қазақстанға тартуға арналған”, – деді премьер-министр.
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Ресейден, Қытайдан, Германиядан, Ұлыбританиядан, Израильден, АҚШ-тан және басқа елдерден келген бизнес-иммигранттарды қоса алғанда, 153 адамға 71 "Ата жолы" картасы берілді. Олардың қатарында физика, медицина, ауыл шаруашылығы және IT салаларының мамандары бар.

Дегенмен, сенатор Бекбол Орынбасаровтың сөзінше, бюрократиялық кедергілерге байланысты көптеген этникалық қазақтар бұл мүмкіндікті пайдалана алмай отыр. Ол осы мәселені шешу үшін ведомствоаралық комиссия құруды ұсынды.

“Ата жолы” картасы этникалық қазақтарға қазіргі азаматтығын сақтап, Қазақстанда 10 жылға дейін уақытша тұру құқығын, жұмысқа, бизнеске, тегін білім алуға және жеңілдетілген азаматтық алу процесіне қол жеткізу құқығын береді.

@otandastar
❤4