«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🇰🇿⚜️Отандас ғалымдар форумының соңғы спикерлерімен таныс болыңыздар:

🎓 Нұрбек Бабан – медицина және биология саласының маманы. Ол нейрохирургия, омыртқа және тамырлық хирургия саласындағы ғылыми зерттеулермен айналысады және қазіргі уақытта ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істейді.

🎓 Арманжан Кикенов – математик және инженер, СПбГУ-де дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физика саласы бойынша аспирант. «Математикалық робототехника және жасанды интеллект» ғылыми орталығында аналитик болып қызмет етеді.

🎓 Шалқар Оразұлы – техника ғылымдарының кандидаты, авиация және ғарыш саласының маманы. Ол ұшу аппараттарының жылулық процестерін модельдеумен айналысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тәжірибелік инженерлік жобалармен үйлестіріп жүргізуде.

Форум барысында спикерлер өз тәжірибесімен, ғылыми зерттеулерімен және кәсіби жетістіктерімен бөліседі. Қатысушылар үшін бұл білім алудың, байланыс орнатудың және жаңа жобаларға шабыт алудың тамаша мүмкіндігі. Барлық спикерлерге форумда сәттілік!

@otandastar
❤3
ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасы А.Смадияровтың «Отандас ғалымдар форумында» сөйлеген сөзі

Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar
👍3🥰1
«Отандастар Қоры» КЕАҚ президенті Д.Қадыровтың «Отандас ғалымдар форумында» сөйлеген сөзі

Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar
👍4🔥1💯1
Назарбаев университеті президенті Ахмет Вакардың «Отандас ғалымдар форумында» сөйлеген сөзі

Толығырақ: oq.gov.kz

Speech by the President of Nazarbayev University at the Opening of the Forum of Otandas Scholars

For more: oq.gov.kz

@otandastar
👍2💘1
Форумның ресми ашылу салтанаты

Форумның ресми ашылу салтанатында ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров, Назарбаев Университетінің президенті Ахмад Вакар және академик Асқар Жұмаділдаев сөз сөйледі.

Айбек Смадияров:
«Ғылым – елдің экономикалық өсімінің және инновациялық дамуының басты тірегі. Мемлекет шетелдегі отандас ғалымдардың тәжірибесін елге тартудың маңызын атап өткен болатын. Министрлік бұл бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді», – деп атап өтті.


Данияр Қадыров:
«Қазақстан білім экономикасына қадам басқан қазіргі кезеңде шетелдегі жаратылыстану және инженерия салаларында жетістікке жеткен қазақ ғалымдарының әлеуеті – елдің стратегиялық капиталы. Форум – осы әлеуетті ел игілігіне бағыттаудың нақты қадамы», – деді Қоғам президенті.


Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar
🔥4👍1🤩1