«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Белгілі ғалым Тұрсанжан Тоқай шетелдегі қазақ ғалымдарын Қазақстанда еңбек етуге шақырды

Астанада өткен «Отандас ғалымдар форумында» Назарбаев Университетінің профессоры, белгілі ғалым Тұрсанжан Тоқай шетелде жұмыс істеп жүрген қазақ ғалымдарына арнап үндеу жасады. Ол еліміздегі ғылымын дамыту үшін білікті мамандардың қажеттігін атап өтті.

Өз сөзінде ғалым Қазақстанда ғылыми инфрақұрылымның нығайып келе жатқанын, Назарбаев Университеті мен елдегі басқа зерттеу орталықтарының халықаралық деңгейдегі зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін үш басты шартты қамтамасыз етіп отырғанын айтты: заманауи инфрақұрылым, бәсекелі қаржыландыру және дамыған академиялық орта.

«Қазақстанға сіздер ауадай қажетсіздер! Біздің студенттерге жол көрсететін ұстаздар керек. Біздің зертханаларға тәжірибелі қолдар мен жасампаз ойлар қажет. Қазақ болашағы елімізде әлемдік деңгейдегі ғылым жасай алатын ғалымдарға байланысты» деп үндеу жасады.


@otandastar
🔥2
Казахстанская правда: Сотрудничеству быть!

Научный форум, организованный НАО "Фонд Отандастар" и собравший ученых – наших соотечественников, которые трудятся за рубежом, прошел в Назарбаев Университете, передает Kazpravda.kz

Как сообщил президент фонда Данияр Кадиров, в нем приняли участие более 40 ученых из 12 стран и сто казахстанских исследователей.

– В нынешнем году форум собрал на одной площадке ученых-соотечественников, которые добились успехов в сфере науки и инноваций за рубежом. Главная цель встречи – привлечь их опыт к научно-инновационному развитию страны, укрепить отношения с коллегами и представить интеллектуальный потенциал Казахстана на международном уровне, – отметил Данияр Кадиров.

Подробнее: Казахстанская правда

@otandastar
🔥3
Egemen Qazaqstan: Шетелдегі қазақ ғалымдары - интеллектуалдық өрістің жаңа көзі

Төрткүл дүниенің әр шетіне тарыдай шашылған қазақтардың біразы еліміз тәуелсіздік алған соң тарихи отанға ат басын бұрды. Алайда дамыған мемлекеттерде білім алып, сонда қызмет істейтін қандастардың көбі шетелде еңбек етеді.

Өзі алыста жүрсе де, жүрегі қазақ деп соққан сол қандастардың тарихи отанына деген сезімі ерекше. Кеше Назарбаев университетінде «Отандас ғалымдар форумы» өтті. Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен, «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткен іс-шараға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Қатар, Франция, Өзбекстан, Моңғолия сияқты елдерден келген 40-тан астам ғалым қатысып, баяндама жасады. Жаңа идеялар мен көзқарастарды талқылау мақсатында ұйымдастырылған жиынға елімізден 100-ден астам ғалым-зерттеуші қатысты.

Толығырақ: Egemen Qazaqstan

@otandastar
🔥4
Aıqyn: Отандас ғалымдардың озық бастамалары

Назарбаев уни­верситетінде «Отан­дастар қоры» КЕАҚ ұйым­дастырған «Отан­дас ғалымдар форумы» өтті.

Форумға Сыртқы істер минис­тр­лігі Халықаралық ақпарат ком­и­тетінің Төрағасы Айбек Смадия­ров, Парламент Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Отан­дастар қоры» КеАҚ прези­денті Данияр Қадыров, Назарбаев Университетінің президенті Ах­мад Вакар және бір топ ғалымдар қатысты. Жиын басында Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы Айбек Смадияров форумның маңызына тоқталып, оның түрлі елде еңбек етіп жүрген қазақстан­дық ғалымдарды және еліміздегі ғылыми қауымдастықты тоғысты­ратын алаң екенін атап өтті.

Толығырақ: aikyn.kz

@otandastar
❤2
Kazinform: Тарихи отанымызға көмектесуге дайынбыз. Шетелдегі қазақ ғалымдары Астанада бас қосты

Форум аясында 40-қа жуық ғылыми баяндама жасалды. Медицина, аэроғарыш, жасанды интеллект және тағы бірнеше бағыттың мамандары өз жобаларын таныстырып, ұсыныстарын білдірді.

Бұдан бөлек, форумға Германиядан нейробиология және неврология саласының білікті ғалымы Тұрсынжан Тоқайұлы, Индонезиядан - Халықаралық мектептер кеңесші Құрмет Кәукен, Финляндиядан - Ювяскюля университетінің физика және химия профессоры Қызырбек Сәуленұр, Оңтүстік Кореядан - медицина және биокосметика саласының маманы Еркеш Хамит, Моңғолиядан - Мал шаруашылығы және биотехнология мектебінің кеңесші профессоры Тоқтарбай Сайполда келді.

Толығырақ: kazinform.kz

@otandastar
❤3
Будапештте отандастар бас қосты

Мажарстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жүрген 30-дан астам қазақстандық студент Лакителек Халық университетінде ұйымдастырылған арнайы кездесуге қатысты. Шараға «ELTE», «Corvinus», «Debrecen», «BUEB» және «Pecs» университеттерінің студенттері келді. Іс-шара Мажарстан Парламентінің вице-спикері Шандор Лежактың патронаждығымен өтіп, Қазақстанға арналды.

Кездесуге Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Данияр Қадыров, сондай-ақ Лакителек Халық университетінің профессоры әрі Мажарстан Парламентінің вице-спикері Шандор Лежак қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан мәдениеті мен ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытатын мажарлық азаматтар да шақырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шетелде білім алып жүрген қазақстандық жастармен байланысты нығайту, олардың отансүйгіштік рухын көтеру, мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar
🔥4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇭🇺Будапешттегі отандастармен бас қосу сәтінен

@otandastar
🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мажарстанда білім алып жатқан отандасымыздың пікірі

@otandastar
🔥4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мажарстанда білім алып жатқан отандасымыз Тәуекел Шадиярдың пікірі

@otandastar
🔥2
«Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Диаспора істеріне жауапты министрлері мен мекеме басшыларының 7-ші отырысына қатысты.

Отырыс 2025 жылғы 2 желтоқсанда Будапештте өтті. Бұл жоғары деңгейдегі диаспоралық кездесу Венгрияда алғаш рет ұйымдастырылды. Қазақстан атынан іс-шараға «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Данияр Қадыров және Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы қатысып, мемлекетіміздің өкілдігін қамтамасыз етті. ТМҰ мүшелі елдер тарапынан Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркиядан өкілдер қатысты.

Отырысқа ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев пен Мажарстанның шетелдегі Мажар қауымдастықтарына жауапты мемлекеттік хатшысы Лоринц Нача төрағалық етті.

Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar
👍2