«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Астанадан Гуанчжоуға әуе бағыты ашылады
Толығырақ: http://www.kaz.people.cn/n3/2026/0211/c416683-20425060.html

«Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады
Толығырақ: http://www.kaz.people.cn/n3/2026/0130/c416683-20421115.html

Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығы 65000-нан астам науқасты қабылдады
Толығырақ: http://www.kaz.people.cn/n3/2026/0212/c416683-20425517.html

Ташкентте Орталық Азия елдерінің энергетика және су салалары бойынша жұмыс кездесуі өтті
Толығырақ: https://uza.uz/kz/posts/tashkentte-ortalyq-aziya-eldern-energetika-zhne-su-salalary-boyynsha-zhmys-kezdesu-tt_819984

Ортақ түркі әліпбиі Анкарада талқыланды
Толығырақ: https://www.trtkazakh.com/article/685cfbf35fbb

@otandastar
"Отандастар қоры" КеАҚ жүргізген талдамалық зерттеулерге сәйкес, шетелдегі отандастармен жұмыс істеудің халықаралық тәжірибесінде үш негізгі модель қалыптасқан.

Аталған тәсілдер тарихи отанмен байланысты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға және диаспора әлеуетін ел дамуына тиімді пайдалануға бағытталған.

Қазақстан да халықаралық тәжірибені ескере отырып, бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

@otandastar
❤1
«Отандастар қоры» және «Медиа дамыту қоры» бірлескен жобаларды талқылады

«Отандастар қоры» КеАҚ-да «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының жобалар координаторы, «Kazakh Speaking Club» жобасының авторы Эльмира Сүлейманқызымен кездесу өтті.

Кездесу барысында меморандум аясындағы бірлескен жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Атап айтқанда, «Үркер» және «Тұмар» ұлттық медиа байқауларында шетелдегі қазақтілді БАҚ үшін арнайы номинацияны қайта енгізу, шетелдегі қазақтілді журналистер туралы бірлескен контент дайындау және Euronews Academy бағдарламасына қандас студенттерге квота бөлу мүмкіндігі талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстанда журналистика және PR мамандығында білім алып жатқан қандас студенттердің отандық БАҚ-та тағылымдамадан өтуіне қолдау көрсету, университет базасында офлайн және онлайн форматта біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Толығырақ: Otandastar Qory

@otandastar
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Қандастан алғыс ⚜️

2025 жылы Қытай Халық Республикасынан Алматы облысына отбасымен бірге қоныс аударған қандасымыз Қабдімәлік Айгүлсін Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үдерісінде қиындықтарға тап болып, "Отандастар қорына" хабарласқан болатын.

Аталған мәселе Алматы облысы бойынша фронт-кеңсе сарапшысы Ахметов Серікханның қоғамдық қабылдауы барысында жан-жақты қаралып, мән-жайы анықталды. Құзырлы мемлекеттік органдардың қолдауымен Айгүлсін Қабдімәлік Қазақстан Республикасының азаматы атанып, тиісті құжатын алды.

Бүгінде қандасымыз әлеуметтік желі арқылы алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізуде.

Елге оралған әрбір қандастың мәселесі – біздің ортақ міндетіміз. 🤝
Бірге болайық, қолдау көрсетейік!

@otandastar
📣Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 15-25 ақпан аралығында өтеді.
📲Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 2026 жылғы 1 наурыз - 6 сәуір аралығында өтеді.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсетін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады. Бұл ретте 2 шығармашылық емтихан таңдалған жоғары оқу орнында өткізіледі.

Толық ақпаратты Ұлттық Тестілеу Орталығының ресми сайтынан қарай аласыз:
https://testcenter.kz/?page_id=14510&lang=ru

@otandastar
«Марко Полоның саяхаттары» қазақ тілінде жарық көрді

2026 жылдың 24 ақпан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Марко Полоның саяхаттары» (1559) кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітаптың қазақ тіліне жасалған алғашқы аудармасын Баян-Өлгиийдің тумасы, қазіргі таңда Венецияның Ка’ Фоскари университетінің зерттеушісі және аудармашы Райма Ауесхан орындады. Ғасырлар бойы әлем оқырманына жол тартқан тарихи еңбек енді қазақ тілінде жарық көрді.

Іс-шараға Ка-Фоскари университеті (Венеция) өкілдері, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам, Назарбаев Университеті өкілдері және ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілер қатысты.

Аталған жоба Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуына серпін береді.

Тарих пен өркениеттерді тоғыстырған бұл еңбек қазақ оқырманы үшін тың таным мен жаңа көзқарасқа жол ашады.

@otandastar
❤3