«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
📣Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 15-25 ақпан аралығында өтеді.
📲Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 2026 жылғы 1 наурыз - 6 сәуір аралығында өтеді.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсетін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады. Бұл ретте 2 шығармашылық емтихан таңдалған жоғары оқу орнында өткізіледі.

Толық ақпаратты Ұлттық Тестілеу Орталығының ресми сайтынан қарай аласыз:
https://testcenter.kz/?page_id=14510&lang=ru

@otandastar
«Марко Полоның саяхаттары» қазақ тілінде жарық көрді

2026 жылдың 24 ақпан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Марко Полоның саяхаттары» (1559) кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітаптың қазақ тіліне жасалған алғашқы аудармасын Баян-Өлгиийдің тумасы, қазіргі таңда Венецияның Ка’ Фоскари университетінің зерттеушісі және аудармашы Райма Ауесхан орындады. Ғасырлар бойы әлем оқырманына жол тартқан тарихи еңбек енді қазақ тілінде жарық көрді.

Іс-шараға Ка-Фоскари университеті (Венеция) өкілдері, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам, Назарбаев Университеті өкілдері және ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілер қатысты.

Аталған жоба Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуына серпін береді.

Тарих пен өркениеттерді тоғыстырған бұл еңбек қазақ оқырманы үшін тың таным мен жаңа көзқарасқа жол ашады.

@otandastar
❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
25 ақпан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған «Оқу сауаттылығы» атты оқу-әдістемелік құралдың таныстырылымы өтті.

Іс-шара барысында авторлар кітаптың мазмұнымен қысқаша таныстырып, басылымның құрылымы мен оқу үдерісіндегі маңыздылығына тоқталды.

Таныстырылымға “Отандастар қоры” КеАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам қатысты. Өз сөзінде Алибек мырза оқытушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта да көптеген қандастарымыздың елімізде білім алуына қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Аталған оқу құралы білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды еңбек ретінде бағаланатынына сеніміміз мол.

@otandastar
❤4
Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Алғыс айту күні – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің, өзара құрмет пен шынайы сыйластықтың терең мәнін айқындайтын тағылымды мереке. Бұл күн тағдыр талайымен қазақ жеріне қоныс аударып, кең пейілді қазақ халқынан пана тапқан түрлі этнос өкілдерінің ризашылық сезімін білдіретін, достық пен татулықты дәріптейтін айрықша күн. 🤍

Осы мерейлі күні жүрегіміздегі алғыс сезімін ата анамызға, ардақты ұстаздарымызға, әріптестеріміз бен достарымызға, сондай ақ туған жерімізге арнайық.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бірлігіміз бекем, берекеміз арта берсін!

@otandastar
❤9👍1
«Отандастар қоры» мен Өзбекстанда қазақ тілінде шығатын «Нұрлы жол» газеті арасында онлайн форматта кездесу өтті

Кездесудің негізгі мақсаты – шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты нығайту, ақпараттық серіктестікті кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін айқындау.

«Нұрлы жол» газеті 1991 жылдан бері Өзбекстан көлемінде қазақ тілінде тұрақты түрде жарық көріп келеді. Биыл басылымның 35 жылдық мерейтойы атап өтіледі.

Толығырақ: Otandastar Qory

@otandastar
👍2❤‍🔥1🔥1
Гүлдана Нарынбетованың Науаи (Өзбекстан) облысындағы 58 қазақ мектебінің бірі Қосқұдықтағы мектеп туралы материалы

Өзбекстан Республикасының Науаи облысына қарасты Нұрата ауданы – көне тарих пен бүгінгі тыныс қатар өрілген өңір. Жызақпен жалғайтын күре жолдың бойында орналасқан бұл аудан халқының саны 50 мыңға жуық. Археологтардың дерегінше, қала маңынан шамамен 40 мың жыл бұрынғы адам қонысының ізі табылған. Ал елді мекеннің іргесі б.з.д. IV ғасырда салынған Нұр бекінісімен, яғни Александр Македонскийдің жорықтарымен байланыстырылады.
Бүгінде Нұрата – ауыл шаруашылығы, мәрмәр өндірісі және туризм дамыған аймақ. Мұнда Чашма зиярат орны, «Әйтеке би – Сейітқұл әулие» кешені, Сентоб туризм қыстағы мен Айдаркөл бойындағы экотуризм орталықтары орналасқан. Әсіресе мамыр айында бұл өңірге келетін туристердің қарасы қалың.
Нұрата ауданының Қосқұдық, Қызылша, Шұқырқұдық, Қозыбайқұдық және Темірқауық ауылдарында қазақтар тығыз қоныстанған. Бұл елді мекендердегі төрт мектепте оқушылар ана тілінде білім алады. Жалпы Науаи облысында 58 қазақ мектебі жұмыс істейді.
Солардың бірі – ауданның шалғай ауылындағы Қосқұдықтағы №23 жалпы білім беретін мектеп. Жуырда Нұрата аудандық мектепке дейінгі және мектептегі білім беру бөлімінің басшысы К. Шамиева аталған білім ордасына арнайы барып, мектеп кітапханасында оқушылармен еркін форматта жүздесті. Кездесу барысында жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиеттің тұлғалық дамуға әсері, дүниетанымды кеңейтудегі рөлі кеңінен сөз болды.
Расымен, кітап – адамның сенімді серігі. Ол білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, тіл байлығын арттырады, ойды жүйелеуге, өмірлік ұстанымды айқындауға ықпал етеді. Әсіресе оқушы жастар үшін кітап оқу – тек оқу бағдарламасымен шектелмей, бос уақытты мазмұнды өткізудің тиімді жолы.
Қосқұдықтағы №23 мектептің кітапханасы қазақ әдебиетінің көркем туындыларымен толықтырылған. Жыл сайын сәуір-мамыр айларында өтетін «Мектеп кітапханасына кітап сыйла» акциясы аясында мектептің 10, 20, 30, 40, 50 жылдық түлектері туған мектебіне кітап тарту етіп, рухани қазынаны байытып келеді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.
Қосқұдықтан түлеп ұшқан дарындар да аз емес. Солардың бірі – Қызылқұм өңіріне танымал ақын, биолог-ұстаз Полат Қазыбеков. Мұндай тұлғалардың шығуы ауыл мектебіндегі білім мен тәрбиенің сапасын айғақтай түседі.
Шалғайда орналасса да, Қосқұдықтағы қазақ мектебі ұлттық рух пен ана тілді білімнің тірегіне айналып отыр. Бұл – тек бір ауылдың емес, шетелдегі қазақ қауымының рухани өміріндегі маңызды белес.

@otandastar
❤6👍3
📚✍️3 наурыз – Дүниежүзілік жазушылар күні

Құрметті қаламгерлер!

Сіздерді Дүниежүзілік жазушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жазушы – ұлт руханиятының тірегі, сөз өнері арқылы тарих пен тағдырды сөйлететін тұлға.

Осы бағытта "Отандастар қоры" КеАҚ мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан "Ұлы дала" жобасының орны бөлек. Жоба шетелдегі қазақ қаламгерлерінің шығармаларын елге таныстырып, әдеби сабақтастықты нығайтуға үлес қосып келеді.

Жоба аясында 2023 жылы – 10, 2024 жылы – 9, 2025 жылы – 9 кітап жарық көрді.

Баршаңызға шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тілейміз! 👏🏻

@otandastar
🥰4👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
3 наурыз күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ғимаратында «Шахматшы қонжық» атты балалар кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталған іс-шараға «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам да қатысып қайтты.

«Тәтті ертегі» жобасы аясында жарық көрген жаңа туынды – заманауи форматтағы балалар әдебиетін дамытуға бағытталған маңызды бастама. Іс-шара барысында балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан жеңімпаздарға кітаптар сыйға тартылды.

Шетелдегі және ел ішіндегі қазақ балаларына сапалы, мазмұнды әдебиеттің қолжетімді болуы – рухани сабақтастықтың маңызды кепілі.

@otandastar
🔥4
🔸Қазанда Жамбыл Жабаев мұрасы бойынша шығармашылық кеш өтті
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1173156?lang=kk


🔹В Казани прошел творческий вечер по наследию Жамбыла Жабаева
Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1173156?lang=ru
🔥3