«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері Ресей Федерациясының Алтай Республикасы Қосағаш ауданында шығатын «Шүйдің нұры» газеті ұжымымен онлайн кездесу өткізді

Кездесуге Қордың Вице-президенті Алибек Жұрқадам және газет редакторы, Қосағаш қазақтарының жергілікті ұйымының басшысы Арқалық Солтанов қатысты.

«Шүйдің нұры» – Қосағаш ауданында орыс, алтай және қазақ тілдерінде жарық көретін бірегей басылым. 1979 жылдан бері үздіксіз шығып келеді. Қазақ тіліндегі нұсқасы 1990 жылдардан бастап жарияланып, биыл 35 жылдық белесін атап өтуде. Газет айына екі рет 1500 данамен таралады.

Тараптар шетелдегі қазақтілді БАҚ-ты қолдау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және «Қоржын» жобасы аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ газет тілшілерін республикалық байқауларға тарту және журналистердің біліктілігін арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара әріптестікті одан әрі күшейтуге уағдаластық жасалды. Сонымен қатар, газеттің электронды нұсқалары Шетелдегі қазақтардың интеллектуалды қорына енгізілді.

@otandastar
❤4
Өзбекстандағы «Нұрлы жол» республикалық газетінде «Ақпарат кеңстігіндегі медиа серіктестік» атты материал шықты.

Материалда «Отандастар қоры» мен Газет ұжымы арасында өткен онлайн кездесу туралы ақпарат жарияланған.

Толығырақ: газеттің pdf нұсқасында

@otandastar
❤‍🔥2👍1
Нұрлы_жол_газеті_онлайн_кездесу.pdf
8.1 MB
«Нұрлы жол» газетінің электронды нұсқасы
❤‍🔥2👍1
Құрметті ханымдар!🌺

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мереке – әрбір әйелдің қоғамдағы, отбасыдағы және кәсіби ортадағы рөлін айқындап, олардың еңбегі мен үлесін атап өтуге арналған ерекше мүмкіндік.

Әйелдердің мейірімі, қажыр-қайраты мен білім-білігі әр адамның өміріне жағымды әсер етіп, қоғамның дамуына үлес қосады. Мереке әрқайсыңызға шабыт, қуаныш және жаңа жетістіктерге жетелеу күші әкелсін.

Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!✨🌸

@otandastar
❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әрбір көктемгі күндей шуақты, әрбір күлкіңіздей жылы 8 наурыз мерекесіне біздің ер азаматтардан арнайы құттықтау бейнежазбасын назарларыңызға ұсынамыз!

@otandastar
❤6👍3
2026 жылғы 5 наурызда «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері Түркия Республикасында жарық көретін «Қазақ елі» журналы ұжымымен онлайн форматта кездесу өткізді

Кездесуге Қоғам тарапынан басқарушы директор Дидар Болат, жобалар координаторы Қалыбек Қобландин және баспасөз хатшысы Алжан Шарифов қатысты. Ал «Қазақ елі» журналы тарапынан журналдың құрылтайшысы Серкан Динчтурк, редакторлар Ертолқын Гайретуллах пен Нұргүл Берікболова, төралқа мүшесі Байрам Атач және журналдың Қазақстандағы өкілі Динара Қожабаева қатысты.

Кездесу барысында Түркиядағы қазақ қауымымен ақпараттық байланыс орнату және нығайту, медиа саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Ұлы дала» жобасы аясында Түркия қазақтары туралы жазылған еңбектерді басып шығару, өзге тілдерде жазылған кітаптарды қазақ тіліне аудару мүмкіндігі, сондай-ақ журналдың жаңа басылымдары мен материалдарын Қоғамның ақпараттық ресурстарында жариялау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар журналдың электронды нұсқаларын Қоғамның Шетелдегі қазақтардың интеллектуалды қорына енгізу, KATEAD ұйымының қызметі мен жобалары туралы ақпарат алмасу ұсыныстары айтылды.

Кездесу барысында Түркиядағы қазақ қауымына арналған онлайн қазақ тілі курстарын кеңінен насихаттау, қазақ-түрік тіліндегі оқу құралдарын жеткізу, Түркиядағы қазақ балаларының «Jas Qazaq» жазғы лагеріне қатысуына қолдау көрсету мәселелері де талқыланды.

Бұдан бөлек, Қазақстанда шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарына арналған «Журналистер форумын» өткізу, журнал тілшілерінің халықаралық және қазақстандық медиа байқауларға қатысуына қолдау көрсету, сондай-ақ журнал ұжымына арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ақпараттық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шетелдегі қазақ аудиториясына бағытталған бастамаларды бірлесе қолдауға уағдаласты.

@otandastar
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
15 наурызда өтетін референдумға шетелде жүрген отандастар да белсенді қатысады.

Чехияның Прага қаласында білім алып жүрген Аңсар Тәңірбайдың пікірін назарларыңызға ұсынамыз.

Әрқайсымыздың даусымыз маңызды!

@otandastar
❤2
Баян-Өлгий мен Қобдадан келген қандас бишілер Астананы таңғалдырды

8 наурыз күні Астана қаласында өткен «Ғажайып жұлдыздар» халықаралық би байқауында Моңғолияның Баян-Өлгий және Қобда аймақтарынан келген жас бишілер үлкен табысқа қол жеткізді.

Байқауға 3 топтан құралған 40 өнерпаз қатысып, 36 команда арасынан дараланып шықты. Нәтижесінде байқауда берілген 5 Гран-придің 3-еуін жеңіп алып, тағы екі би қойылымы І орынға лайық деп танылды.

Жас өнерпаздардың ұлттық нақыштағы әсем костюмдері, ерекше би мәнері мен үйлесімді қимылдары қазақстандық көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Олардың сахнадағы шынайы шеберлігі мен өнерге деген ықыласы көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

@otandastar
❤3
Астанада «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері мен Корея Республикасы Елшілігінің дипломаттары кездесті

2026 жылғы 11 наурызда Астана қаласындағы Корея Республикасының Елшілігінде диаспоралық саясат мәселелері мен екіжақты ынтымақтастықтың келешегіне арналған жұмыс кездесуі өтті.

Талқылауға «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам, президент кеңесшісі Қалыбек Қобландин және жобалық консультант Жанель Қаржаубай қатысты.

Оңтүстік Кореяның дипломатиялық өкілдігі тарапынан кездесуге Елшілік кеңесшісі Син Кюхо, саяси бөлім басшысы Ким Иль-Джунг және саяси бөлімнің бас сарапшысы Шин Мин-гёнг қатысты. Тараптар шетелдегі отандастарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру тәжірибесімен алмасып, мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен жобалардың басымдықтарын айқындады.

Қатысушылар екі ел диаспоралары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, отандастарды қолдаудың тиімді жолдарын бірлесіп әзірлеу үшін сарапшылар деңгейіндегі диалогты жалғастыруға келісті.

@otandastar
❤1
Euronews академиясына қандас студенттер де қатыса алады

«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры мен Euronews Academy «Салалық журналистика» курсына өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Бағдарлама жас журналистер мен медиа мамандардың кәсіби дағдыларын шыңдауға және арнайы тақырыптарды жазуда халықаралық стандарттарды меңгеруге арналған.

Екі күндік оқу модулі 2026 жылғы 23-24 сәуір аралығында Астана қаласында өтеді. Дәрістер мен практикалық сабақтарды Euronews-тің Бакудегі бюро жетекшісі, BBC, News UK және Reuters агенттіктерінде тәжірибесі бар халықаралық журналист, мәдениетаралық коммуникациялар саласының магистрі Надира Тудор жүргізеді.

Бағдарламаға келесі үміткерлер қатыса алады:
— медиа саласында кемінде 1-3 жыл тәжірибесі бар;
— журналистика факультеттерінің 3–4 курс студенттері (GPA көрсеткіші 3.0-ден төмен болмау);
— Қазақстандағы жоғары оқу орындарында "Журналистика" факультетінде білім алып жатқан қандас студенттер де қатыса алады.

Қатысушылар толық ережелермен танысып, 31 наурызға дейін өтінім формасын толтырып жіберу керек. Іріктеуден өткен үміткерлер курсты тегін оқиды, бірақ басқа қаладан келетін қатысушылар қосымша шығындарды өздері өтейді.

Қосымша ақпарат алу үшін: academy.kaz@euronews.com, +7 777 001 21 07

Ереже
Өтінім формасы

@otandastar
❤1
14 наурыз – Көрісу күні. Амал мерекесі – қазақ халқының сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Көктемнің келуімен бірге адамдар бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, ақжарма тілектерін арнайды.

Осы күннен бастап халқымыздың көктемгі жаңару мен жақсылыққа бастайтын ерекше кезеңі – Наурызнама онкүндігі бастау алады. Бұл күндер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға арналған.

Көрісу күні – реніш ұмытылып, көңілдер табысатын, адамдар бір-біріне ақ тілек айтып, жылы ықыласын білдіретін ерекше сәт. Бұл дәстүр халқымыздың кең пейілі мен берекелі бірлігін айқындай түседі.

Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз. Әр шаңыраққа амандық, құт-береке, молшылық пен қуаныш тілейміз. Көктеммен бірге келген бұл мереке жүректерге жылу сыйлап, ел ішіне татулық пен игілік әкелсін.

@otandastar
❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Амал мерекесі құтты болсын! Бір жасыңызбен 🙌🏻
❤4🔥1