«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
18 наурыз – Ұлттық киім күні.
Атаулы күн ұлттық мәдениетті дәріптеуге, тарихи мұраны жаңғыртуға және дәстүр сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды бастама ретінде ерекшеленеді.

Ұлттық киім халықтың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын және эстетикалық құндылықтарын бейнелейтін рухани мұра саналады. Киім үлгілерінде көрініс тапқан ою-өрнектер мен нақыштар ұлттық болмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.

Ұлттық киім күні аясында мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру және жас ұрпаққа тағылым беру ісі өзекті бағыттардың бірі болып қала береді.

Ұлттық киім күні құтты болсын.
Ұлттық мұраны сақтау ісі табысты жалғасын тапсын.

@otandastar
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық киімдегі оюлар – өткен мен бүгінді жалғайтын рухани көпір. Әр өрнек өзіндік тарих пен мағынаға ие. Кейбірі кеңінен танымал болса, енді бірі уақыт өте ұмыт қалған. Оларды жаңғырту – ұлттық құндылықты сақтау жолы.

Ұлттық киім күні құтты болсын!

@otandastar
❤2
Шетелдегі қазақтар да қатыса алатын Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурс өтеді

Астана қаласында қазақтың бұлбұл үні, Халық Қаһарманы, аңызға айналған әнші Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурс өтеді.

Ауқымды мәдени жоба ұлттық өнерді ұлықтауға, әлемдік музыкалық дәстүрлерді насихаттауға және жас вокалистерге үлкен сахнаға жол ашуға бағытталған.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен Қазақконцерт ұйымдастыруымен өтеді.

Конкурс кезеңдері:
• Іріктеу кезеңі: 8–17 сәуір аралығы, онлайн форматта
• ІІ кезең: 13 мамыр
• Гала концерт және марапаттау: 14 мамыр

Қатысушылар:
18–35 жас аралығындағы эстрада жанрының вокалистері, байқаулардың қатысушылары мен өнер оқу орындарының студенттері қатыса алады.
Қазақстан азаматтарымен қатар алыс және жақын шетелдердегі қазақтар да қатысу мүмкіндігіне ие.

Өтінім қабылдау мерзімі:
23 ақпан мен 8 сәуір аралығы

Жүлде қоры:
• Гран при — 2 000 000 теңге
• І орын — 1 500 000 теңге
• ІІ орын — 1 000 000 теңге
• ІІІ орын — 500 000 теңге

Өтінімдер:
a.issin@qazaqconcert.kz

Байланыс нөмірлері:
+7 (7172) 705-291
+7 (707) 522 0464
+7 (702) 336 8796
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
18 наурыз күні ЕҰУ жанындағы Foundation бөлімі Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт ұйымдастырды.

Биыл елордамыздағы университет қабырғасында Foundation бөлімінде 400-ге жуық қандас жастар білім алуда. Олар біліммен қатар ұлттық мәдениетті терең меңгеріп, өзара рухани байланысын нығайтып келеді.

Мерекелік концерт барысында студенттер домбыра мен қобыздың қоңыр үнін әуелетіп, әсем әндер орындады.

@otandastar
🔥1
19 наурыз – Жаңару күні құтты болсын!

Көктеммен бірге келетін жаңару кезеңі адам өміріне серпін, санаға сергектік әкеледі. Табиғаттың түрленуімен астасқан осы мезет жаңа мақсаттар мен игі бастамаларға жол ашады.

Жаңару күні әр шаңыраққа шаттық пен береке дарытып, ел ішінде ынтымақ пен келісімді арттыра берсін. Атқарылған әрбір іс нәтижелі, алға қойған мақсаттар баянды болсын.

@otandastar
❤1
Ұлттық рух пен асқақ жігерді ұлықтайтын 20 наурыз – Ұлттық спорт күні құтты болсын!

Сан ғасырлық тарихтан тамыр тартқан қазақтың төл ойындары мен спорт түрлері – елдің болмысын, батырлық рухын, ептілік пен төзімділікті айшықтайтын асыл мұра. Көкпар мен бәйге, қазақ күресі мен асық ату секілді ұлттық спорт түрлері ұрпақ санасына қайсарлық пен намыс, бірлік пен табандылық қасиеттерін дарытады.

Ұлттық спорт күні баршаңызға мықты денсаулық, жігерлі рух, толайым табыс пен жеңісті сәттер сыйласын! Ұлттық мұрамыз ұлықталып, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! 🇰🇿

@otandastar
⚜️Жастар Наурызы – 2026⚜️

@otandastar
👍1
21 Наурыз – Ынтымақ күні

Береке мен бірлікті ту еткен халқымыз үшін Ынтымақ күні – өзара құрмет пен татулықтың, келісім мен түсіністіктің айқын көрінісі. Ұлт пен ұлысты ұйыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдыратын ынтымақ – ел дамуының берік негізі.

Қоғамдағы жарасым мен сыйластық әр шаңырақтан бастау алады. Адамдар арасындағы сенім мен ізгілік орныққан жерде тұрақтылық пен өрлеу қатар жүреді. Осындай құндылықтар елдің еңсесін тіктеп, болашаққа деген сенімді арттырады.

Ынтымақ күні – жүректерді жақындастырып, бауырмалдықты бекемдейтін маңызды мереке. Әрбір жанға татулық пен тыныштық, бірлік пен береке тілейміз. Ел іргесі аман, жұрт тыныштығы мәңгі болсын!

@otandastar
❤1
🔸Наурыз мерекесі Қазанда аталып өтті
Толығырақ:  https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1183589?lang=kk       

🔹В Казани отметили праздник Наурыз
Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1183589?lang=ru             
❤4