«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳Қазақстандық университеттердің білім көрмесі БАЯН-ӨЛГИЙ қаласында

⏰25-26 наурыз / 10:00
📍Құрманхан атындағы Музыкалық драма театры

Баршаңызды күтеміз!

@otandastar
❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳 Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары қатысқан ауқымды білім көрмесі өз жұмысын бастады

Шараның салтанатты ашылуына аймақ әкімі Заңғар Есентайұлы қатысып, жастарға сәттілік тілеп, бұл бастаманың болашақ үшін маңызын атап өтті.

📅 Көрме 25–26 наурыз күндері өтеді
📍 Өтетін орны: Баян-Өлгий қаласы, Музыкалық драма театры

Бұл – тек көрме емес, бұл:
🔹 Қазақстанда тегін білім алу мүмкіндігі;
🔹 Гранттар мен оқу бағдарламалары туралы нақты ақпарат;
🔹 Университет өкілдерімен тікелей байланыс;
🔹 Болашағыңа бағыт беретін шешім.

🚀 Егер сен де шетелде сапалы білім алуды армандасаң – бұл мүмкіндікті жіберіп алма!

👉 Кел, көр, сұра, таңда!
Сенің болашағың – бүгінгі шешіміңде !

@otandastar
❤2
2025 жылы «Отандастар қоры» КеАҚ мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы дала» халықаралық жобасы аясында шетелде тұратын қазақ қаламгерлерінің 9 еңбегі баспадан шығарылады.

2025 жылы жобаға барлығы 25 шығарма ұсынылып, комиссия шешімімен әдеби және ғылыми тұрғыда маңызы жоғары 9 еңбек таңдалды. Бұл еңбектер шетелдегі қазақтардың әдебиеті мен мәдениетін кеңінен танытып, ұлттық рухани бірлікті нығайтуға жол ашады.

«Ұлы дала» жобасы – шетелдегі қандас қаламгерлердің шығармашылығын ел ішінде насихаттап, тарихи-мәдени сабақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды бастама.

@otandastar
👍3❤1
Баян-Өлгий аймағында қазақстандық университеттердің қатысуымен өткен білім көрмесі туралы кең көлемді сюжет жергілікті “Дербес ТВ” телеарнасында жарияланды.

Толығырақ: https://youtu.be/8C45jiJe5to

@otandastar
❤1
Баян-Өлгийдегі Қазақ радиосында Отандастар қоры өкілі Талғат Кенжебекұлының білім көрмесі туралы сұхбаты шықты

Толығырақ: https://youtu.be/wK0qZLFaovo

Дереккөз: https://www.facebook.com/share/v/1Aypt9BvLn/?mibextid=wwXIfr

@otandastar
❤1
Баян-Өлгейде «Қазақстандық білім күндері» өтті: 10-нан астам университет өз бағдарламаларын ұсынды
Толығырақ сайттан оқыңыз: oq.gov.kz

"Kazakhstani Education Days" Held in Bayan-Ulgii: Over 10 Universities Showcase Academic Programs
Read More: oq.gov.kz

В Баян-Улгии прошли «Дни казахстанского образования»: свои программы представили более 10 вузов
Подробнее читайте на сайте: oq.gov.kz

@otandastar
🔥3
Turkystan.kz: Баян-Өлгийде «Қазақстандық білім күндері» көрмесі өтті

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері жергілікті белсенді қандас жастармен және олардың ата-аналарымен арнайы кездесу өткізді. Осы кездесумен қатар, 2026 жылғы 25-26 наурыз күндері Баян-Өлгий аймақтық Музыкалық драма театрында ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ және жергілікті әкімдіктің тікелей қолдауымен «Қазақстандық білім күндері» атты ауқымды білім көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ: turkystan.kz

@otandastar
❤2
Oimaqnews.kz: Моңғолиядағы қандас жастармен кездесу: 10 қазақстандық университеттің қатысуымен білім көрмесі өтті

Биылғы көрмеге Қазақстанның 10-нан астам жетекші жоғары оқу орны, атап айтқанда: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Astana IT University, Astana International University, Esil University, М. Тынышпаев атындағы ALT University, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті және Болашақ академиясының өкілдері қатысты.

Толығырақ: oimaqnews.kz

@otandastar
❤2
«Медиа дамыту қоры» КҚ және Euronews Академиясы «Медиа технологиялар» тақырыбында тегін екі күндік курсқа қатысуға өтінім қабылдайды.

Бұл курс продюсерлерге, медиа-менеджерлерге және медиа саласының мамандарына заманауи медиа құралдар мен технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама кәсіби біліктілікті арттыруға және халықаралық тәжірибемен танысуға бағытталған.

🎓 Сонымен қатар, Қазақстанда журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан қандас студенттер де курсқа қатыса алады.

⏳ Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 19 наурыз – 6 сәуір
🌎 Өтінімді mdq.kz сайты арқылы беруге болады

📩 Қосымша ақпарат: academy.kaz@euronews.com
📞 Байланыс нөмірі: +7 777 001 21 07

Медиа саласында өз дағдыларыңызды жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз!

@otandastar