«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Дала дипломатиясы: Қазақстан - Моңғолия серіктестігі жаңа кезеңге қадам басты

20-23 сәуірде Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Соңғы екі жылда жаңа серпін алған қазақ-моңғол қатынастары бұл жолы мазмұндық тұрғыдан тереңдей түспек. Осы үрдістің логикалық жалғасын Kazinform тілшісі саралап көрді.

@otandastar
👏3
Қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдік көп – Прагада қазақша үйретіп жүрген Шынар

Жуырда әлеуметтік желіде Прагада қазақ тілі курсы ашылғаны туралы бейнеролик кеңінен таралды. Онда балалармен қатар ересектерге де қазақ тілін үйретіп жүрген Шынар Манапқызы – қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға машықтанған білікті маман. Сабақтарда тек тіл үйрену ғана емес, қазақ мәдениеті де қатар таныстырылады. Осы ретте turkystan.kz тілшісі Прагада аптасына 8 рет сабақ өткізіп жүрген Шынарға хабарласып, аз-кем сұхбаттасқан еді.

@otandastar
ЖаңаДәуір: Моңғолиялық педагог қандасымыз мемлекеттік олимпиадада төртінші рет саңлақ атанды

Өмнөговь аймағында өткен қоғамтану пәнінің 28-ші мемлекеттік олимпиадасында Шаймарданұлы Ерген ұстаз жүлделі І орынды иеленіп, аймағымыздың абыройын асқақтатты.

Шаймарданұлы Ерген 3-ші жалпы білім беретін мектептің тәжірибелі ұстазы. Ол бұған дейін де мемлекеттік олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, 2019, 2023, 2026 жылдары алтын медаль, ал 2025 жылы күміс медаль иеленген. Осы жолғы жеңісі арқылы қоғамтану пәні бойынша мемлекеттік олимпиадада алтын медаль алған беделді ұстаз екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, жалпы төрт рет жүлделі орын иеленген үздіктер қатарынан көрініп отыр.

@otandastar
❤3
Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайы: Токио – 2026

2026 жылғы 28 мамырда Жапонияның Токио қаласында Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайы өтеді.

Іс-шара Жапония қазақтары қауымдастығының бастамасымен, «Отандастар қоры» КЕАҚ және Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Кіші құрылтайдың мақсаты Азия елдеріндегі қазақ диаспорасы өкілдерінің өзара іс-қимылын жүйелеу, олардың әлеуетін біріктіру және Қазақстанмен тұрақты институционалдық байланысты қалыптастыру. Шараның басты күн тәртібінде – өңірдегі қазақ қауымдастықтарының өзара іс-қимылын жаңа сапалы деңгейге көтеретін «Азия елдеріндегі қазақтар кеңесін» құру мәселесі тұр.

Іс-шара бағдарламасы:
– Салтанатты ашылу рәсімі және Мәдени-гуманитарлық және IT саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға бағытталған пленарлық отырыс.
– Қазақ қауымдастықтары арасында «Азия елдеріндегі қазақтар кеңесін» құру туралы құжатты қабылдау.
– Ұлттық өнер көрмесі, этномәдени презентациялар және қазақстандық әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама.

Өткізілетін орны: Жапония, Токио қаласы, Minato City Center Libra.
Күні: 2026 жылғы 28 мамыр.

Іс-шараға қатысу үшін ресми тіркелу міндетті. Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8mTBPcvRFLY6gng37

Қосымша сұрақтар бойынша: +7 (700) 671 90 33, +7 (705) 664 72 11

@otandastar
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылғы қаңтар–наурыз айларында тіркелген өтініштердің талдамалық шолуы

@otandastar
👍1
23 сәуір – Ұлттық кітап күні 📚

Адамзат өркениетінің ең асыл қазынасы – кітап. Ол ұлттың жадын сақтап, рухын асқақтатып, өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғайтын алтын көпір.

Ұлттық кітап күні – кітапқа деген құрметті арттырып қана қоймай, рухани жаңғырудың мәнін терең түсінуге үндейтін ерекше күн.

Осы бағытта “Отандастар қоры” КеАҚ жүзеге асырып отырған «Ұлы дала» жобасы аясында шетелдегі қазақ қаламгерлерінің таңдаулы туындылары жарық көріп, оқырманға жол тартты. «Ұлы Дала» – әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген қазақтардың әдеби мұрасын бір арнаға тоғыстырып, ұлттық руханиятты байытуға бағытталған маңызды жоба.

Кітап – уақыттан озбайтын, ұрпақтан ұрпаққа жететін мәңгілік мұра.

@otandastar
❤2👍1
Қазақ халқының көрнекті ақыны, әрі қоғам қайраткері, еңбек ері, ұлт руханиятының жанашыры Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты Моңғолияның достары атынан қайғыра көңіл айтамыз.

Мұхтар Шахановтың әдебиет пен қоғамдық ой-санаға қосқан зор үлесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі қайраткерлік ұстанымы мен азаматтық үні, мағыналы мұрасы, елдік мүдде жолындағы табанды еңбегі және биік тұлғасы халық жадында мәңгі сақталады.

Осы ауыр қазаға байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, барша қазақ халқына шынайы жанашырлық білдіреміз.

Қайғыларыңызға ортақпыз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын.

Ізгі құрметпен,

Ж. Гүррагча,
Моңғолияның ғарышкері,
Моңғолияның халық қаһарманы

Э. Бямбажав,
Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы алғашқы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Т. Сұлтан,
Моңғолияның бұрынғы Парламент депутаты, халық жазушысы

А. Бәкей,
Моңғолияның бұрынғы Парламент депутаты, академик

Б. Эрхэмбаяр,
Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бұрынғы атташесі

22-ші Сәуір, 2026
Улаанбаатар

@otandastar
Kazinform: Атажұртқа көш бастаған жазушы Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толды

Қабдеш Жұмаділов – Қытайдан атажұртқа қарай көш бастаған, мыңдаған адамның қазақ жеріне оралуына септігін тигізген тұлға. Жазушының табандылығы, ел мен жерге деген сүйіспеншілігі бүгінде аңызға бергісіз ақиқатқа айналды. Kazinform «Соңғы көш», «Тағдыр» романдары мен «Дарабоз» роман-диологиясын мұра етіп қалдырған жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.

@otandastar
❤3
«Отандастар қоры» өкілдері RUN FOR AUTISM қайырымдылық марафонына қатысты

«Отандастар қорының» өкілдері игі іске үлес қосып, RUN FOR AUTISM қайырымдылық марафонына қатысты. Бұл - жай ғана жүгіру емес, қоғамдағы стереотиптерді бұзып, аутизм және РАС (аутистік спектрдегі бұзылулар) мәселесіне көпшіліктің назарын аудартатын маңызды алаң.

Марафонды ұйымдастырушы «Болашақ» корпоративтік қоры 2015 жылдан бері «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Халықаралық ұйымдардың дерегінше, Қазақстанда әрбір 124-ші балада аутизм кездеседі. Осындай балалардың кәдімгі мектептер мен балабақшаларда сапалы білім алуы үшін арнайы инклюзияны қолдау кабинеттері қажет. Бүгінде қордың күшімен еліміздің 26 қаласында 80 кабинет ашылып, 1000-нан астам ерекше бала мектепке бару мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, заңнамаға инклюзивті білім беру бойынша 120-дан астам түзетулер мен ұсыныстар енгізілді.

@otandastar
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Отандастар қоры» шетелдегі отандастарға арналған қазақ тілі курстарын 2026 жылы да жалғастыруда

@otandastar
❤1👍1
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл мереке еліміздегі татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен сенімнің маңызын айқындайды. 1996 жылдан бері аталып өтетін бұл күн түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін ортақ құндылықтарға ұйыстырып, қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімділікті нығайтуға қызмет етеді.

Осы күні еліміздің барлық өңірінде мәдени іс шаралар, концерттер мен көрмелер ұйымдастырылып, халықтар арасындағы достық пен ынтымақ кеңінен насихатталады.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, әр шаңыраққа береке тілейміз. Елімізде әрдайым татулық пен келісім салтанат құрсын!

@otandastar
❤3
Президент көші-қон саясатын жетілдіру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан рұқсат-квоталық модельден ынталандырушы модельге өтеді. Реформаның негізгі мақсаты – республиканы инвестициялар мен таланттарды тартатын өңірлік хабқа айналдыру.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге жоғары білікті мамандарды, инвесторларды және таланттарды тартуға бағытталған "Көші-қон саясатын жетілдіру шаралары туралы" жарлыққа қол қойды. Құжат ауқымды цифрлық реформаны көздейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, көші-қон саясатының тәсілдері жаңа редакцияда баяндалған: Қазақстан рұқсат-квоталық модельден ынталандырушы модельге өтеді. Реформаның негізгі мақсаты – республиканы инвестициялар мен таланттарды тартатын өңірлік хабқа айналдыру. Үкіметке ауқымды өзгерістерді 2026 жылдың соңына дейін толық іске асыру тапсырылды.

Толығырақ: baq.kz

@otandastar
❤1👍1
Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Үміткерлер құжаттарын онлайн режимде 2026 жылғы 30 наурыздан 31 мамырға дейін Астана уақытымен 23:59-ға дейін тапсыра алады.

Гранттар саны:
1. Бакалавриат – 490
2. Магистратура – 50
3. PhD докторантура – 10

Толығырақ: oq.gov.kz

Стипендиальная программа для обучения в вузах Казахстана. Дедлайн: 31 май 2026

Scholarship Program for Studying at Universities in Kazakhstan. Deadline: 31 May 2026

@otandastr
👍2❤1