Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Домбыра – халқымыздың рухани болмысы мен мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Ал сол қасиетті аспапты жасап, ұлттық өнерді дәріптеп жүрген шеберлердің еңбегі – ерекше құрметке лайық.
«Қандастың жолы» жобасының кезекті шығарылымында тарихи Отанына оралып, бүгінде ұлттық аспап жасауды кәсіп еткен қандасымыз, домбыра шебері Көкей Меллатұлымен сұхбаттасамыз.
Сұхбат барысында кейіпкеріміз:
🔹 Қазақстанға қоныс аудару тарихымен;
🔹 жаңа ортаға бейімделу тәжірибесімен;
🔹 домбыра жасау өнеріне келу жолымен;
🔹 ұлттық мұраны сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу жолындағы еңбегімен бөліседі.
Ұлттық өнердің өміршеңдігі – оны жүрегімен жалғап жүрген шеберлердің арқасында.
📹 Толық сұхбатты тамашалап, пікірлеріңізбен бөлісуді ұмытпаңыз!
@otandastar

❤3
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – ұлттық мәдени мұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен ұлттық геральдикалық құндылықтарды кеңінен насихаттау, шетелдегі этникалық қазақтардың ұлттық бірегейлігін сақтау және нығайту, сондай-ақ ғылыми, мәдени-ағартушылық және ақпараттық бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту.
Тараптар шетелдегі қазақ диаспорасы мен отандастар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық геральдиканы және тарихи-мәдени мұраны дәріптеу бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға күш біріктіреді.

Қызылқұм сапары: кәсіпке деген адалдық
Журналист мамандығы сырт көзге қызықты сапарлар мен кездесулерге толы болып көрінгенімен, шын мәнінде үлкен жауапкершілікті талап ететін күрделі де мәртебелі жол. Бұл кәсіп адам тағдырымен бетпе-бет келуді, әрбір сөз, әрбір кадр мен әрбір ойдың салмағын сезіне отырып, оған асқан ыждағаттылықпен қарауды қажет етеді.
Мен журналистикаға кездейсоқ келген жандардың қатарынан емеспін. Мектеп қабырғасында жүрген шағымда газет-журналдарды құмарта оқып, радио мен теледидардан берілетін хабарлар мен бағдарламаларды қызыға тыңдап, жібермей көретінмін. Бала кездегі сол арман уақыт өте келе өмірлік мұратым мен саналы таңдауыма айналды.
Нұрлан УСМАНОВ
Толығырақ: oq.gov.kz

👍3🔥1
2 шілде – Қазақстанның дипломатиялық қызметі күні
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күні – еліміздің халықаралық беделін нығайтуға, ұлттық мүддені қорғауға және мемлекетіміздің сыртқы саясатын тиімді жүзеге асыруға үлес қосып жүрген дипломатиялық қызмет өкілдерінің кәсіби мерекесі.
Осы айтулы мерекеге орай дипломатиялық қызмет саласының ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізге табыс, мықты денсаулық, бақ-береке және толағай жетістіктер тілейміз.

turkystan.kz: Қытайда ұлты қазақ дәрігер жоғары марапатқа ие болды
Қытай астанасы Бейжіңдегі Халық жиналысы сарайында Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды turkystan.kz «24KZ» CCTV-ға сілтеме жасап.
Іс-шара барысында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы, ҚХР төрағасы әрі Орталық әскери кеңестің төрағасы Си Цзиньпин мемлекет пен қоғамның дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар тұлғаға Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапаты — «1 шілде» орденін табыстады.
Биыл аталған жоғары марапатқа сегіз адам ие болды. Олардың қатарында қазақ ұлтының өкілі, дәрігер Ухас Сүлеймен де бар.
Қытайдың ресми бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ухас Сүлеймен шекаралық өңір тұрғындарының денсаулығын қорғауға өмірін арнаған дәрігер. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы ат үстінде жүріп, дәрі қобдишасын серік етіп, аптап ыстық пен қақаған аязға қарамастан жайлау мен киіз үйлерді аралап, жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетіп келеді.
Ухас Сүлеймен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Тарбағатай аймағына қарасты Шәуешек өңірінің Дөрбілжін ауданы мал шаруашылығы ауруханасында ішкі аурулар бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарған. Ол 1975 жылдан бері 100 мыңнан астам науқасты емдеп, бірнеше мың ауыр халдегі пациенттің өмірін сақтап қалуға атсалысқан. Сонымен қатар 3200-ден астам нәрестенің дүниеге келуіне көмектескен. Ауылдық денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ол бұған дейін «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің үздік қызметкері», «Қытайдың 1 мамыр еңбек медалі», «Ұлттар бірлігі мен прогресінің үздік қайраткері» сияқты бірқатар мемлекеттік марапатқа ие болған.
Ресми сипаттамада оның еңбегі «шекаралық өңір халқының денсаулығын қорғаған ақ халатты абзал жанның дәрігерлік ізгілігі мен партияның бастапқы миссиясына адалдығының жарқын үлгісі» ретінде бағаланған.
«1 шілде» ордені — Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары партиялық марапаты. Ол Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің шешімімен тағайындалып, марапатты ҚКП Орталық комитетінің бас хатшысы табыстайды.
Орден 2017 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген және әдетте, бес жылда бір рет Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан партия мүшелеріне беріледі. Марапат тағайындалғаннан бері оған барлығы 37 адам ие болды.
Ухас Сүлеймен — осы жоғары марапатқа ие болған алғашқы қазақ ұлтының өкілі.
Дереккөз: turkystan.kz

Turkystan.kz
Қытайда ұлты қазақ дәрігер жоғары марапатқа ие болды
Бүгін Қытай астанасы Бейжіңдегі Халық жиналысы сарайында Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды turkystan.kz «24KZ»...
❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайдың ең жоғарғы марапатына ие болған қазақ дәрігері
Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қазақ дәрігері Ухас Сүлейменді ең жоғарғы марапат «1 шілде» орденімен марапаттау сәтінен.
Ухас Сүлеймен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Тарбағатай аймағына қарасты Шәуешек өңірінің Дөрбілжін ауданы мал шаруашылығы ауруханасында ішкі аурулар бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарған. Ол 1975 жылдан бері 100 мыңнан астам науқасты емдеп, бірнеше мың ауыр халдегі пациенттің өмірін сақтап қалуға атсалысқан. Сонымен қатар 3200-ден астам нәрестенің дүниеге келуіне көмектескен.

❤5
Дала тойы – Орынбордағы достық пен дәстүр мерекесі
Бір ғасыр бұрын қазақ мәдениеті мен руханиятының ордасына айналған Орынбор өңірінде ұлттық өнер мен мәдени мұраны насихаттау ісі бүгінде де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Орынбор өңірінде көптеген игі бастаманың ұйытқысы болып жүрген Жаңабай Айтқалиұлын жұртшылық ерекше құрметтейді. Кәсіпкерлікпен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қайырымдылық ісіне тұрақты қолдау көрсетіп жүрген ол өз қаражаты есебінен талай игі іске мұрындық болған. Әлия Молдағұлова атындағы мешіт құрылысына қолдау көрсетуден бастап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға дейінгі игі жобаларға ұдайы демеушілік танытып жүрген Жаңабай аға елге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

❤1👍1