turkystan.kz: Қытайда ұлты қазақ дәрігер жоғары марапатқа ие болды
Қытай астанасы Бейжіңдегі Халық жиналысы сарайында Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды turkystan.kz «24KZ» CCTV-ға сілтеме жасап.
Іс-шара барысында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы, ҚХР төрағасы әрі Орталық әскери кеңестің төрағасы Си Цзиньпин мемлекет пен қоғамның дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар тұлғаға Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапаты — «1 шілде» орденін табыстады.
Биыл аталған жоғары марапатқа сегіз адам ие болды. Олардың қатарында қазақ ұлтының өкілі, дәрігер Ухас Сүлеймен де бар.
Қытайдың ресми бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ухас Сүлеймен шекаралық өңір тұрғындарының денсаулығын қорғауға өмірін арнаған дәрігер. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы ат үстінде жүріп, дәрі қобдишасын серік етіп, аптап ыстық пен қақаған аязға қарамастан жайлау мен киіз үйлерді аралап, жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетіп келеді.
Ухас Сүлеймен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Тарбағатай аймағына қарасты Шәуешек өңірінің Дөрбілжін ауданы мал шаруашылығы ауруханасында ішкі аурулар бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарған. Ол 1975 жылдан бері 100 мыңнан астам науқасты емдеп, бірнеше мың ауыр халдегі пациенттің өмірін сақтап қалуға атсалысқан. Сонымен қатар 3200-ден астам нәрестенің дүниеге келуіне көмектескен. Ауылдық денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ол бұған дейін «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің үздік қызметкері», «Қытайдың 1 мамыр еңбек медалі», «Ұлттар бірлігі мен прогресінің үздік қайраткері» сияқты бірқатар мемлекеттік марапатқа ие болған.
Ресми сипаттамада оның еңбегі «шекаралық өңір халқының денсаулығын қорғаған ақ халатты абзал жанның дәрігерлік ізгілігі мен партияның бастапқы миссиясына адалдығының жарқын үлгісі» ретінде бағаланған.
«1 шілде» ордені — Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары партиялық марапаты. Ол Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің шешімімен тағайындалып, марапатты ҚКП Орталық комитетінің бас хатшысы табыстайды.
Орден 2017 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген және әдетте, бес жылда бір рет Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан партия мүшелеріне беріледі. Марапат тағайындалғаннан бері оған барлығы 37 адам ие болды.
Ухас Сүлеймен — осы жоғары марапатқа ие болған алғашқы қазақ ұлтының өкілі.
Дереккөз: turkystan.kz
@otandastar

Turkystan.kz
Қытайда ұлты қазақ дәрігер жоғары марапатқа ие болды
Бүгін Қытай астанасы Бейжіңдегі Халық жиналысы сарайында Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды turkystan.kz «24KZ»...
❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайдың ең жоғарғы марапатына ие болған қазақ дәрігері
Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қазақ дәрігері Ухас Сүлейменді ең жоғарғы марапат «1 шілде» орденімен марапаттау сәтінен.
Ухас Сүлеймен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Тарбағатай аймағына қарасты Шәуешек өңірінің Дөрбілжін ауданы мал шаруашылығы ауруханасында ішкі аурулар бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарған. Ол 1975 жылдан бері 100 мыңнан астам науқасты емдеп, бірнеше мың ауыр халдегі пациенттің өмірін сақтап қалуға атсалысқан. Сонымен қатар 3200-ден астам нәрестенің дүниеге келуіне көмектескен.

❤5
Дала тойы – Орынбордағы достық пен дәстүр мерекесі
Бір ғасыр бұрын қазақ мәдениеті мен руханиятының ордасына айналған Орынбор өңірінде ұлттық өнер мен мәдени мұраны насихаттау ісі бүгінде де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Орынбор өңірінде көптеген игі бастаманың ұйытқысы болып жүрген Жаңабай Айтқалиұлын жұртшылық ерекше құрметтейді. Кәсіпкерлікпен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қайырымдылық ісіне тұрақты қолдау көрсетіп жүрген ол өз қаражаты есебінен талай игі іске мұрындық болған. Әлия Молдағұлова атындағы мешіт құрылысына қолдау көрсетуден бастап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға дейінгі игі жобаларға ұдайы демеушілік танытып жүрген Жаңабай аға елге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

❤1👍1
Жасанды интеллект және қазақ ғылымы: АҚШ-тағы тұңғыш қазақ профессорымен сұхбат
Жасанды интеллект бүгінде әлемдегі ең ықпалды технологиялық бағыттардың біріне айналды. ЖИ саласындағы жарысқа ірі мемлекеттер мен технологиялық алпауыттар ғана емес, университеттер мен ғылыми орталықтар да белсенді араласып жатыр. Ал осы қарқынды өзгерістер кезеңінде халықаралық ғылыми ортада қазақ жастарының да есімі естіле бастады. Солардың бірі – Purdue University университеті жасанды интеллект факультетінің профессоры, Nace.AI компаниясының Chief Scientist маманы Әбілқайыр Сапаров.

👍1👏1
Корейлерге домбыра үйретіп жүрген дипломат
Шілденің алғашқы жексенбісінде елімізде Домбыра күні тойланады. Осы мереке қарсаңында әлеуметтік желілерде домбыраның құлағында ойнайтындар арасында түрлі челлендж бен сайыстар басталып кетті. Біз бұған дейін домбыра тартуды үйреніп жүрген Нью-Йорк қаласы мен Чили, Аустралия елінде тұратын шетелдіктер туралы сұхбаттар легін шығарған едік. Бұл айтулы мерекеге орай енді біз шетелдіктерге ұлттық аспапты шертуді үйретіп жүрген ерекше маман туралы жазғанды жөн көрдік. Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі, Хангук шет тілдері университетінің профессоры Дулат Бақышев корейлерге тек халықаралық қатынастың қыр-сырын үйретіп қоймай, домбырадан сабақ береді.
Толығырақ: turkystan.kz

❤3
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Бұл мереке 2018 жылы ұлттық мәдениетті, күй өнерін және халқымыздың баға жетпес мұрасын дәріптеу мақсатында белгіленді.
Домбыра – қазақ халқының рухани дүниесі мен ұлттық болмысының ажырамас бөлігі. Қос ішектен төгілген әрбір күйде елдің тарихы, ерлігі, даналығы мен ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.
Ұлттық домбыра күні еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер, күй кештері, флешмобтар, көрмелер, шеберлік сағаттары мен түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл күн ұлттық өнерді ұлықтап, жас ұрпақтың домбыраға деген қызығушылығын арттыруға және халқымыздың мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған.
Домбыраның қоңыр үні әрдайым халқымыздың бірлігі мен рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтарымыздың мәңгілік символы болып қала берсін.
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

❤2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝🏻🇵🇹 Отандастар қорының «Домбыра DNA-да» челленджін Португалия азаматы Хосе Рибейро қолдайды
#DombraDNA, #DombraVibe, #SpiritOfDombra, #DombraRoots, #PlayDombra, #DombraBeat
@otandastar
#DombraDNA, #DombraVibe, #SpiritOfDombra, #DombraRoots, #PlayDombra, #DombraBeat
@otandastar
❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝🇨🇱 Отандастар қорының «Домбыра DNA-да» челленджін Чили азаматы Андреа Луэнго қолдайды
#DombraDNA, #DombraVibe, #SpiritOfDombra, #DombraRoots, #PlayDombra, #DombraBeat
@otandastar
#DombraDNA, #DombraVibe, #SpiritOfDombra, #DombraRoots, #PlayDombra, #DombraBeat
@otandastar
❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝🇹🇷 Отандастар қорының «Домбыра DNA-да» челленджін Түркия азаматы Семиһ Ипек қолдайды

❤2