Бесқала тумасы Ғабит Мүсірептің қос кітабы жарық көрді
Елорда төріндегі Ұлттық академиялық кітапханада қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – Egemen Qazaqstan газетінің бас редакторы, қарымды қаламгер әрі белгілі публицист Ғабит Мүсірептің «Соңғы мүмкіндік» және «Болмысы бөлек Бесқала» атты қос бірдей кітабы оқырманға жол тартты. Сөз өнерін қадірлеген зиялы қауым мен қаламдас бауырлары жиналған бұл салтанатты іс-шара жай ғана кітаптың таныстырылымы емес, ұлттық журналистика мен көсемсөздің ірі бір белесін қорытындылаған шығармашылық есеп беру кешіне айналды.
«Соңғы мүмкіндік» деп аталатын кітапта автор жеке бастың емес, тұтас бір халықтың, мемлекет пен ұлттың кешегі тарих тағылымы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін безбенге салады. Кітап атауының өзінде үлкен жауапкершілік, айтпаса болмайтын ащы шындық пен терең философиялық мән жатыр. Автор ондағы әр туындыда талай қиындықты бастан кешіріп, «мың өліп, мың тірілген» халықтың енді тағы да қателікке жол бермеу керектігін айрықша атап көрсетеді. Бас редактордың бұл шығармасы оқырманға ең қымбат қазына мен бақыт Тәуелсіздік екенін сезіндіреді.
«Екі кітап та кейінгі жылдары жазған жинағым. Бірінде ұлттық мүдде, мемлекетшілдік мәселелері, еліміздің Тәуелсіздігі хақында болатын болса, екінші туынды менің туған жерім Бесқала жайында жазылған. Менің шығармаларым қазақ жұртына жетіп жатса, онда еңбектің ақталғаны. Бүгінгі іс-шараға жиылған қауымға мың алғыс! Бір-бірімізді қолдап, рухани дүниемізбен бөліскен кезде ғана адамның жазғаны бағалана түседі деп ойлаймын», – деді автор ағынан жарылып.
Перзенттік махаббат пен сағыныштан туған екінші туынды – «Болмысы бөлек Бесқала» кітабы. Бұл – қаламгердің өз туған өлкесіне, сол аймақтың тарихы мен бүгініне арнаған рухани тағзымы.
Кітаптың арқауы – осы құтты өңірден шыққан, есімі елге танымал болған көрнекті тұлғалардың ғибратты ғұмыры. Ғабит Мүсіреп өзіне тән көркем, бейнелі әрі әсерлі тілмен сол азаматтардың өнер мен өмір жолындағы қол жеткізген табыстарын, қиындығы мен қуанышын шебер суреттеген. Кейіпкерлерінің ішкі әлеміне үңіле отырып, олардың адами әрі шығармашылық болмысын жан-жақты ашып көрсетеді.
Дереккөз: turkystan.kz
@otandastar

Turkystan.kz
Ғабит Мүсірептің қос кітабы жарық көрді
Елорда төріндегі Ұлттық академиялық кітапханада қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – Egemen Qazaqstan газетінің бас редакторы, қарымды қаламгер әрі белгілі публицист Ғабит Мүсірептің...
🔥3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алғашқы әсер кейде бүкіл көзқарасыңды өзгертіп жібереді…
Егер сіз Қазақстанда оқыған, жұмыс істеген, саяхаттаған немесе өмір сүрген болсаңыз, өз оқиғаңызды бөлісіңіз! 🇰🇿
🎥 «Бір Қазақстан – мың оқиға» халықаралық жобасына қатысып, Қазақстанға қатысты ерекше естелігіңізді қысқа бейнеролик арқылы баяндаңыз.
🗓️ Өтінім қабылдау: 25 шілде – 15 қараша

Шыңжаңдық Айдос Қадылұлы Азия ойындарында Қытай құрамасы сапында күреседі
2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын Қытай құрамасының күрес түрлері бойынша спортшылар тізімі жарияланды. Тізімге сәйкес, Шыңжаңнан шыққан 24 жастағы Айдос Қадылұлы еркін күрестен 86 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Орталық халық радиосы ақпараттық порталы.
Аталған басылымның келітірген деректеріне сүйенсек, бұған дейін Шыңжаңдық таэквондошы Ма Жиңюе де 2026 жылғы Азия ойындарына қатысу құқығына ие болған болатын. Ол Қытай құрамасы сапында жарысқа қатысады.
Осылайша, Шыңжаңнан шыққан екі спортшының бірі – Айдос Қадылұлы атты қандасымыз 2026 жылғы Азия ойындарында Қытай құрамасы атынан сынға түседі.
Дереккөз: "ҚазАқпарат" ХАА

❤1
Бір жылға жуық уақытқа созылған халықаралық сараптамалар мен дайындық жұмыстары өз нәтижесін берді. Маңғыстау өңіріндегі Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Тарихи шешім 25 шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-сессиясында қабылданды. Осылайша Қазақстанның ғасырлар бойы сақталып келген бірегей рухани және сәулет мұрасы адамзаттың ортақ мәдени қазынасы ретінде халықаралық деңгейде мойындалды.
2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңестің (ICOMOS) техникалық бағалау сарапшысы, профессор Фиген Кывылджым Чоракбаш арнайы келіп, Маңғыстаудың жерасты мешіттерін жан-жақты зерттеді. Сарапшыны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қабылдап, тараптар ЮНЕСКО-ға ұсынылған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері» номинациясының қаралу барысын талқылады.
Кездесу барысында министр Аида Балаева жерасты мешіттерін Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мәселесі Мемлекет басшысының жеке бақылауында екенін атап өтті. Сондай-ақ профессор Чоракбаштың сараптамалық қорытындысы Қазақстанның бірегей мәдени мұрасын адамзаттың ортақ қазынасы ретінде мойындатуға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.
Одан кейін 17-24 қыркүйек аралығында ИКОМОС-тың сараптамалық миссиясы Маңғыстау өңірінде кешенді жұмыс жүргізді. Сараптама барысында жерасты мешіттерінің буферлік аймақтары мен шекараларын белгілеу, тарихи нысандарды консервациялау және қорғау, тұрақты басқару жүйесін қалыптастыру, туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері қарастырылды. Бұл жұмысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар археология және реставрация саласының қазақстандық мамандары қатысты.
Сол кезде Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин ИКОМОС миссиясының қорытындысы бойынша «Маңғыстау түбегіндегі жерасты мешіттері» номинациясына техникалық бағалау дайындалатынын, ал түпкілікті шешім ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитетінің 2026 жылғы шілдедегі отырысында қабылданатынын мәлімдеген болатын. Сонымен бірге ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар орталығында ТМД кеңістігіндегі алғашқы бірлескен «Үстірт жазығы» номинациясын қарау үдерісі де басталғанын хабарлаған еді.
Бір жылға жуық уақытқа созылған осы жұмыстар өз нәтижесін берді. 2026 жылғы 25 шілдеде Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-сессиясында Қазақстан ұсынған номинация мақұлданып, Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі жерасты мешіттері Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.

❤1👏1
Ресейдің Түмен облысында қазақтардың құрылтайы өтті. Онда шетте жүрген қандастар өткенге есеп беріп, болашаққа жоспарларымен бөлісті. Ұлттық ансамбльдер өнер көрсетіп, көптің ықыласына бөленді. Іс-шараға барлығы жеті мыңнан астам адам қатысты.
Қазақтардың құрылтайы Түмен облысында 1997 жылдан бері ұйымдастырылып тұрады. Жыл сайын ауқымы да кеңеюде. Алғашында тек Түмендегі қандастар жиналса, қазір Ресейдің Омбы, Челябі, Қорған облыстарынан келген қазақтар да қатысты.
Есенғали Ыбыраев, Ресей қазақтарының федералды ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы:
Отыз жылға жуық уақытта Құрылтай Ресейдегі қазақтар үшін маңызды алаңға айналды. Бұл жерде ұлттық дәстүр ұлықталып, отбасылық құндылықтар насихатталады. Құрылтайға жастар, өзге ұлт өкілдері де қызығушылық танытуда.
Осы жолғы шараға жеті мыңнан астам адам жиналған. Олар аспанды әсем әнмен әуелеп, мың бұрала биледі. Қазақ ұлттық ансамблдері өз өнерлерін көрсетті. Өңірде қазақ мәдени орталықтары жұмысын жандандыруда.
Нұржаусын Оспанова, облыс тұрғыны:
Құрылтай ең алдымен қазақтардың өзге ұлт өкілдеріне мәдениетін, дәстүрін паш ететін мереке. Осымен төртінші рет қатысып жатырмын. Біздің қазақ халқы өте қонақжай, мейірімді. Сондықтан бүгінгі мерекеге барымды салып, ақ дастарханымды жайдым.
Құрылтай аясында Түменде 20-дан астам киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылды. Ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар көптің қызығушылығына ие болды. Ат жарысы, күрес, гір көтеру сияқты спорттық ойындарда кіл мықтылар анықталды.

❤3
Қазақстан цифрлық көшпенділер үшін тартымды елге айналып келеді
Neo Nomad визасы арқылы шетел азаматтары Қазақстанда бір жылға дейін тұра алады. Осы уақыт ішінде ел аумағына бірнеше рет кіріп-шығу мүмкіндігі бар. Бұл виза иелері Қазақстанда жүргенімен, шетелдік компаниялармен жұмысын жалғастыра береді немесе басқа елдердегі тапсырыс берушілерге қызмет көрсете алады.
Дереккөз: inbusiness.kz

❤2👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 «Бір Қазақстан – мың оқиға» халықаралық жобасының алғашқы бейнежазбасы Түркияның Ыстанбұл қаласынан келді!
Жобаның алғашқы қатысушысы – Дилара Айдын Башөрен, Ыстанбұл университеті Түркітану зерттеулері институтының ғылыми қызметкері.
Дилара ханым бұл жоба туралы Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы біліп, өз оқиғасымен бөлісуге ниет білдірген.
Өз бейнежазбасында ол 2018 жылы жазғы мектеп бағдарламасы аясында Қазақстанға алғаш келгенін, содан бері еліміздің өзіне ерекше жақын болып, екінші Отанындай сезілетінін баяндайды. Әсіресе Алматы қаласына деген ыстық ықыласын жеткізіп, қазақ музыкасын қолданбалы фольклортану бағыты бойынша зерттеп, ғылыми мақала жариялағаны туралы әңгімелейді.
📹 Бейнежазбаны тамашалап, пікірлеріңізбен бөлісіңіздер!

❤2
Қазақстанда оқуға 550 шетел азаматына білім беру гранты тағайындалды
2026-2027 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шетел азаматтарына, оның ішінде қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеу аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 550 стипендия иегерінен тұратын негізгі тізім бекітілді.
https://bolashak.gov.kz/kz/allnews/azastanda-ou-550-shetel-azamatyna-bilim-beru-granty-taajyndaldy

❤4