«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Моңғолияның Баян-Өлгийінен атажұртқа білім іздеп келген Тілекберген Алтынай — Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі, 2025 жылдың «Үздік қандас студенті».

Бес жыл бұрын Қазақстанға үлкен үмітпен қадам басқан Алтынай бүгін қолына дипломын ұстап, студенттік өмірінің бір белесін қорытындылады.

Ол осы жылдардағы әсері, «Атамекен» ұйымындағы көшбасшылық жолы және атажұртқа білім іздеп келетін қандас жастарға берер кеңесімен бөлісті.

@otandastar
❤1
2026–2027 оқу жылына дайындық бөліміне құжат қабылдау басталды.

📌 Құжаттарды қабылдау: 5 тамыз – 5 қыркүйек
💬 Сұхбаттасу: 10–15 қыркүйек

Қазақстанда білім алуға ниетті шетелдегі этникалық қазақтарды дайындық бөліміне шақырамыз!

Толық ақпаратпен танысып, ЖОО тізімін қарау үшін жылжытыңыз 👉

@otandastar
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қандастан алғыс

Ангомма Садыққызы 2020 жылы Ауғанстанның Мазаршариф қаласынан Қазақстанға қоныс аударған. Бүгінде Шымкент қаласында тұрады, медицина саласының маманы.

Туысқандарына әлеуметтік көмек алу мәселесімен «Отандастар қорының» Фронт-офис сарапшысы Рысбеков Бегалыға хабарласқан.

Қандасымыз қолдау көрсеткені үшін Отандастар қорына алғыс білдіреді.

@otandastar
❤3
Құрылтай сайлауы: 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды

Құрылтай депутаттарын сайлауға шетелде жүрген азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскелері құрылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны – 11 402 адам.

Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады (Астана уақытымен сағ. 03:00-де).

@otandastar
❤1