«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
“OQ Startup - 2025” байқауына Өзбекстан Республикасынан “City Cold Control” жобасымен қатысып жеңімпаз болған Нұрлан Құрышбеков пікірімен бөлісті

@otandastar
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"OQ Startup - 2025" байқауына Моңғолиядан "UIdemed" жобасымен қатысып жеңімпаз болған Бексұлтан Алмабек пікірімен бөлісті

@otandastar
❤2
ТАШКЕНТТЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ БЮСТІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

2026 жылғы 15 октябрьде Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, Бектемір ауданындағы “Абай” махалласында Мұхтар Әуезов көшесінде қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер тұлға, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының бюстінің және жаңартылған махалла кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

Аталған рухани-мәдени шара бауырлас өзбек және қазақ халықтары арасындағы тарихи достықты, туыстық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды тарихи оқиға болды.

Абай Құнанбайұлы ескерткішінің Ташкент қаласында бой көтеруі – ұлы ақынның шығармашылық мұрасын ұлықтаумен қатар, бауырлас елдер арасындағы мәңгілік достық пен мәдени біртұтастықтың өміршең үлгісі іспетті. Бұл бастама қазақ халқының рухани мұрасын Өзбекстан жұртшылыққа кеңінен танытуға және Абайдың адамзаттық құндылықтарын дәріптеуге үлкен үлес қосты.

Шараның ашылу салтанатына Ташкент қаласы, Бектемір ауданының әкімі Нурилла Абдурахманов, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов, Өзбекстан Ұлтаралық қатынастар және шетелдегі отандастар мәселелері бойынша комитет төрағасының орынбасары Бекзод Шукуров, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Тұран ҒА академигі, Өзбекстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Қалдыбек Сейданов, Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, Өзбекстан махаллалары қауымдастығының төрағасы Ғофуржон Мирзаев, “Нұрлы жол” газетінің бас редакторы Ғұламзәкір Юсупов, “Халқ сузи” “Народное слова” газетінің жауапты хатшысы Нұрлан Усманов, Өзбекстандағы Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Тұрсынәлі Ахметов, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстанның зиялы қауым өкілдері, әдебиет және мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, қазақ ұлттық мәдени орталығының белсенділері қатысты.

— Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы төрінде осынау ескерткіштің бой көтеруі – Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын үйрену мен кеңінен насихаттау, оның адамгершілік, білім, ғылым және руханият туралы тағылымды ойларын кейінгі ұрпаққа жеткізу жолындағы ізгі бастамалардың бірі. Бұл шара екі туыстас, бауырлас мемлекет арасындағы тамыры тереңге жайылған мәңгілік достықтың, мәдени жақындықтың және өзара жоғары құрметтің белгісі ретінде қызмет етеді, — дейді Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов.
Мерекелік шарадағы жиынның ортасына қазақтың аппақ киіз үйі тігіліп, әсем аула дүбірлі думанға айналғандай безендірілген. Келуші қонақтарды Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының белсенділері, әдебиеттанушы, профессор-ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, ұлттық киім киген қазақтың сұлу қыздары құрмет-қошеметпен, ерекше ыстық ықыласпен қарсы алды.

— Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың қаулысымен Өзбекстанда Абай Құнанбаевтың шығармашалық мұрасын терең үйрену мен оны кеңінен насихаттауға мемлекеттік дәрежеде жоғары көңіл бөлінеді. Жыл сайын кемеңгер тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шаралар республика деңгейінде өткізіледі. Өз кезегінде Абайдың шығармашылық мұрасының әлемге кеңінен танылуында Мұхтар Әуезовтың қызметі теңдессіз екенін айтып өткен орынды. Абай Құнанбайұлының бюсті бауырлас елдердің тарихи жақындығын бейнелейтін рәміз, ал Абай мұрасы осы байланысты нығайтатын рухани көпір болып қала бермек, — дейді “Халқ сузи” “Народное слова” газетінің жауапты хатшысы Нұрлан Усманов.

Салтанатты шарада Өзбекстан және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалды. Содан соң Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ұлы ақынның рухына тағзым етіліп, бюст тұғырына гүл шоқтары қойылды. Іс-шара барысында екі халықтың өзіндік ұлттық құндылығын, мәдениетін, салт-дәстүрін және өнерін дәріптейтін ән-күйлер мен көркемөнер бағдарламасы орындалып, қатысушыларға ерекше қуаныш, шаттық сыйлады.

Мерекелік іс-шарада сөз сөйлегендер Абай Құнанбайұлының бай рухани мұрасына, оның адамгершілікті, ағартушылықты, ізгілікті және халықтар достығын насихаттайтын туындыларына ерекше тоқталды.
❤2👍1
Ұлы ойшылдың шығармашылығы мен өмірлік көзқарастары, қара сөздері бүгінгі күнде де адамзатты ынтымақ-бірлікке, өнер-білімге, өзара құрметке шақырып келе жатқаны айтылды. Сонымен қатар мұндай келелі бастамалар Өзбекстан мен Қазақстан халықтары арасындағы шынайы достық байланыстарын одан әрі нығайтуға қызмет ететіні тілге тиек етілді.

— Мерейлі мереке, Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылуы екі бауырлас халықтардың ортақ құндылықтарының, шынайы достығының, татулығының іс жүзіндік көрінісі, әрине. Осындай мүмкіндіктерді жаратып берген, сенім және өзара қолдау білдірген екі мемлекеттің басшыларына айтар алғысымыз шексіз. Жаңартылған махалла кеңсесінің пайдалануға берілуі аумақта махалла жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам болды, — дейді Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов.

— Бүгін – Ташкент үшін, бүкіл түркі әлемі үшін тарихи күн! Ташкент қаласы, Бектемір ауданы, Абай ауылында – ұлы Абай атамыздың бюстінің салтанатты түрде ашылуы халқымызға шексіз қуаныш сыйлады. Бұл – жай ғана ескерткіштің ашылуы емес. Бұл – екі бауырлас ел, Өзбекстан мен Қазақстан достығының мәңгілік белгісі. Абай – қазақтың ғана емес, күллі түркінің, күллі адамзаттың ақыны. Оның бюстінің Өзбекстандағы махаллада ашылуы – Абай арманының орындалуы, екі елдің татулығы мен бірлігінің айқын дәлелі. Абай ауылындағы бұл бюст – келер ұрпаққа өнеге, достыққа көпір болып, мәңгі жайнап тұра бермек! — дейді Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Анар Нәлібаева.

Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мен оның өзбек-қазақ рухани байланыстарындағы иелеген орны жайлы терең сөз қозғалып, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылды, әдеби-көркемдік мазмұндағы концерттік бағдарлама ұсынылды.

Арухан АҚПАНБЕТОВА,
“Нұрлы жолдың” тілшісі.

@otandastar
❤1