Мәскеуде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Мәскеуде ҚР Елшілігінде «Шоқан Уәлиханов: Қазақстан мен Ресейдің ортақ мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге офлайн және онлайн форматта екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, парламент мүшелері, дипломаттары, ғалымдары қатысты.
Дөңгелек үстелді аша отырып, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ш.Уәлихановтың өмір жолы қысқа болғанымен, ол өзінің артынан көпшіліктің бірнеше өмірі жетпейтіндей мұра қалдырғанын атап өтті. «Қазақстанның Ресейдегі Елшісі ретінде мен оның Қазақстан-Ресей достығы контекстіндегі маңыздылығын атап өткім келеді. Қазақ хандарының тікелей ұрпағы болған Уәлиханов кейіннен тамаша ресейлік дипломат және офицер, ғалым және ойшыл, Орыс императорлық географиялық қоғамының белсенді мүшесі болды. Оның есімі екі халықтың, олардың өткені мен болашағының арасындағы рухани көпірдің символына айналды», - деп атап өтті Д.Абаев.
Толығырақ: oq.gov.kz
@otandastar

🔥3
⚜️ Ортақұдықтағы тоғызқұмалақ: ауыл жастарының сүйікті ойынына айналған ұлттық мұра ⚜️
🇰🇿🤝🇺🇿Қазіргі таңда жастардың ойлау қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – басты міндеттердің бірі. Сол жолда Өзбекстан Республикасы, Тамды ауданы, Ортақұдық ауылында жас ұстаз Наурызбек Баратов ерекше еңбек етіп жүр.
👏🏻Ол 2015 жылдан бері №14 мектепте ұстаздық етіп, спорт пен ұлттық ойындарды қатар дамытып келеді. 2023 жылдан бастап мектеп директорының орынбасары қызметін атқарып, оқушылардың білімнен бөлек тәрбие мен спортқа бейімделуіне жағдай жасап жүр. Наурызбек мырза ауыл мектебінде арнайы «Тоғызқұмалақ» үйірмесін ашып, барша оқушыны тартты. Бұл үйірмеде балалар логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, сабырлыққа, әділдікке, табандылыққа үйренуде. Оның шәкірттері аудандық, облыстық, тіпті республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр.
📌Тоғызқұмалақ – қазақтың «қойшылар алгебрасы» атанған ұлттық ойыны. Бүгінде ол арнайы тақтайшада 162 таспен ойналып, жас ұрпақтың зияткерлік қабілетін жетілдіруге зор үлес қосуда.
«Ұлттық ойын – жас ұрпақтың ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы» – дейді Наурызбек. Ол тоғызқұмалақпен қатар, «Ханталапай», «Ақсерек–Көксерек», «Бестас» секілді ойындарды да шәкірттеріне үйретіп, ауыл балаларына ұлттық рух пен тәрбие беріп жүр.
Иә, Ортақұдық ауылының жас ұстазы ұлттық ойындарды қайта жаңғыртып, оларды ауыл балаларының сүйікті ермегіне айналдырды. Тоғызқұмалақ – жай ғана ойын емес, ол жас ұрпақтың ой-өрісін дамытатын, ұлттық болмысты қалыптастыратын қазына.
Авторы: Гүлдана Нарынбетова
📋Материалдың толық нұсқасын oq.gov.kz сайтынан оқи аласыз.

👍4
⚜️ Өзбекстандағы қазақ мектебінен – үлкен сахнаға дейін⚜️
🇰🇿🤝🇺🇿Өзбекстанның Науаи облысы, Зарафшан қаласындағы №4 қазақ мектебінде 2023-2024 оқу жылында құрылған «Аманат» ұлттық ансамблі ұлттық өнерді дәріптеп, жас буынға ата-баба мұрасын жеткізуді мақсат етеді.
📌Ансамбльдің құрылуы – Президент Шавкат Мирзиёевтің бес маңызды бастамасы аясында дарынды оқушыларды қолдау мен ұлттық өнерді насихаттауға арналған «Дарын мектеп ансамбльдері» жобасымен байланысты.
👏🏻Домбыра мен қобыздың үні арқылы қазақтың төл мәдениетін танытатын өнерлі оқушылар бірнеше деңгейлі байқауларда озық шықты. Әсіресе, республикалық «Жастар әуені» байқауында бақсылық жанры бойынша өнер көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды. Бұл жеңіс – ансамбльдің кәсіби деңгейі мен шығармашылық ізденісінің жемісі.
Жас өнерпаздар сахнада көне түркі бақсыларының дүниетанымын ерекше қойылым арқылы жеткізіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ал ансамбль жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі Тұрсынғали Құсайынов:
«Біз тек өнер көрсеткен жоқпыз, біз халқымыздың тарихын, рухани мұрасын сахнада тірілттік. Балалардың жеңісі – жүректен туған өнердің жемісі», – дейді.
«Аманат» – тек өнер ұжымы емес, ұлттық құндылықтарды жаңа буынға жеткізетін рухани көпір.
Авторы: Гүлдана НАРЫНБЕТОВА, Өзбекстан Республикасы
Материалдың толық нұсқасын oq.gov.kz сайтынан оқи аласыз.

👍7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ және Techno Women қауымдастығының өкілдері Астанада жаңадан ашылған Cardiff University филиалының таныстырылымына қатысты.
🎓 Cardiff University – Ұлыбританиядағы ең беделді оқу орындарының бірі, Russel Group құрамына кіретін үздік 20 университеттің қатарында.
📍 Енді оның алғашқы шетелдік кампусы дәл осы Қазақстанда, Астанада есігін айқара ашты.
👩🎓 Қыркүйектен бастап мұнда 300-ге жуық студент білім алып жатыр, ал болашақта олардың саны арта түсетіні сөзсіз.
Бұл бастама – Қазақстанның білім беру кеңістігі үшін үлкен жетістік. Жаңа филиал әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алуға, халықаралық тәжірибе жинауға және отандық жастардың жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.
Мұндай жобалар – еліміздегі жастардың болашағына жасалған маңызды инвестиция.
@cardiffunikazakhstan
@technowomenkz

👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ «Қандастың жолы» – тарихи Отанына оралып, елдің дамуына үлес қосып жүрген қандастарымыздың өмір жолынан сыр шертетін жоба. Бұл жоба арқылы біз жүрек қалауымен еңбек етіп, руханият пен өнерді дәріптеген ерекше тұлғаларды таныстырамыз. ✨
📌Ал жобамыздың алғашқы кейіпкері – Bastau би студиясының жетекшісі, «Ұлы дала ырғағы» қойылымының режиссері Омар Бекмұрат.
Ол тарихи Отанына оралып, би өнері арқылы ұлттың рухы мен салт-дәстүрін сахнада жаңғыртып келеді. Оның шығармашылығы жас буынға шабыт беріп, ұлттық өнердің мерейін асқақтатуда.
Әр адамның жолы әрқилы. Бірақ туған жеріне келіп, өз орнын тауып, еңбек етіп жүрген жандардың өмірі - айрықша.
📹 Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан тамашалай аласыздар!

❤2
🏆 Тағы да жеңіс!
Хорватияның Загреб қаласында өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақ балуандары ел абыройын асқақтатты.
60 кг салмақта Айдос Сұлтанғали финалда өзбек балуаны Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен ойсырата жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан үшін осы ғасырдағы грек-рим күресінен тұңғыш алтын медаль. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жетістікті «осы ғасырдағы тұңғыш жеңіс» деп атады. 🇰🇿
Ал 63 кг салмақта небәрі 19 жастағы Айтжан Қалмаханов қарсылас шақ келтірмеді. Финалда оңтүстіккореялық Чон Хан Джэні 8:0, 6:0 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанды. Жартылай және ширек финалдағы жекпе-жектерін де айқын жеңіспен аяқтаған жас қазақ балуаны бүгінде Өзбекстан намысын қорғап жүр. 🇺🇿
Бұл – барша қазақ жұрты үшін ортақ қуаныш.
Жауырыны жер иіскемесін жас Қажымұхандар! 💪✨

❤2👍2🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қуанышты жаңалықпен бөлісейік!
ҚР СІМ ұйымдастыратын жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» халықаралық медиа байқауының «Абай мұрасы» номинациясында жеңімпаз анықталды.
Ол – Өзбекстандағы қазақ тілінде жарық көретін жалғыз республикалық басылым – «Нұрлы жол» газетінің Әдебиет, мәдениет және өнер бөлімінің меңгерушісі, талантты журналист Ақпанбетова Арухан Оспанқызы!
Қазылар алқасы (арасында «Egemen Qazaqstan», «Turkistan», «Aiqyn» газеттерінің мамандары және «Отандастар қоры») Арухан Оспанқызы ұсынған материалдардың кәсіби деңгейі мен шығармашылық құндылығын жоғары бағалап, бірауыздан жеңімпаз деп таныды.
Шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы шығармашылық жолына сәттілік тілейміз! Жеңімпазға «Отандастар қоры» бағалы сыйлығын табыстайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының «Абай мұрасы» номинациясы бойынша «Отандастар қоры» ресми серіктес атанған еді.
Толығырақ: Отандастар қоры

❤4👍2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Тарихы ортақ түркі халықтары ⚜️
📌Құрметті отандастар, түркі халықтары ежелден бауырлас, тарихы ортақ, тілдері де өзара өте ұқсас.
📌Осы ұқсастықты көрсету үшін Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия және Мажарстаннан жиналып, бір сөзді әр тілде айтып көрдік. Және өздеріңіз байқағандарыңыздай, ұқсастық өте көп.
🤝 Біз бірге күштіміз!

❤3👏1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
*****
🇰🇿🇺🇸Первые два дня визита Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Нью-Йорк
🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Өзбекстан мен Қазақстан өзара келісімдердің орындалу тетіктерін талқылады – ӨзА
Толығырақ: https://surli.cc/konhzi
Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы $30 млрд асты
Толығырақ: https://surl.li/zkyhhb
Түйе бақтым, түмендеп табыс таптым
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx